Атырау облысының 2003 жылға арналған жергілікті инвестициялық жобалары және жергілікті атқарушы органының қарыз алуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 наурыздағы N 238 қаулысы

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1219 қаулысымен бекітілген "Инвестициялық жобаларды қарау ережесіне" сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Жергілікті атқарушы органның қарызға алуы нәтижесінде тартылатын қаражаты есебінен қаржыландырылатын Атырау облысының 2003 жылға арналған мынадай жергілікті инвестициялық жобаларына (бұдан әрі - Жергілікті инвестициялық жобалар) келісім берілсін:
      1) қаржыландыру көлемі 974 700 000 (тоғыз жүз жетпіс төрт миллион жеті жүз мың) теңге елді мекендерді газдандыру;
      2) білім беру объектілерінің құрылысы - 738 000 000 (жеті жүз отыз сегіз миллион) теңге;
      3) денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы - 586 000 000 (бес жүз сексен алты миллион) теңге;
      4) Атырау қаласындағы және Атырау облысындағы су құбырлары мен кәріз желілерін күрделі жөндеу - 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге;
      5) Атырау және Құлсары қалаларындағы автомобиль жолдарын күрделі жөндеу - 801 300 000 (сегіз жүз бір миллион үш жүз мың) теңге.

      2. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес белгіленген жергілікті атқарушы органның борыш лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен Жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыруға 3 400 000 000 (үш миллиард төрт жүз миллион) теңге көлемінде қарыздар тарту туралы Атырау облысы әкімінің ұсынысы қабылдансын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады