Байланыс формасы

"Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысы

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы  Заңына  және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" туралы Қазақстан халқына  Жолдауына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген 100 пайыз мемлекеттiң қатысуымен "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) құрылсын. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1201  қаулысымен .

      2. Мыналар:
      1) шикiзаттар мен материалдарды тереңдетiп өңдеудi жүргiзетiн, қазiргі заманғы және озық технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабiлеттi әрi табысты өнiм шығаратын, сондай-ақ өнеркәсiптiң перспективалы кәсiпорындарына өндірiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылатын, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;
      2) инвестициялардың көлемiн кеңейту жолымен Қазақстан Республикасында корпоративтiк бағалы қағаздар рыногының дамуын ынталандыру, сондай-ақ қор рыногының қазiргi заманғы құралдарын қолдану үшiн жағдайлар жасау;
      3) Қордың кәсiпорындардың жарғылық капиталына және оларды басқаруға қатысуы есебiнен ықтимал инвесторлар үшiн кәсiпорындардың тартымдылығын арттыру;
      4) отандық және шетелдiк кәсiпорындардың арасында өндiрiстiк кооперацияны қамтамасыз ету, толықтыратын, сабақтас өндiрiстердi дамыту үшiн шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыру;
      5) шетелдегi қазақстандық кәсiпорындардың инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;
      6) халықаралық тәжiрибе мен стандарттарды қолдану негiзiнде инвестициялық портфельдердi басқарудың озық практикасын әзiрлеу;
      7) Қордың инвестициялық жобаларына қатысу үшiн менеджерлердi даярлау Қор қызметiнiң негiзгi мiндеттерi болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қордың жарғысын және инвестициялық декларациясын бекiтудi, Қордың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80 орналасқан ғимаратты беруді; <*>
      3) "Қазақстанның Инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгізудi;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 566  қаулысымен .

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) <*>
      2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-85-жолмен толықтырылсын:
      "123-85. "Қазақстанның Инвестициялық қоры АҚ";
      3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-5-жолмен толықтырылсын:
      "217-5. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" AҚ".
       ЕСКЕРТУ. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1119  қаулысымен.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады