Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.26.  N 633 Қаулысымен. 

      Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру мен республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дамудың орташа мерзімді жоспарларына сәйкес акцияларға, оның ішінде акциялардың мемлекеттік пакетінде дивидендтердің есептелуін жүзеге асырады және оларды акционерлерге, оның ішінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы анықтайтын мерзімдерде, не бірден бір акционер ретінде шешім қабылдау құқығы бар мемлекеттік органның шешімімен республикалық бюджетке аударады;
      2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетiлген стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы немесе бақылау пакетi республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам мен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мерзiмдi баспасөз басылымдарын, теле-, радиобағдарламаларды шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғамдар таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды;  
      2-1) Ауыл кредит серіктестіктеріне кредит беруді жүзеге асыратын және ауыл кредит серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысатын акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамы резервтік капитал толық қалыптасқанға дейін қоғамның жарғылық капиталынан 10 пайыз мөлшерде акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша дивидендтерді төлеуден босатылады;  
      3) осы қаулыға 1, 2 және 3 және 4-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік қатысу үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер дивидендтер мен таза кірістің бөлігін есептеу және аудару акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналысының шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. 
      3-1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі белгiленген тәртiппен "Хабар" агенттігi" акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жылдық жалпы жиналыстарын өткiзген кезде 2004-2006 жылдардың қорытындысы бойынша таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтер төлеуге бағыттау үшiн барлық қажеттi шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн;
      3-2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2005-2007 жылдардың қорытындылары бойынша дивидендтерді төлеуге таза кірістің 10 (он) пайызын жіберу үшін "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде белгіленген тәртіппен барлық қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін;
      3-3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен "Эйр Астана" акционерлік қоғамы акционерлерінің 2004, 2005 жылдардың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеуден босату жөніндегі жылдық жиналыстарын өткізу кезінде барлық қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      4) осы қаулыға 4-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық корпусқа қызмет көрсетудi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам таза кiрiстiң 20 (жиырма) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды деп белгiленсiн. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.08.19. N 828   қаулысымен , 2003.09.30. N 1002  қаулысымен , 2004.05.29. N 599  қаулысымен , 2004.08.11. N 840  қаулысымен , 2005.11.15. N 1127  қаулысымен , 2005.12.29. N 1314  қаулысымен , 2006.11.20. N  1097 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт, Индустрия және сауда, Сыртқы iстер министрлiктерi осы қаулыға 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың иеленуiнде қалған таза кірiстiң бiр бөлiгiн олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетiлдiруге жұмсауды қамтамасыз етсiн.  
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.19. N 828   қаулысымен , тармаққа өзгерту енгізілді - 2003.09.30. N 1002  қаулысымен , 2004.03.20. N 364   қаулысымен , 2005.01.28. N 73  қаулысымен .

      3. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамын қоспағанда, осы қаулыға 1, 2, 4 және 4-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттік қатысу үлесін иелену құқығы мен пайдалануды жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен дивидендтер және қатысу үлесінен табыстарға таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын жұмсау және оларды уақытылы аудару үшін акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде барлық қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.  
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.30. N  1002 , 2006.10.12.  982 қаулысымен .

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістің мәселелері туралы" 1999 жылғы 13 тамыздағы  N 1159 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 40, 356-құжат);
      2) "Мерзімді баспасөз басылымдарын шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншік иелігіндегі акционерлік қоғамдарда дивидендтерді есептеу мәселелері туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы  N 1367 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 477-құжат) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің 2003 жылғы   
25 сәуірдегі N 404 қаулысына
1-қосымша        

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.01.28.  N 73 , 2005.03.05.   N  215 , 2006.10.12.  982 , 2007.02.21.   N 133 қаулыларымен.

Ұлттық компаниялардың тізбесі

      1.  алынып тасталды - 2006.10.12.  982 қаулысымен
      2.  алынып тасталды - 2006.10.12.  982 қаулысымен
      3. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ
      4. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
      5. "Қазатомпром" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ
      6. (алып тасталды - 2005.03.05.   N 215  қаулысымен )
      7.  алынып тасталды - 2006.10.12.  982 қаулысымен
      8. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ
      9.  алынып тасталды - 2006.10.12.  982 қаулысымен
      10.  алынып тасталды - 2006.10.12.  982 қаулысымен
      11. "Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат) ұлттық компаниясы" АҚ
      12. "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ
      13. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kazakhstan engineering) ААҚ
      14. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің 2003 жылғы   
25 сәуірдегі N 404 қаулысына
2-қосымша        

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.19. N 828   қаулысымен .

Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлiк қоғам 

      "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ААҚ.

       Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің 2003 жылғы   
25 сәуірдегі N 404 қаулысына
3-қосымша        

       Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.29. N 599  қаулысымен , 2005.11.15. N 1127  қаулысымен .

Мерзімді баспасөз басылымдарын, теле-, радиобағдарламаларды шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы немесе бақылау пакетi республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдардың тізбесі

      1. "Жас өркен" ААҚ
      2. "Қазақ газеттері" ЖАҚ
      3. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ
      4. "Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ
      5. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ
      6. "Хабар" агенттiгi" АҚ     

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2003 жылғы 25 сәуірдегі  
N 404 қаулысына      
4-қосымша         

       Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.30. N 1002  қаулысымен .

Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық
корпусқа қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, акцияларының
жүз пайызы республикалық меншіктегі акционерлік қоғам

      "Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма" ЖАҚ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады