Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 23 қаңтар N 84

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк академиялық би театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсім министрлiгiнiң Мәдениет комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды әдiлет органдарында қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172   қаулысымен .

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады