Қазақстан Республикасының бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдарын, темiр жол станциялары мен разъездерiн, мұнай кен орнын, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiсiн атау мен қайта атау және темiр жол станциялары атауларының орыс тiлiндегi транскрипциясын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 497 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстары және Алматы мен Астана қалалары әкiмдiктерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары мен мұнай кен орнына есiмдер берiлсiн.

      2. 2-қосымшаға сәйкес білiм беру ұйымдары мен темiр жол станциясы қайта аталсын.

      3. Алматы облысының Iле Алатауы Қарғалы шатқалындағы атауы жоқ 4150-4200 метрлiк биiктiкке "Тәуелсiздiк шыңы" деген атау берiлсiн.

      4. 3-қосымшаға сәйкес темiр жол станциялары мен разъездерiне атаулар берiлсiн.

      5. 4-қосымшаға сәйкес темiр жол станциялары атауларының орыс тiлiндегi транскрипциясы өзгертілсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң          
2003 жылғы 30 мамырдағы    
N 497 қаулысына       
1-қосымша       

Көрнектi тарихи тұлғалардың, белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң, жазушылардың, дәрiгерлердiң, мүсiншiлердiң, композиторлардың, педагогтар мен мұнайшылардың есiмдерi берiлген бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдарының, мұнай кен орнының тiзбесi

Ақмола облысы бойынша

      Аршалы ауданының Александровка орта мектебiне - халық ақыны Иманжүсiп Құтпанұлының есiмi;
      Сандықтау ауданының Веселов орта мектебiне - Социалистiк Еңбек Ерi Байдалы Оразалиннiң есiмi;

Ақтөбе облысы бойынша

      Әйтеке би ауданының Қарабұтақ орта мектебiне - халық жазушысы Қуандық Шаңғытбаевтың есiмi;

Атырау облысы бойынша

      Атырау қаласының облыстық N 1 мектеп-интернатына - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi, профессор Сабыр Қазыбаевтың есiмi;
      Жылыой ауданының "Шығыс Прорва" мұнай кен орнына - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұнайшысы Сағидолла Нұржановтың есiмi;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округiнiң Бозша орта мектебiне - Дәулетбай батырдың есiмi;

Батыс Қазақстан облысы бойынша

      Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетiне - Жәңгiр ханның есiмi;
      Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiне - ақын Махамбет Өтемiсовтiң есiмi;
      облыстық филармонияның қазақ халық аспаптары оркестрiне - күйшi-композитор Дәулеткерей Шығайұлының есiмi;
      Жәнiбек ауданының Жақсыбай орта мектебiне - қоғам және мемлекет қайраткерi Мұстақым Ықсановтың есiмi;

Қарағанды облысы бойынша

      Жезқазған қаласының N 5 орта мектебiне - белгiлi педагог Қабден Шыңғысовтың есiмi;
      Қарағанды қаласының көркемөнер-өндiрiстiк комбинатына - мүсiншi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Төлеген Досмағамбетовтың есiмi;
      Бұқар жырау ауданының Қаражар орта мектебiне - Мәнжi батырдың есiмi;
      Жаңаарқа ауданы Атасу кентiнiң N 1 орта мектебiне - белгiлi педагог Оразалы Жұмабековтың есiмi;

Қостанай облысы бойынша

      Қостанай инженерлiк-экономикалық университетiне - белгiлi жазушы Мiржақып Дулатовтың есiмi;

Қызылорда облысы бойынша

      облыстық дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатына - белгiлi қолбасшы Жалаңтөс Баhадүр Сейiтқұлұлының есiмi;
      Қызылорда аграрлық-техникалық колледжiне - қоғам қайраткерi Исатай Әбдiкәрiмовтiң есiмi;
      Қызылорда музыкалық колледжiне - күйшi-композитор Қазанғап Тiлепбергенұлының есiмi;

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша

      Солтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетiне - академик Манаш Қозыбаевтың есiмi;
      Жамбыл ауданының Жаңажол орта мектебiне - жазушы Ғабит Мүсiреповтiң есiмi;
      облыстық балалар-жасөспiрiмдер кiтапханасына - жазушы Ғабит Мүсiреповтiң есiмi;
      Петропавл қаласының N 18 мектеп-лицейiне - философ әл-Фарабидiң есiмi;
      Мамлют қаласының N 3 орта мектебiне - қоғам қайраткерi Хасан Бектұрғановтың есiмi;
      Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының N 1 мектеп-гимназиясына - Батыр Баянның есiмi;
      Шал ақын ауданының N 3 Сергеевка орта мектебiне - Социалистiк Еңбек Ерi Есiм Шайкиннiң есiмi;
      Шал ақын ауданының Балуан орта мектебiне - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Сейтен Сауытбековтiң есiмi;

Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша

      Шымкент қаласының "Самал-2" шағын ауданындағы орта мектепке - қоғам қайраткерi Асанбай Асқаровтың есiмi;
      Түркiстан қаласының N 14 орта мектебiне - белгiлi әскери қолбасшы Күлтегiннiң есiмi;
      Сайрам ауданы Жаңаталап ауылдық округiнiң N 95 бастауыш мектебiне - қоғам қайраткерi Абылай Серғазиевтiң есiмi;
      Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округiнiң бастауыш мектебiне - лингвист ғалым, профессор Әдiхан Ақабаевтың есiмi;
      Шымкент қаласының республикалық әскери мектеп-интернатына - Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың есiмi;
      Шымкент қаласының N 371 орталау мектебiне - жазушы Қарауылбек Қазиевтiң есiмi;
      облыстық балалар-жасөспiрiмдер кiтапханасына - Қазақстан Республикасының "Халық қаhарманы" Қайрат Рысқұлбековтiң есiмi;
      Шымкент қаласының гипербариялық оксигенация орталығына - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген дәрiгерi, профессор Тұрмахан Орынбаевтың есiмi;
      Шымкент қаласының N 76 бастауыш мектебiне - қоғам қайраткерi Рысбек Мырзашевтiң есiмi;
      Қазығұрт аудандық орталық кiтапханаға - лингвист ғалым Құлмат Өмiрәлиевтiң есiмi;
      Шардара қаласының бастауыш мектебiне - жазушы Бердiбек Соқпақбаевтың есiмi;
      Отырар ауданы Шәуiлдiр ауылдық округiнiң Шәуiлдiр бастауыш мектебiне - ақын Зияш Қалауованың есiмi;

Алматы қаласы бойынша

      Жетiсу ауданының N 16 орта мектебiне - қоғам қайраткерi, жазушы Әди Шәрiповтiң есiмi;

Астана қаласы бойынша

      Алматы ауданының N 37 орта мектебiне - халық жазушысы Сырбай Мәуленовтiң есiмi.

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң         
2003 жылғы 30 мамырдағы   
N 497 қаулысына      
2-қосымша      

Қайта аталатын бiлiм беру ұйымдарының және темiр жол станциясының тiзбесi

Ақмола облысы бойынша

      Щучье ауданының Н.Щорс атындағы орта мектебi - Наурызбай батыр атындағы орта мектеп;

Алматы облысы бойынша

      Алматы тасымалдау бөлiмшесiнiң "Дружба" темiр жол станциясы - "Достық" темiр жол станциясы;

Батыс Қазақстан облысы бойынша

      Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округiнiң Кожехар орта мектебi - Жаңабұлақ орта мектебi;
      Жәнiбек ауданы Ұзынкөл ауылдық округiнiң В.И.Ленин атындағы орта мектебi - Ұзынкөл орта мектебi;
      Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округiнiң "Правда" орта мектебi - Социалистiк Еңбек Ерi Виктор Шубин атындағы орта мектеп;

Қостанай облысы бойынша

      Жангелдин ауданының В.И.Ленин атындағы орта мектебi - Қазақ KCP-iнiң ауыл шаруашылығына еңбек сiңiрген қызметкерi, қоғам қайраткерi Аңсаған Қонақбаев атындағы орта мектеп;

Қызылорда облысы бойынша

      Қызылорда қаласының 1 Май атындағы N 1 мектеп-лицейi - халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов атындағы N 1 мектеп-гимназия;

Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша

      Сайрам ауданы Ақсу ауылдық округiнiң "Солнышко" бала бақшасы - "Күншуақ" бала бақшасы;
      Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округiнiң С.М.Киров атындағы бастауыш мектебi - ақын Мақтымқұлы атындағы бастауыш мектеп;
      Сарыағаш ауданы Бiртiлек ауылдық округiнiң "Коммунизм" бастауыш мектебi - "Еркiндiк" бастауыш мектебi;
      Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округiнiң "Пионер" бастауыш мектебi - жазушы Спандияр Көбеев атындағы бастауыш мектеп;
      Сарыағаш ауданы Қошқар ата ауылдық округiнiң "Қызыл ту" орта мектебi - Ақтамбердi жырау атындағы орта мектеп;
      облыстық зағип балаларға арналған мектеп-интернат - "Yмiт" мектеп-интернаты;
      Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округiнiң "Қазақстанның XX жылдығы" орталау мектебi - халық ақыны Кенен Әзiрбаев атындағы орталау мектеп;
      Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округiнiң М.Калинин атындағы бастауыш мектебi - күйші-композитор Түркеш Қалқаұлы атындағы бастауыш мектеп;
      Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округiнiң "Арай" орта мектебi - белгiлi педагог Қазымбет Дәрiмбаев атындағы орта мектеп;
      Созақ ауданы Қыземшек кенттiк округiнiң А.Гайдар атындағы орта мектебi - күйшi-композитор Төлеген Момбеков атындағы орта мектеп;
      Сайрам ауданы Қаратөбе ауылдық округiнiң С.Буденный атындағы орта мектебi - белгiлi педагог Әли Ақбаев атындағы орта мектеп.

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң          
2003 жылғы 30 мамырдағы   
N 497 қаулысына      
3-қосымша      

Қайтадан құрылған темiр жол станциялары мен разъездерiнiң тiзбесi

Ақтөбе облысы бойынша

      Хромтау темiр жол станциясы;
      Аққұдық темiр жол разъезi;
      Жоса темiр жол разъезi;
      Yйтас темiр жол разъезi;
      Ырғыз темiр жол станциясы;
      Әйке темiр жол станциясы;
      Қызылсай темiр жол разъезi.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2003 жылғы 30 мамырдағы   
N 497 қаулысына      
4-қосымша      

Атауларының орыс тiлiндегi транскрипциясы өзгертiлген темiр жол станцияларының тiзбесi

Семей тасымалдау бөлiмшесi бойынша

      станция Жиланды - Жыланды станциясы;
      станция Темеклы - Темекiлi станциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады