Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 18 ақпандағы N 228 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 18 желтоқсан N 228д

      "Өсiмдiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңын iске асыру, сондай-ақ карантиндiк объектiлердiң ошақтарын оқшаулау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 18 ақпандағы N 228 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 19-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      реттiк нөмiрi 1-жолда:
      "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанда:
      "91,2 мың литр гербицидтердi" деген сөздер "170 мың литрге дейiн гербицидтердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "шамамен 25 мың гектарға" деген сөздер "шамамен 32 мың гектарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Iске асырудың мерзiмдерi" деген 6-бағанда "1, 2-тоқсандар" деген сөздер "жыл бойында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 31-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      реттiк нөмiрi 2-жолда:
      "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi іс-шаралар" деген 5-бағанда:
      "тiркелген пестицидтердi" деген сөздерден кейiн ", соның ішінде пестицидтердiң қорын құру үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      "шамамен 3,6 млн. га алаңда" деген сөздер "шамамен 2,8 млн. га алаңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Iске асырудың мерзiмдерi" деген 6-бағанда "1-3 тоқсан" деген сөздер "1-4-тоқсандар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады