Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiріне (жеке сәйкестендiру нөмiріне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565 Қаулысы

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.30.  N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау және Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне көшу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
       Ескерту. Тақырыбы мен кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.14. N  282   қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (жеке сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.14 N 282 , 2007.04.30 N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      2. Мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі жоспарда айқындалған iс-шараларды Iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне есептi жарты жылдан кейiнгі айдың 10-күнiнен кешiктiрмей жарты жылдың қорытындылары бойынша олардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.27. N  902 , 2006.04.14. N  282   қаулыларымен.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне Қазақстан Республикасының Үкiметiне есептi жарты жылдан кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.27. N  902 , 2006.04.14. N  282   қаулыларымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн. 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.27. N  902 , 2006.04.14. N  282   қаулыларымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2003 жылғы 11 маусымдағы 
N 565 қаулысымен     
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасының Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (жеке сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендіру нөмiрiне) көшу бағдарламасы

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді, бүкіл мәтін бойынша "СН" деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  1. Бағдарламаның паспорты

      Ескерту. Паспортқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.27 N 902 , 2006.04.14 N 282 , 2007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

       Атауы

      Қазақстан Республикасының Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (жеке сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама).

       Қысқаша мазмұны

      Бағдарламада жеке (заңды) тұлғаларды есепке алудың бiрыңғай жүйесiн енгiзу жөнiндегi заң шығару және ұйымдастырушылық iс-шаралардың кешенi және осының негiзiнде Қазақстан Республикасында Жеке және заңды тұлғалардың Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау көзделген. Бағдарламада жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiнiң құрылымы және жеке тұлғалар үшiн, оның iшiнде қызметiн өзiндiк кәсіпкерлік негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшiн жеке сәйкестендiру нөмiрiн (ЖCH), ал заңды тұлғалар мен қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негізiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн жеке бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (БСН) қолдануға көшу тәртiбi жөнiндегi тұжырымдамалық ережелер қамтылады. Сонымен бiрге Бағдарламада ЖCH және БСН-дi қолдануға көшуге жағдайлар жасау жөнiнде министрлiктер мен ведомстволардың әрекеттерiн үйлестiру мәселесi қамтылған. Бағдарламаны қабылдау Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 шiлдедегi N 713  қаулысымен бекiтiлген Микропроцессорлық карточкалар негізiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыруға септiгiн тигiзетiн болады.

       Iске асыру мерзiмi

      2003-2007 жылдар.

   2. Кiрiспе

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында "Жеке тұлғалар" және "Заңды тұлғалар" деген мемлекеттiк дерекқорларын жасау көзделген.
      Осы тапсырманы iске асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Ақпараттандыру жөнiндегi комиссия) жұмысының шеңберiнде бiрыңғай нөмiрдiң құрылымына, сондай-ақ оларды қолдануға көшу жөнiндегi шаралар кешенiне қатысты тұжырымдамалық ережелер әзiрлеу қажеттiгі туралы шешiм қабылданған болатын.
      Осыған байланысты Ақпараттандыру жөнiндегi комиссияның шеңберiнде әзiрленген оны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын қамтитын ұлттық тiзiлiмдердi жасау және жүргiзу мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiн (ЖCH (БСН) беру жөнiндегi тұжырымдама Ақпараттандыру жөнiндегi комиссияның 2003 жылғы 20 қаңтардағы, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы отырысында қаралған және мақұлданған болатын.
       Ескерту. 2-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.14. N  282   қаулысымен.

  3. Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау

      Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды есепке алудың бiрнеше жүйесi пайдаланылады. Атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу мақсатында жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға 12 сандық разрядтан тұратын салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН) бередi;
      зейнетақылар мен әлеуметтiк жәрдемақыларды есептеу және төлеу үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 16 разрядтан тұратын әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) пайдаланады, мұнда разрядтарда сандармен қатар әрiптiк мәндер де пайдаланылады;
      паспорттық бақылау үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 12 сандық разрядтан тұратын азаматтың сәйкестендiру коды (ID-код) пайдаланылады. Бұл код азаматтың жеке куәлiгiнде және (немесе) паспортында көрсетiледi.
      Соның салдарынан әрқайсысы өзiнiң нөмiрiнде (кодында) құрылатын ведомстволық автоматтандырылған дерекқор жүйесiн жасау мәселесiне атқарушы билiк органдарының iс-әрекетiнде келiсiлмеген әрекеттер бар. Мысалға, салық органдары салық төлеушiлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi; Әдiлет министрлiгi жеке басты куәландыратын берiлген құжаттар туралы дерекқорды қолдауда; көлiк полициясы органдары тiркелген көлiк құралдарының электронды дерекқорын қалыптастыруда; әлеуметтiк қорғау органдары әлеуметтiк жәрдемақыларды беру тiзiлiмiнiң жүргiзiлуiне жауап бередi және басқалары.
      Қолда бар ведомстволық автоматтандырылған жүйелер, көбiнесе, әр орган жасап шығарған әдiстемелiк қағидаттар, персоналды ақпаратты жинаудың және пайдаланудың тұйықталған технологиялары, бiр iзге салынбаған ақпараттық-лингвистикалық құралдар негiзiнде қалыптасады; аса маңызды емес мәлiметтерден (тек азаматтардың тиiстi мемлекеттiк органға жүгінуi сәтiнде ғана көкейкестi болады) тұрады және оларды қалыптастыру мен жүргiзудiң ортақ алгоритмдерi, сондай-ақ ведомстволық автоматтандырылған жүйелермен жұмыс iстеу кезiнде байланыстырушы "кiлт" ретiнде пайдалануға болатындай бiрыңғай нөмiр жоқ болуы себептi өзара байланыса алмайды.
      Ведомстволық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара iс-қимылдың мұндай бытыраңқылық, бәрiнен бұрын, халықты сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтердi жинауға және деректердi есепке алудың мемлекеттiк жүйесiне бiрнеше мәрте енгiзуге ақталмайтын шығындарды тудырады. Бұл орайда қолмен енгiзуде қателер туындамай қоймайтындығы сияқты жалпыға белгiлi проблемамен қатар, әрбiр мемлекеттiк орган ақпарат тiзiлiмiнiң өз пiшiмдерiн пайдаланады, сайып келгенде, дұрыс және кешендi ақпарат алудың мүмкiн еместiгiне әкелiп тiрейдi.
      Қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке aлу жүйесiнiң салыстырылмауын жою проблемасын шешу жеке (заңды) тұлғаларды есепке алудың бiрыңғай жүйесiн: жеке сәйкестендiру нөмiрлерi мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiн енгiзген кезде мүмкiн болады, оны пайдалану олардың негiзiнде Қазақстан Республикасы Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.
       Ескерту. 3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.14. N  282   қаулысымен.

   4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

       Ескерту. 4-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.04.30.  N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi:
      жеке сәйкестендiру және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiн енгізудiң негiзiнде жеке (заңды) тұлғаларды есепке алудың бiрыңғай жүйесiне көшу;
      жеке сәйкестендiру және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң құрылымы жөнiндегi тұжырымдамалық ережелердi бекiту;
      қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке алу жүйелерiнiң салыстырылмауын жою проблемасын шешу, Қазақстан Республикасының Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн қалыптастыру үшiн алғышарттар жасау;
      мемлекеттiк органдардың ақпараттық дерекқорын көкейкестi етудi iске асыру және ақпаратты қайталауды болдырмау;
      ақпараттық ресурстарды басқару және пайдалану тетiктерiн жетiлдiру;
      азаматтардың және заңды тұлғалардың шағымдары кезiнде мемлекеттiк рәсiмдердi жүргiзудi жеделдету мен жеңiлдету негiзiнде жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынастарын жетiлдiру;
      қажеттi нормативтiк құқықтық базаны жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жеке сәйкестендiру және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiн қолдануға көшу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу болып табылады.

  5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiктерi

       1. Жалпы ережелер

       Ескерту. 1-бөлімшеге өзгерту енгізілеі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30.  N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн жасау мақсатында жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiн енгiзудi Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн құруға және жүргiзуге қатысты негiз құраушы қағидаттар мен нормаларды, халық пен мемлекеттiң бiрыңғай нөмiрдi гендеу жөнiндегi өзара қарым-қатынастары рәсiмдерiн, ведомстволық автоматтандырылған есепке алу жүйесiн жүргiзу мақсатында мемлекеттiк органдар арасындағы деректер алмасу регламентiн белгiлейтiн, жеке тұлғалар үшiн бiрыңғай нөмiрлердi қолдану аясын шектейтiн, персоналды дерекқорды қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк органдар алған ақпараттардың құпиялылығын сақтау жөнiндегi ережелерден тұратын заңнамалық кесiмдердi қабылдау, сондай-ақ бiрыңғай нөмiрге өту жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу жолымен жүргізу қажет. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн көрсетiлген заңнамалық кесiмдерге сәйкес келтiру талап етiледi.
      Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiнiң атаулары ретiнде мыналарды пайдалану ұсынылады:
      жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) - жеке тұлғалар, оның iшiнде қызметiн өзiндiк кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн;
      бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) - заңды тұлғалар және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн.
      ЖСН (БСН) жеке (заңды) тұлғаны Халық пен заңды тұлғалардың ұлттық тiзiлiмдерiнде (ЖCH және БСН Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде) бiр мағыналы тiркеуге мүмкiндiк беретiн символдар кезектiлiгiн бiлдiруi тиiс.
      ЖСН (БСН) берiлген генерациялау алгоритмiне сәйкес берiледi. Бұл орайда ЖCH (БСН) генерациялау деп бiрыңғай нөмiрдi қалыптастыру және оны тиiстi құжаттарға қою рәсiмi түсiндiрiледi.
      ЖCH бiр рет берiледi, ЖCH құрылымына енетiн мәлiметтер өзгерген кезде жеке сәйкестендiру нөмiрi өзгерiссiз қалады. Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде ЖСН (БСН) құрылымына енетiн мәлiметтердiң өзгеру тарихы жүргiзiледi, сондай-ақ жүргiзiлген қайта тiркеулер мен бұрын берiлген ЖCH (БСН) жоюлар туралы ақпарат жинақталады.
      ЖСН (БСН) бiрегей болуы тиiс, ЖCH (БСН) қайталауға жол берiлмейдi. ЖCH-дi қолдану аясы заңнамамен қатаң шектеледi. ЖСН (БСН) мемлекеттiк органдардың мамандандырылған дерекқорын ЖСН (БСН) "байлау" жолымен орталық мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволарының ақпараттық жүйелерiн жасау және жүргiзу үшiн "кiлт" ретiнде пайдаланылады.
      ЖСН (БСН) берудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ЖСН және БСН Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң бiрыңғай жүйесi бойынша ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.

       2. ЖСН (БСН) құрылымы

      ЖСН құрылымының негiзiне қазiргi таңда Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi пайдаланып жүрген азаматтың он екi таңбалы сәйкестендiру кодын алу ұсынылады. Әдiлет министрлiгiнiң ақпараты бойынша кодтың осыған ұқсас құрылымы Данияда, Финляндияда, Жапонияда, Германияда, АҚШ-та, Францияда, Кувейтте, Малайзияда, Мальтада, Ботсванада, Кипрде, Египетте, Латвияда, Литвада, Эстонияда, Белоруссияда және басқа елдерде қолданылады. Қазақстанда бұл код 1997 жылдан бастап пайдаланылады.
      Бұл кодтың артықшылығы оның есте жақсы сақталатындығы мен жеке тұлғалар үшiн ақпараттылығында болып отыр, өйткенi азаматтың қолданыстағы сәйкестендiру кодының құрылымында белгiлi бiр комбинацияда азаматқа белгiлi туған күнi, айы және жылы, сондай-ақ жеке тұлғаның жынысы мен ғасыры бар.
      БСН құрылымын әзiрлеу кезiнде бақылау разряды ЖСН-нiң бақылау разрядына ұқсас есептелетiн он екi разрядты кодты пайдалану ұсынылады.
      ЖСН (БСН) құрылымында тек сандық мәндердi ғана пайдалану ұсынылады. Құрылым сандардың солдан оңға қарай кезектiлігінiң сипаттамасы түрiнде болады. Ыңғайлы болу үшiн ұқсас және (немесе) бiрдей сипаттамасы бар бiрнеше разрядтарды сипаттау үшiн бiр фасетқа бiрiктiрiлуi мүмкiн.
       Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.14. N  282   қаулысымен.

       3. ЖCH генерациялау алгоритмі

      ЖСН-дi генерациялаудың мынадай алгоритмi ұсынылады:
      1) бiрiншi фасет - 6 разрядтан (а 1 - а 6 ) тұрады және жеке тұлғаның туған жылын (соңғы екi сан), айы мен күнiн сипаттайды;
      2) екiнші фасет - 1 разрядтан (а 7 ) тұрады және жеке тұлғаның жынысы мен оның туған ғасырын сипаттайды. Разрядтың мәнiн айқындау кезiнде ерлер үшiн тақ сандар, ал әйелдер үшiн - жұп сандар пайдаланылады.
      Бұл разряд үшiн нақты мәндер мынадай түрде болады:
      1 - 19 ғасырда туған ерлер үшiн;
      2 - 19 ғасырда туған әйелдер үшiн;
      3 - 20 ғасырда туған ерлер үшiн;
      4 - 20 ғасырда туған әйелдер үшiн;
      5 - 21 ғасырда туған ерлер үшiн;
      6 - 21 ғасырда туған әйелдер үшiн;
      Демек, бұл разрядта 7, 8, 9 және 0 резервтiк мәндерi бар;
      3) үшiншi фасет - 4 разрядтан (а 8 - а 11 ) тұрады және жүйедегi тiркеудiң реттiк нөмiрiн сипаттайды. Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнiң деректерi бойынша бiр күнде туылғандардың ең жоғарғы саны (1999 жылдан бастап) - 1229 адам, сондықтан тiркеудiң реттiк нөмiрi үшiн 4 таңба толықтай жеткiлiктi. Тiркеудiң реттiк нөмiрi бiр топтың шеңберiнде (туған жылы) жаппай нөмiрлеумен қойылады;
      4) төртiншi фасет - 1 разрядтан (а 12 ) тұрады және ЖCH-нiң бақылау разряды болып табылады. ЖCH-нiң бақылау разряды есебiнiң алгоритмi Бағдарламаның 5-тарауының 5-параграфында келтiрiлген.
      Осылайша, ЖCH құрылымы мына түрде болады (мұнда және бұдан әрi - аі - i-разрядының мәнi):

------------------------------------------------------------------
а 1 а 2 а 3 а 4 а 5 а 6    !         а 7           !    а 8 а 9 а 10 а 11    !   а 12
------------------------------------------------------------------
Жеке тұлғаның    Жеке тұлғаның жынысы  Тiркеудiң реттiк  Бақылау
туған жылының    және оның туған       нөмірі            разряды.
соңғы екi саны,  ғасыры:
айы, күні        ер жыныстылар үшiн:
                 1 - 19 ғасыр, 3 - 20
                 ғасыр, 5 - 21 ғасыр;
                 әйел жыныстылар үшiн:
                 2 - 19 ғасыр, 4 - 20
                 ғасыр, 6 - 21 ғасыр.
                 7, 8, 9 және 0
                 резервтік мәндер.
------------------------------------------------------------------

      Қызметтерiн өзiндiк кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер (бұдан әрi - ЖК (Ө) жеке тұлғаға туылған кезде берiлген ЖCH-дi пайдаланатын болады.

       4. БСН-дi генерациялау алгоритмi 

       Ескерту. 4-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.03.01. N 188  қаулысымен .

      БСН-дi генерациялаудың мынадай алгоритмi ұсынылады:
      1) бiрiншi фасет - 4 разрядтан (а 1 - a 4 дейiн) тұрады және заңды тұлғаны немесе қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердi (бұдан әрi - ЗТ немесе ЖК (Б) тiркеудiң жылын (соңғы екi саны) және айын сипаттайды;
      2) екiншi фасет - 1 разрядтан (а 5 ) тұрады және ЗТ немесе ЖК(Б) түрiн сипаттайды. Бұдан басқа, осы разрядтың алгоритм есептерiнiң мәнi БСН-нiң ЖСН-мен сәйкес келу мүмкiндiгін болдырмау үшiн пайдаланылады.
      ЖCH құрылымында a 5 (бесiншi разряд) туған күнiнiң бiрiншi санын бiлдiретiн болғандықтан, ал туған күнi тек 0, 1, 2 немесе 3 (мысалы, 01, 11, 21, 31) санынан басталуы мүмкiн екендiгiн ескере отырып, БСН құрылымында а 5 (бесiншi разрядта) генерациялаудың мiндеттi шарты 0, 1, 2 және 3 сандарын пайдалануды болдырмау болады.
      Бұл разрядтың мынадай нақты мәндерiн пайдалану ұсынылады:
      4 - резидент заңды тұлғалар үшiн;
      5 - резидент eмec заңды тұлғалар үшін;
      6 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн.
      Демек, бұл разрядта 7, 8 және 9 резервтiк мәндер бар;
      3) үшiншi фасет - 1 разрядтан (а 6 ) тұрады және а 5 разрядын қосымша тәптiштеу болып табылатын арнайы белгiнi сипаттайды:
      0 - ЗТ немесе ЖК(Б) бас бөлiмшесiнiң белгiсi;
      1 - ЗТ немесе ЖК(Б) филиалының белгiсi;
      2 - ЗТ немесе ЖК(Б) өкiлдiгiнiң белгiсi;
      4 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығының белгiсi;
      4) төртiншi фасет - 5 разрядтан (а 7 - а 11 дейiн) тұрады және жүйеде ЗТ немесе ЖК(Б), сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеудiң реттiк нөмiрiн сипаттайды;
      5) бесiншi фасет - 1 разрядтан (а 12 ) тұрады және БСН-нiң бақылау разряды болып табылады. БСН бақылау разряды есебiнiң алгоритмi Бағдарламаның 5-тарауының 5-параграфында келтiрiлген және ЖСН бақылау разрядының есебiне ұқсас.
      Осылайша, БСН құрылымы мынадай түрде болады:

------------------------------------------------------------------
а 1 а 2 а 3 а 4 !       а 5        !       а 6        ! а 7 а 8 а 9 а 10 а 11 !   а 12
------------------------------------------------------------------
ЗТ немесе  Салық төлеушiнiң  Арнайы белгi    ЗТ немесе   Бақылау
ЖК(С)      түрi:             (а 5 разрядын    ЖК(Б),      разряды.
тiркеу     4 - резидент     қосымша          сондай-ақ
жылының,   заңды тұлғалар;  тәптiштеу):      құрылымдық
соңғы екi  5 - резидент     0 - бас бөлiмше; бөлiмшелерді
саны, айы. емес заңды       1 - филиал;      тiркеудiң
           тұлғалар;        2 - өкiлдiк;     реттiк
           6 - бiрлескен                     нөмiрi.
           кәсiпкерлiк      
           негiзiндегi жеке 
           кәсiпкерлер.     
           ЖCH-мен           4 - бiрлескен
           сәйкестiктi      кәсiпкерлiк
           болдырмау        негiзiндегi
           мақсатында 0, 1, шаруа (фермер)
           2, 3 сандарын    қожалығы.
           пайдаланбаңыз.
           7, 8 және 9
           резервтiк мәндер.
------------------------------------------------------------------

       5. Бақылау разрядының мәнiн есептеу алгоритмi

       Ескерту. 5-бөлімше жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.04.30.  N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      ЖСН (БСН) құрамына бақылауды жүзеге асыру және онда клавиатуралық енгізу қателіктерін азайту мақсатында 12-бақылау разрядының болуы көзделеді, оны есептегенде екі циклда мынадай алгоритм пайдаланылады:
      a12=(а1*b1+а2*b2+а3*b3+а4*b4+а5*b5+а6*b6+а7*b7+а8*b8+а9*b9+а10* b10+а11*b11)mod 11,
      мұнда: аі - і-разрядтың мәні;
      bі - і-разрядтың салмағы.
      ЖСН разряды: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
      разрядтың салмағы: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11.
      1. Егер алынған сан 10-ға тең болса, онда бақылау разрядын есептеу салмақтың басқа кезегімен жүргізіледі:
      ЖСН разряды: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
      разрядтың салмағы: 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 2.
      2. Егер алынған сан тағы 10-ға тең болса, онда бұл ЖСН
пайдаланылмайды.
      3. Егер алынған санның мәні 0-ден 9-ға дейін болса, онда бұл сан бақылау разряды ретінде алынады.

       6. ЖCH (БСН) қолдану тетiгi мен аясы

       Ескерту. 6-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.03.01. N 188  қаулысымен .

      ЖСН Қазақстан Республикасының азаматтары - жеке тұлғаларына адам туылған кезде (туу туралы куәлiктi бергенде) берiледi, содан соң онымен өмiр бойы "бiрге жүредi":
      жеке куәлiктi немесе төлқұжатты алғанда;
      салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегенде;
      мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстағанда және аударғанда;
      жылжымайтын мүлiк объектiлерiн және көлiк құралдарын тiркегенде;
      банк мекемелерiнде шот ашқанда;
      рұқсат беру сипатындағы құжаттарды (лицензиялар, патенттер, жүргiзушiнiң куәлiгi, ластауға, су пайдалануға рұқсаттар және тағы басқа) алғанда;
      тiркеу сипатындағы құжаттарды (жеке кәсiпкер куәлiгi, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретiнде тiркеу және тағы басқа) алғанда;
      әскери билет, офицер (прапорщик) жеке куәлiгiн алғанда;
      кедендiк-ресiмдеу кезiнде;
      басқа.
      Қазақстан Республикасына келетiн және көшi-қон қызметiнде тiркелуге тиiс резидент емес жеке тұлғаларға ЖСН беру жүргiзiлетiн болады.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында iс жүзiнде жоқ, алайда Қазақстан Республикасында салық салу объектiсi бар резидент емес жеке тұлғаларға ЖСН беру талап етiледi.
      Заңды тұлғаларға БСН беру мемлекеттiк тiркеу кезiнде жүргiзiлетiн болады. Бұл ретте осы рәсiм заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу кезiнде де жүргiзiледi.
      БСН беру рәсiмi қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлерге қатысты да жүргiзiлетiн болады.
      Бұдан басқа, бизнес - сәйкестендiру нөмiрiнiң құрылымына кiретiн мәлiметтер өзгерген жағдайда, жаңа БСН-дi берумен қайта тiркеу рәсiмi жүргiзiледi. Бұл ретте Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнде ЖСН бойынша да, БСН бойынша да соның iшiнде ЖСН (БСН) беру, БСН құрылымына кiретiн мәлiметтердi өзгерту, сондай-ақ ЖCH (БСН) жою бөлiгiнде барлық өзгерiстердiң тарихы жүргiзiледi.
      ЖCH (БСН) берудiң нақты тетiктерiн, сондай-ақ ЖCH (БСН) тiркеу және беру рәсiмдерiн жүргiзуге жауапты мемлекеттiк органдарды айқындауды мемлекеттiк шығыстарды мейлiнше азайту мен жеке және заңды тұлғаларға барынша қолайлы жағдай туғызу тұрғысынан қарау қажет.
      ЖCH (БСН) орталықтандырылған дерекқорына жүгiну жолымен ЖCH-дi (БСН-дi) мiндеттi түрде "оn-linе" режимiнде беру ЖCH (БСН) қайталануын болдырмау мақсатында сақталуға тиiс негiзгi талап болып табылады. Сондықтан, тiркеу жүйесiнiң жұмыс iстеу мүмкiндiгiн аудандық деңгейде iске асыру талап етiледi.
      ЖСН жеке тұлғаның суретi мен ЖCH-i бар smart-карточка түрiнде болатын жеке бас куәлiгiне микропроцессорлық технологияны қолдану арқылы микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыру кезiнде сәттi пайдаланыла алады. Мұндай куәлiк-карточка тiркеу мәлiметтерiн сақтау үшiн ғана пайдаланылып қоймай, сонымен қатар ағымдағы банктiк шоттағы қалдықтар туралы, зейнетақы жинақтары, әлеуметтiк, мiндеттi медициналық сақтандыру деректерi туралы, салықтық мiндеттемелердi орындау туралы және тағы да басқа ақпараттарды жадында сақтайтын электрондық әмиян ретiнде қолданылуы мүмкiн.

       7. ЖСН (БСН) көшу

       Ескерту. 7-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.14. N  282   қаулысымен.

      ЖCH және БСН енгiзудi бiрқатар даярлық iс-шараларын iске асыру қажет болатын ЖСН мен БСН-ге өту алдындағы уақытша кешеуiлдеудi анықтай отырып, белгiлi бiр күннен бастап жүргiзу орынды.
      Атап айтқанда, "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы", "Қазақстан Республикасының Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заңдарды әзiрлеу мен қабылдауды, сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы заң жобаларын iске асыру жөнiндегi қаулыларын әзiрлеу мен қабылдауды және ведомстволық кесiмдердi қабылданған заң жобаларына сәйкес келтiрудi қамтитын нормативтiк базаны қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жүргiзу талап етiледi.
      Сондай-ақ белгiлi бiр күннен бастап "өтпелi" деп аталатын кезең iшiнде мынадай процестердi қатар жүргiзу ұсынылады:
      туу туралы куәлiктердi, жеке басын куәландыратын құжаттарды, салық төлеушiнiң куәлiктерiн, заңды тұлғаны мемлекеттiк (есептiк) тiркеу туралы куәлiктердi және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердi тiркеу органдарына осындай құжаттарды бiрiншi рет алуға жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға ЖСН (БСН) көрсетумен (бұдан әрi - ЖCH (БСН) көрсетiлген құжаттар) беру;
      тiркеу органдарына қайта тiркеу үшін жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға "ескi" құжаттардың орнына ЖСН (БСН) көрсетiлген "жаңа" құжаттар беру.
      "Өтпелi" кезеңге дейiн ЖСН мен БСН-нің Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен енгiзудi қамтамасыз ететiн бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеу мен пилоттық енгiзудi жүргiзу, сондай-ақ Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзуге жауапты уәкiлеттi органды айқындау керек.
      Мемлекеттiк органдарға ведомстволық ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн пысықтауға бiршама уақыт қажет. Атап айтқанда, салық органдары мен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң бөлiмшелерi даярлық кезеңi iшiнде берiлген ЖСН-дi бұрын берiлген СТН-мен және ӘЖК-пен "байлау" бойынша жұмыс жүргiзуi тиiс.
      Бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер бойынша БСН беру және оларды бұрын берiлген CTH-мен "байлау" жөнiнде осыған ұқсас жұмыс жүргiзу қажет болады.
      Банк жүйесiнде де белгiлi бiр жұмыстар жүргiзу қажет болады. Мысалы, төлем құжаттарының нысанына және тиiсiнше, төлемдерге қызмет көрсету бойынша, оның iшiнде ЖCH және БСН дәлдiгiн тексеру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерiстер енгiзу қажет болады.
      Ақпараттандыру саласында жұмыстар жүргізу бөлiгiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
      Сонымен, ақпараттық iс-шараларды жүргiзу туралы мәселеге мұқият болған жөн. Жұртшылық мемлекеттiк органдардың қолданғалы отырған даярлық iс-әрекеттерi туралы кең құлақтандырылуы үшiн бар күштi салу қажет. Жүргiзiлетiн шешiмдердiң мерзiмдерi, жүйелiлiгi, ЖСН-ге көшу мүмкiндiгiнше қалыпты өтетiндей және халыққа аса ыңғайсыздық туғызбайтындай етiп жоспарлануы тиiс.

   6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi

      Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру мемлекеттiк бюджет қаражаттарынан қаржыландыруды талап етпейдi.

  7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарламаны iске асыру жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiн қолдануға көшудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, бұл сайып келгенде, есепке алудың жалпы мемлекеттiк жүйесi ретiнде Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мiндетiн iске асыруға септiгiн тигiзедi.
      Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрi негiзiнде Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мен жүргiзудiң; бiрыңғай нөмiрдi берудiң, тиiстi растаушы құжаттарды берудiң тәртiбi мен мерзiмдерiнiң; бiрыңғай нөмiрi көрсетiлмеген құжаттары бар жеке (заңды) тұлғаларға "қайта тiркеу" рәсiмiн жүргiзу мен тәртiбiн регламенттеу мен мерзiмдерiн белгiлеудiң тұжырымдамалық негiздерi; қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылданатын заң жобаларына сәйкес келтiру қажеттi құқықтық негiздемеге ие болады.
      Мемлекет ақпараттық ресурстарды басқару және пайдалану тетiгiн жетiлдiру мүмкiндiгiне ие болады. Мемлекеттiк атқарушы органдар Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн бiрыңғай жалпы мемлекеттiк бағасына жүгiне отырып, өздерiнiң ведомстволық есепке алу жүйесiн қалыптастыра алады және мемлекеттiк органдардың ақпараттық дерекқорын жандандыру және ақпараттың қосарланушылығын болдырмау мiндеттерiн шеше алады, бұл сайып келгенде, әлеуметтiк-экономикалық жағдайды нығайтуға және мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
      Бағдарламаны iске асыру азаматтардың және заңды тұлғалардың жүгiнуi кезiнде мемлекеттiк рәсiмдердi жүргізудi жеделдету мен жеңiлдету негiзiнде жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк органдармен қарым-қатынастарын жетiлдiруге ықпал етедi, бұл соның iшiнде кәсiпкерлердiң iскерлiк белсендiлiгiнiң дамуында да оң көрiнiс табады.
      ЖСН (БСН) байланыстырушы буын ретiнде пайдалану негiзiнде Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнің бiрыңғай ақпараттық жүйелерiн жасау халықтан алынған ақпаратты бiрнеше мәрте енгiзудi болдырмау есебiнен ақпаратты енгiзуге мемлекеттiк қызметкерлердiң еңбек шығындарын төмендетуге ықпал ететiн болады, қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке алу жүйелерiнiң салыстырылмауы проблемасын шешедi.

  8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

      Ескеру. 8-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07.  N 13 , 2004.08.27. N  902 ,   2006.04.14. N  282   қаулыларымен.

       --------------------------------------------------------------------
P/c!    Іс-шара      ! Аяқталу !  Орындалуына !Орындалу!Бол. !Қар.
N !                 ! нысаны  !  (жүзеге     !(жүзеге !жалды!жылан.
   !                 !         !  асырылуына) !асырылу)!шығы.!дырылу
   !                 !         !  жауапты     !мерзiмi !стар !көзі
--------------------------------------------------------------------
1. Қазақстан Респуб.  Заңдардың Қазақстан Рес. 2006 жыл.
   ликасы Заңдарының  жобалары  публикасының   дың 1
   жобаларын әзiрлеу,           Әділет         тамызға
   келiсу және Қазақ.           министрлігі,   дейін 
   стан Республика.             Қаржы
   сының Парламентiне           министрлігі,
   енгiзу:                      Ақпараттандыру
   1) "Сәйкестендiру.           және байланыс   
   нөмiрлерiнiң ұлттық          агенттiгi 
   тiзiлiмдерi туралы";         Ішкі істер
   2) "Қазақстан                министрлігі,
   Республикасының кей-         Қоршаған
   бiр заңнамалық акті-         ортаны қорғау
   лерiне Сәйкестендiру         министрлігі,
   нөмiрлерi ұлттық             Ауыл шаруашы.
   тiзiлiмдерiнiң мә-           лығы министр.
   селелерi бойынша өз-         лігі, Көлік
   герiстер мен толық-          және коммуника.
   тырулар енгiзу туралы"       циялар министр. 
   3) "Қазақстан                лігі, Еңбек
   Республикасының кей-         және халықты
   бiр заңнамалық акті          әлеуметтік
   лерiне Сәйкестендiру         қорғау министр.
   нөмiрлерi ұлттық             лігі, Энерге.
   тiзiлiмдерiнiң мә-           тика және ми.
   селелерi бойынша өз-         нералдық ре.
   герiстер мен толық-          сурстар мини.
   тырулар енгiзу туралы",      стрлігі, Сыртқы
   ("Салық және                 істер министр.
   бюджетке төленетiн           лігі, Индустрия
   басқа да мiндеттi            және сауда
   төлемдер туралы"             министрлігі,
   Қазақстан Респуб.            Қазақстан Рес.
   ликасының Koдексi,           публикасының
   "Әкiмшiлiк құқық             Ұлттық Банкі
   бұзушылық туралы"            (келісім бойынша),
   Қазақстан Респуб.            ликасының Ста.
   ликасының Кодексi,           тистика жөніндегі
   "Жеке кәсiпкерлiк            агенттігі, Жер
   туралы" Қазақстан            ресурстарын
   Республикасының              басқару жөнiндегi 
   Заңы).                       агенттiгi,
                                Қаржы министрлiгiнiң
                                Кедендiк бақылау
                                комитетi

2. "Сәйкестендiру     Қазақстан Қазақстан Рес.  Заңдар
   нөмiрлерiнiң       Республи. публикасының    қабылдан.
   ұлттық тiзiлiм-    касының   Әділет министр. ғаннан
   дерi туралы",      Үкіметі   лігі, Қаржы     кейін
   "Қазақстан Респуб- қаулылы.  министрлігі,
   ликасының кейбiр   ларының   Ақпараттандыру
   заңнамалық кесiм-  жобалары  және байланыс
   дерiне Сәйкестенді-          агенттiгi,
   ру нөмiрлерi ұлт-            Ішкі істер
   тық тiзiлiмдерiнiң           министрлігі,     3 айдың
   мәселелерi бойынша           Қоршаған ортаны  ішінде
   өзгерiстер мен               қорғау министр.
   толықтырулар                 лігі, Ауыл
   енгiзу туралы"               министрлігі,
   Қазақстан Респуб.            Көлік және
   ликасы Заңдарының            коммуникациялар
   iске асырылуына              министрлігі,
   заңға тәуелдi                Еңбек және
   нормативтiк құқық.           халықты әлеу.
   тық кесiмдердi               меттік қорғау
   әзiрлеу.                     министрлігі,
                                Энергетика және
                                минералдық ре.
                                сурстар минис.
                                трлігі, Сыртқы
                                iстер министрлiгi,
                                Қазақстан Рес.
                                публикасының
                                Ұлттық Банкi
                                (келiсiм бойынша),
                                Қазақстан Рес.
                                публикасының
                                Статистика
                                жөнiндегi агенттiгi,
                                Жер ресурстарын
                                басқару жөнiндегi
                                агенттiгi, Қаржы 
                                министрлiгiнiң 
                                Кедендiк бақылау
                                комитетi

3. Ведомстволық       Ведомст.  Қазақстан Респуб.   Заңдар
   кесiмдердi "Сәй-   волық     ликасының Әділет    қабылдан.
   кестендiру нөмiр-  кесімдер  министрлігі,        ғаннан
   лерiнiң ұлттық тi-           Қаржы министрлігі,  кейін
   зілiмдерi туралы",           Ақпараттандыру      
   Қазақстан Респуб-            және байланыс       3 ай ішінде
   ликасының Заңына             агенттiгi, 
   және "Қазақстан              Ішкі істер          
   Республикасының              министрлігі,
   кейбiр заңнамалық            Қоршаған ортаны
   актiлерiне Сәйкес-           қорғау министрлігі,
   тендiру нөмiрлерi            Ауыл шаруашылығы 
   ұлттық тiзiлiмде-            министрлігі,
   рiнiң мәселелерi             Көлік және
   бойынша өзгерiстер           коммуникациялар
   мен толықтырулар             министрлігі,
   енгiзу туралы" Қазақ-        Еңбек және
   стан Республикасының         халықты әлеуметтік
   Заңына сәйкес                қорғау министрлігі,
   келтiру.                     Энергетика және
   ("Қазақстан Рес.             минералдық ресур.
   публикасының                 стар министрлігі,
   аумағында төлем              Қорғаныс министр.
   құжаттарын                   лігі, Қазақстан
   пайдалану және               Республикасының
   қолма-қол ақшасыз            Ұлттық Банкі
   төлем мен ақша               (келісім бойынша),
   аударымдарын жүзеге          Қазақстан Респуб.
   асыру ережесiн               ликасының Ста.
   бекiту туралы",              тистика жөніндегі
   "Клиент және оған            агенттігі,
   қызмет көрсетушi             Жер ресурстарын
   банк арасындағы              басқару жөніндегі
   қолма-қол ақшасыз            агенттігі, Қаржы
   төлемдердi жүзеге            министрлiгiнiң
   асыру ережесiн               Кедендік бақылау
   бекiту туралы"               агенттігі 
   Қазақстан Респуб.            
   ликасының Ұлттық             
   Банкi Басқарма.              
   сының қаулысы,               
   "Қазақстан Респуб.           
   ликасының салық              
   төлеушiлерiн мем.
   лекеттiк тiркеу
   және есепке алу
   ережесiн бекiту
   туралы" Қазақстан
   Республикасы Мем.
   лекеттiк кiрiс
   министрiнiң
   бұйрығы).

4. Сәйкестендiру      БАҚ-та     Қазақстан Рес.  "Сәйкестендiру
   нөмiрлерiнiң ұлт-  жариялау,  публикасының    нөмiрлерiнiң
   тық тiзiлiмдерiн   теледи.    Қаржы министр.  ұлттық тiзiлiм-
   жасау мен жүргiзу  дарда және лігі, Әдiлет    дерi туралы"
   және бiрыңғай      радиода    министрлiгi,    Қазақстан
   нөмiрге (ЖСН (БСН)  сөз сөйлеу Мәдениет және   Республикасының
   ауысу бойынша                 ақпарат минис-  Заңы қолданысқа
   жұмысты бұқаралық             трлiгi, мүдделi енгiзiлген
   ақпарат құралда.              мемлекеттiк     күнiнен бастап
   рында хабарлау.               органдар  

5. ЖСН (БСН) беру     ЖСН (БСН)   Қазақстан Рес.  "Сәйкестендiру
   рәсiмдерiн өткiзу  көрсетiл.  публикасының    нөмiрлерiнiң
   және ЖCH (БСН)      ген құжат. Әдiлет министр. ұлттық тiзiлiм-
   көрсетiлген        тарды беру лiгi, Iшкi      туралы"
   құжаттарды беру,              iстер министр.  Қазақстан
   сондай-ақ қайта               лiгi, Сыртқы    Республикасының
   тiркеу және бұрын             iстер министр.  Заңында
   берiлген құжат.               лiгi, Қаржы     көрсетiлген
   тарды ауыстыру                министрлiгi     мерзiмде

6. ЖCH (БCH) қолда.   Жүйенi     Қазақстан Рес.  "Сәйкестендiру
   нудың жүйесiн      енгiзу     публикасының    нөмiрлерiнiң
   толық енгiзуге                Әдiлет минис-   ұлттық тiзiлiм-
   өту.                          трлігі, Көлiк   туралы"
                                 және коммуника- Қазақстан
                                 ция министрлiгi, Республикасының
                                 Ақпараттандыру  Заңына 
                                 және байланыс   сәйкес
                                 агенттiгi, Iшкi
                                 icтep министрлiгi,
                                 Қоршаған ортаны
                                 қорғау министр.
                                 лiгi, Ауыл
                                 шаруашылығы
                                 министрлiгi,
                                 Еңбек және
                                 халықты әлеу.
                                 меттік қорғау
                                 министрлiгі,
                                 Энергетика және
                                 минералдық pe.
                                 сурстар мини.
                                 стрлігі, Сыртқы
                                 істер министрлігі,
                                 Қазақстан Peс.
                                 публикасының
                                 Ұлттық Банкi
                                 (келiсiм бойынша),
                                 Қазақстан Респуб.
                                 ликасының Статис.
                                 тика жөніндегі
                                 агенттігі, Жер
                                 ресурстарын басқару
                                 жөнiндегi агент.
                                 тігi, "Қаржы минис-
                                 трлiгiнiң Кедендiк
                                 бақылау комитетi
------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады