Байланыс формасы

"Қазақстан Pecпубликасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегi комитетінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 24 ақпан N 189

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетінiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" мемлекеттiк мекемелерi (бұдан әрі - Мекемелер) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мекемелер қызметiнің негiзгі мәнi болып мыналар белгiленсiн:
      1) суармалы жерлерде байқаулар, инженерлiк және топырақ-мелиоративтік iздестiру мен зерттеулер жүргiзу;
      2) суармалы жерлердiң мелиоративтік жай-күйiн бағалау және оларды жақсарту мен ұтымды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзiрлеу.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекемелер жарғыларының бекiтілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 722  қаулысы 5-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 26, 246-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады