Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігі анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 262 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 № 868 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігі анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2003 жылғы 18 наурыздағы     
N 262 қаулысымен         
бекiтiлген            

Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс
болған), мүгедектігі анықталған немесе ол жарақат алған
жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесі

      Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған) мүгедектiгi анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 14-бабына сәйкес әзiрлендi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әскери қызметшiге әскери мiндеттiге немесе оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақыны (бұдан әрі - өтемақы) төлеу мынадай жағдайларда жүргiзiледi:
      1) әскери қызметшi немесе әскери мiндеттi қызмет (жиын) кезеңiнде не қызметiн (жиынды) өткеру кезеңiнде алған жарақат (контузия), сырқат салдарынан қызметтен босатылғаннан (жиын аяқталғаннан) кейiн қаза тапқанда (қайтыс болғанда);
      2) әскери қызметшiнің (әскери мiндеттiнiң) ол әскери қызметiн (жиын) өткерiп жүрген кезеңде немесе әскери қызметтен босатылған (жиын аяқталған) күннен бастап бiр жыл өткенге дейін әскери қызметтi (жиынды) өткерумен байланысты контузияның, жарақаттың, сырқаттың нәтижесiнде болған мүгедектiгi анықталғанда;
      3) әскери қызметшi, жиындарға шақырылған әскери мiндеттi әскери қызметте (әскери жиындарда) мiндеттерiн орындау кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр жарақат (жаралану, жарақат, контузия) не жеңiл жарақат алғанда.

      2. Егер қайтыс болу себебi өз-өзіне қол жұмсауға жеткiзген жағдайды қоспағанда, өз-өзiне қол жұмсау болғаны заңнамада белгіленген тәртіппен дәлелденген болса, сондай-ақ егер қаза табу (қайтыс болу), жаралану, жарақат, зақым алу адамның заңға қайшы әрекет жасауы кезiнде немесе алкогольден, есiрткіден, уытқұмарлықтан мас болу себебiнен немесе өзiне қандай да бір зақым келтiру салдарынан немесе өтемақы алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өзiнiң денсаулығына өзге де зақым келтiрсе, тиiстi құжаттар ресiмделмейдi және өтемақы төленбейдi.

2-тарау. Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi
құжаттар тiзбесi

      3. Әскери қызметшi немесе әскери мiндеттi қызмет (жиын) кезеңiнде не қызметтi (жиынды) өткеру кезеңiнде алған жарақат (контузия), сырқат салдарынан қызметтен (жиыннан) босатылғаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдардың тұрғылықты жерi бойынша қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер) мынадай құжаттарды ұсыну қажеттiгi туралы соңғыларын жазбаша түрде хабардар етедi:
      1) өтемақы алуға өтiнiш (1-қосымша);
      2) қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң нотариалдық тәртiппен расталған көшiрмесi;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен берiлген мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;
      4) өтемақы алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

      4. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер):
      1) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери қызмет өткеру кезеңiн көрсете отырып, өтемақы алуға құқық беретiн оқиға сәтiндегi ақшалай үлестiң мөлшерi туралы анықтаманы (2-қосымша), сондай-ақ әскери қызметшiнi бөлiмше тiзімiнен шығару туралы әскери бөлiм командирiнiң бұйрығынан үзіндіні; <*>
      2) әскери қызметшiнiң (әскери мiндеттiнiң) қаза табуының (қайтыс болуының) себептерi мен жағдаяттарын тергеу материалдарын;
      3) қызметтен (жиыннан) босатылғаннан кейiн қайтыс болған адамдарға қатысты - қайтыс болу себебi әскери қызметтi (жиынды) өткеру кезеңiнде алған жаралану, контузия, жарақат немесе сырқат болып табылатынын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысын (қаулысын) сұратады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

3-тарау. Әскери қызметшiнiң (әскери мiндеттiнiң)
мүгедектігі анықталған жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi
құжаттар тiзбесi

      5. Әскери қызметшiнiң (әскери мiндеттiнiң) ол әскери қызметті (жиынды) өткерiп жүрген кезеңде мүгедектiгi анықталған жағдайда қызмет (жиын өту) орны бойынша мынадай құжаттар тапсырылады:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiш (1-қосымша);
      2) мүгедектiк тобы анықталғаны туралы халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi қорытындысының нотариалдық тәртіппен расталған көшiрмесi;
      3) нәтижесiнде мүгедектiгi басталған контузияны, жарақатты, сырқатты қызмет (жиын) өткеру кезеңiнде алғанын растайтын әскери-дәрiгерлiк комиссия қорытындысының (қаулысының) көшiрмесi;
      4) өтемақы алуға құқығы бар (2-қосымша) адамның әскери қызметтi өткерген кезеңiн көрсете отырып өтемақы алуға құқық беретiн (10-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген адамдардан басқа), оқиға сәтiндегi ақшалай үлестiң мөлшерi туралы әскери бөлiмнiң анықтамасы. <*>
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

      6. Әскери қызметшiнiң (әскери мiндеттiнiң) әскери қызметтi (жиынды) өткеруiне байланысты оның контузиясы, жарақаты, сырқаттануы нәтижесiнде болған мүгедектігі анықталған жағдайда, әскери қызметтен босатылғаннан (жиын аяқталғаннан) кейiн бip жыл өткенге дейiн қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаларға (бөлiмдерге) мыналар ұсынылады:
      1) осы Ереженiң 5-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар;
      2) әскери қызметшiлер - олардың әскери қызмет өткеру кезеңiн көрсетiп, босату күнiндегi ақшалай үлесiнiң мөлшерi туралы әскери бөлiмнiң анықтамасы (2-қосымша), сондай-ақ әскери бөлiм командирiнiң оны әскери бөлiмнiң тiзiмдерiнен шығару туралы бұйрығының үзiндiсi;
      3) әскери мiндеттілер - олардың әскери жиындарды өткеру кезеңi туралы қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалардың (бөлiмдердiң) анықтамасы.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

4-тарау. Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) мүгедектiкке
әкеп соқтырмаған ауыр жарақат (жаралану, жарақаттану,
контузия) немесе жеңiл жарақат алған жағдайда өтемақы алу
үшiн құжаттардың тiзбесi

      7. Әскери қызметшiнiң, жиындарға шақырылған әскери мiндеттiнiң әскери қызмет мiндеттерiн (әскери жиындарда) атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр жарақат (жаралану, жарақаттану, контузия) немесе жеңiл жарақат алған жағдайда, оларды әскери бөлiм командирi немесе тiкелей бастықтары қызмет орны бойынша немесе қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармаларға (бөлiмдерге) мыналарды:
      1) осы Ереженiң 5-тармағының 1), 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды;
      2) алған жарақаттың (жаралануының, жарақаттануының, контузиясының) ауырлық (ауыр немесе жеңiл) дәрежесi туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның анықтамасын (3-қосымша);
      3) әскери қызмет мiндеттерiн (жиындар өткеру) атқару кезiнде жарақат алу фактісiн растайтын тексеру материалдарын ұсыну қажеттiгi туралы хабардар етедi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

5-тарау. Өтемақыны төлеу тәртiбi

      8. Осы Ереженiң 4, 5, 6, 7-тармақтарында көрсетiлген құжаттар қоса берілген өтемақыны алушының өтінiшiн мыналар:
      1) қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер) барлық қажеттi құжаттарды алған күннен бастап он күн мерзiмде қорғаныс iстерi жөнiндегi департаменттерге; <*<
      2) әскери бөлiмдердiң командирлерi тiкелей өтемақы төлеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға (бұдан әрi - мемлекеттiк орган) ұсынады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

      9. Қорғаныс iстерi жөнiндегі департаменттер өтемақы төлеуге құжаттар түскен кезде оларды тіркеуді жүргізеді және түскен күнiнен бастап бес күн мерзiмде оларды тиiстi мемлекеттiк органға жiбередi.<*>
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

      10. Мемлекеттiк орган өтемақы төлеуге құжаттарды алған күннен бастап eкі ай iшiнде оны мынадай мөлшерде әскери қызметшiлерге (әскери мiндеттiлерге), не оны алуға құқығы бар адамдарға төлеудi жүргiзедi:
      1) әскери қызметшi қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігi анықталған немесе ол әскери қызмет кезеңiнде мертiккен жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе ол мертiккен күнге соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлесiнiң жалақысынан, Заңның 14-бабында белгiленген мөлшерде;
      2) әскери қызметшi әскери қызметтен босатылғаннан кейiн қызмет өткеру кезеңiнде алған мертiгуi (контузиясы), сырқаттануы салдарынан қайтыс болған жағдайда, босатылған сәтiнен бастап қайтыс болған күнгi соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлес жалақысының өзгеруiн ескере отырып, Заңның 14-бабында белгiленген мөлшерде;
      3) әскери қызметшiнiң әскери қызметті өткеруiне байланысты контузиясы, мертiгуi, сырқаттануы нәтижесiнде болған мүгедектiгі анықталған жағдайда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiгi анықталған күнгі босатылған сәттен бастап соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлес жалақысының өзгеруiн ескере отырып, Заңның 14-бабында белгіленген мөлшерде;
      4) мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерiне, стипендия алатын әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына, жиындарға шақырылған әскери мiндеттілерге Ереженiң осы тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе мертiккен күнгi жыл сайын республикалық бюджетте белгіленетiн айлық есептік көрсеткiшінің есебiнен, Заңның 14-бабында белгіленген мөлшерде. <*>
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

      11. Мемлекеттік орган өтемақы төлеуге құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда жетiспеген құжаттарға тиiстi сұрау салулар жүргізеді.

      12. Заңда көзделген, олар бойынша өтемақы төленбейтiн жағдайларда мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшесi өтiнiш берушiлерге өтемақы төлеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жiбередi.

      13. Өтемақы төлеу мемлекеттiк органның шотына түскен ақшаның көзделген лимиттерi шегiнде жүргiзiледi.

      14. Алушылардың тұрғылықты жерi бойынша банк мекемелерiнде ашылған дербес шоттарға немесе карт шоттарға өтемақыны аудару қазынашылық басқармалары арқылы жүзеге асырылады.
      Өтемақы төлеу және оны аудару үшiн банктiң қызмет көрсеткеніне төлеу республикалық және жергiлiктi бюджеттерде мемлекеттік органдардың осы мақсаттарға көзделген қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

      15. Кәмелетке толмаған алушыға өтемақы төлеу оны тұрғылықты жерi бойынша екiншi деңгейдегi банкте ашылған алушының дербес шотына аудару жолымен, бұл туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарын, сондай-ақ оның заңды өкiлдерiн бiр уақытта хабардар етумен құжаттар түскен сәттен бастап екi ай iшiнде жүргiзiледi.

      16. Алушыға өтемақыны аударғаннан кейiн бiржолғы өтемақыны төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналында (4-қосымша) өтемақының күнi, сомасы және төлем құжатының нөмiрi көрсетiлiп, тиiсті жазба жазылады.

                                                          Ережеге
                                                         1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 912 қаулысымен .

                    Кімге: ________________________________________
                                  (біржолғы өтемақы төлеуді жүзеге
                           ________________________________________
                           асыратын мемлекеттік органның басшысына)
                           ________________________________________
                                           өтініш берушінің (Т.А.Ә)
                           тұратын жері ___________________________
                           ________________________________________
                           тел: ___________________________________

               Біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге өтініш

      Сізден ______________________________________________________
                         (оқиғаның сипаты көрсетіледі)
байланысты маған өтемақы төлеуіңізді өтінемін.
      Бұрын _______________________________________________________
                        (оқиғаның сипаты көрсетіледі)
байланысты біржолғы ақшалай өтемақыны алдым ____________
                                              (ия, жоқ)
      Тиісті өтемақы төлемін ______________________________________
                                 (облысы, аудан, қала, алушының
                                  тұрғылықты жерінің мекен-жайы)
аударуды өтінемін:
Банк мекемесінің N ________________________________________________
Филиалдың N _______________________________________________________
Дербес шоты немесе карт шоты ______________________________________
_____________________________________________________________ атына
                           (Т.А.Ә)

Алушының СТН N ____________________________________________________

Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________
6. ________________________________________________________________
______ ж. "____"___________    Өтініш беруші  ______ ______________
(жылы)    (күні)   (айы)                      (қолы)    (Т.А.Ә)

      М.О.   Бастық (командир) ___________ _________________________
                                (қолы)            (Т.А.Ә.)

                                                          Ережеге
                                                         2-қосымша

  "Әскери бөлімнің
бұрыштама мөртаңбасы"

                            АНЫҚТАМА

      ____________________________________________________ берілді,
                        (атағы, тегі, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
  (ведомствоның атауы және өтемақы төлемдерін алуға құқық беретін

___________________________________________________________________
                оқиға күнгі атқарған лауазымы)
ол расында қызмет етеді (қызмет етті).

_______ ж. "___"__________ бастап ______ ж. "___"____________ дейін
                  (күні)                            (күні)

200__ ж. "____" ______________________________ ақшалай үлесі:
      (біржолғы өтемақы алуға құқық беретін оқиға күні)

___________________________________________________________ құрады.
                     (сомасы жазумен)

соның ішінде:
лауазымдық жалақысы _______________________________________________
әскери атағы бойынша жалақысы _____________________________________
Босату себебі (егер босатылған болса): ____________________________
___________________________________________________________________
      Анықтама әскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған), жарақат
алған жағдайда біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін берілді.

                  Командир (бастық) __________ ____________________
                                      (қолы)         (Т.А.Ә.)
      М.О.
                  Қаржы қызметінің   __________ ___________________
                  бастығы (бухгалтер)  (қолы)         (Т.А.Ә.)

                                                          Ережеге
                                                         3-қосымша

  "Әскери бөлімнің
бұрыштама мөртаңбасы"

                            АНЫҚТАМА

      _____________________________________________________________
                        (атағы, тегі, әкесінің аты)
________________________________________________________ берілді.

ол іс жүзінде әскери қызмет міндеттерін (әскери жиындарда) атқару
кезінде ___________________________________________________________
                  (жарақат алу жағдайы көрсетіледі)
___________________________________________________________________

_________________   _______________________________________________
(жылы, күні, айы)   (ауырлығы немесе жеңілдігі жазбаша көрсетіледі)
___________________________________________________________________
  (жараның, контузияның, жарақаттың немесе зақымның сипаты және
   оларды аластату көрсетіледі)
жара, контузия, жарақат немесе зақым алды,
_________________________________
(керек емесі сызылып тасталсын)

осыған байланысты 200__ ж. __________ 200__ ж. "___"_________ дейін
___________________________________________________________________
          (әскери-емдеу мекемесінің атауы көрсетіледі)
___________________________________________________________________

емдеуде болды.

      Анықтама әскери қызметші жарақат алған жағдайда біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін берілді.

      М.О.            Әскери-дәрігерлік  __________ ________________
                    комиссияның төрағасы   (қолы)       (Т.А.Ә.)

                                                          Ережеге
                                                         4-қосымша

       Біржолғы өтемақы төлеуге өтінімдерді тіркеу журналы

-------------------------------------------------------------------
Р/с!Әскери !  Зақым алған, !  Қаза тапқан  !Түскен!Мате.!Залалдың
N !атағы  !  қаза тапқан  !(қайтыс болған)!күні  !риал !орнын тол.
   !       !(қайтыс болған)!әскери қызмет. !кір. N!қай. !тыру себе.
   !       !әскери қызмет. !шінің мұрагері.!      !дан  !бі (өлімі,
   !       !  шінің Т.А.Ә. !  нің Т.А.Ә.   !      !түсті!мүгедекті.
   !       !               !               !      !     !гі, ауыр
   !       !               !               !      !     !немесе же.
   !       !               !               !      !     !ңіл жара.
   !       !               !               !      !     !қаты)
-------------------------------------------------------------------
1 !   2   !       3       !       4       !   5  !  6  !    7
-------------------------------------------------------------------

      Таблицаның жалғасы:

--------------------------
Біржолғы    !   Төлем     !
өтемақының  !тапсырмасының!
сомасы      ! N және күні !
--------------------------!
     8      !      9      !
--------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады