Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 420 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 732 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттiк бiлiмдiк несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi N 1018  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 35, 317-құжат):
      2, 3, 4-тармақтарда "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнен" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесiнде:
      2, 3, 13-тармақтарда "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiне", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "және т.б.", "Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзац алынып тасталсын;
      16-тармақта "несие беру сәтiндегi бағамен" деген сөздерден кейiн "(Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жыл сайын бекiтiлетiн қаулысына сәйкес несие мөлшерiн оқу жылында 1 студенттi оқыту шығыстарына кейiннен индекстеу арқылы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      қаулының бүкіл мәтіні бойынша "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақ "(ауыру" деген сөзден кейiн ", мемлекеттiк бiлiм гранттары бойынша оқытуға көшiру)" деген сөздермен толықтырылсын;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жыл сайын Қазақстан Республикасының Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органына жоғары оқу орындарына аударылған несие қаражатының сомасы туралы, мамандықтар топтары бойынша жоғары оқу орындары мен қарыз алушылар бөлiнiсiнде несиелердi өтеу және игерiлмеген қаражатты қайтару сомасы туралы мәлiметтер, Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi қаржы-экономикалық негiздемелермен және есептеулермен бiрге мемлекеттiк бiлiмдiк және мемлекеттiк студенттiк несиелердi қайтарудың болжамды көлемi туралы мәлiметтер берiп тұрады";
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.11. N  1180 қаулысымен.

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады