"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне тұрғын үй құрылысы мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 наурыздағы N 305 қаулысы

      Ескерту. Жоба Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2004.03.19. N 352
қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне тұрғын үй құрылысы мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
тұрғын үй құрылысы мәселелерi бойынша
толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне толықтырулар енгізілсiн:

      1. "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 3 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 20, 248-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 209-құжат):
      8-бапта:
      үшiншi абзац мынадай редакциядағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "жеке тұрғын үй құрылысын жүзеге асыратын құрылыс салушыларға құрылысқа және инфрақұрылым объектiлерiн дамытуға байланысты шығындарды жүктеуге рұқсат етiлмейді;".

      2. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат):
      68-бапта:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Жаппай құрылыс салынатын аудандардағы (жеке тұрғын үйлердi, кварталдарды, шағын аудандарды, тұрғын үйлердi қоса алғанда, тұрғын ғимараттардың тобы) қосымша жүктемелермен не магистральды және ішкі кварталдық инженерлiк желілердi, өзге де инженерлiк (коммуналдық) инфрақұрылым объектілерiн, сондай-ақ қалалық (кенттiк) ішкі көше-жол желiлерiн дамытумен және жайластырумен байланысты шығындар, егер осы шығындар бюджет қаражатының есебiнен қаржыландырылмаса, қызметті жеткiзушілерге (өндiрушілерге) жүктеледi. Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыратын құрылыс салушыларға көрсетiлген шығындарды жүктеуге рұқсат етiлмейдi.
      Салынып жатқан тұрғын үйлердің инженерлiк желiлерiн салу және бөлiнiп берiлген жер телiмiнің (жеке үйдiң телiмi мен үйдiң жанындағы аумақтың) шекаралары шегiнде аумақтарды жайластыру құрылыс салушылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.".

      3. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат):
      12-бапта:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын:
      "Ықтимал өнiм берушiнің конкурстық өтінімiнде, сондай-ақ тапсырысшы (жобаның немесе бағдарламаның инвесторы) мен конкурс жеңімпазының (бac мердiгердiң) арасындағы мердiгерлiк шартта мердігер (бас мердiгер) қосалқы мердiгерлердің орындауына бермекшi болып отырған жұмыстардың (қызметтердiң) түрлерi мен көлемдерi міндеттi түрде көрсетілуге тиiс. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада мердiгердің (бас мердiгердiң) өткiзілетiн конкурстың нысаны болып табылатын жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) жинақтап алғанда үштен екi бөлiгiнен астамын қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу туралы шартты көздейдi".

      2-бап. Осы Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады