Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі N 667 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12. N 934 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12.  N 934  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мынадай шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Жолаушылар мен жүктердi әуе көлiгімен тасымалдауды және Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық қызметтердi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 23 шiлдедегі N 1150  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 34, 310-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 1150 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 279  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 10, 73-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің      
2003 жылғы 7 шілдедегі 
N 667 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы
саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау
ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерiн лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына , "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес әзiрленген.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.09. N  533  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Осы Ереже азаматтық авиация саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын белгiлейдi және уәкiлеттi органның лицензия беру тәртiбiн анықтайды.

       2. Мiндеттi лицензиялауға жататын қызмет түрлерi

      3. Азаматтық авиация саласында мiндеттi лицензиялауға қызметтің мынадай түрлерi жатады:
      1) әуе көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау;
      2) авиациялық жұмыстар;
      3) қауiптi жүктердi тасымалдау;
      4)  алынып тасталды
      5)  алынып тасталды
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.09. N  533  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

  3. Қызметтің лицензияланатын
түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      4. Әуе көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру құқығына лицензия:
      1) уәкiлетті орган берген қолданылып жүрген азаматтық әуе кемесi пайдаланушысының сертификаты болуы.
      Шетел азаматтарына немесе заңды тұлғаларға қатысты шетелдiк мемлекеттiң құзыреттi билiк органдары беретiн және Қазақстан Республикасында белгіленген талаптарға жауап беретiн пайдаланушының сертификаттары немесе оларға ұқсас құжаттар танылады;
      2) Қазақстан Республикасында немесе басқа мемлекетте мемлекеттік тiркеуден өткен және уәкілетті орган немесе шетелдік мемлекет берген Қазақстан Республикасында жарамды деп танылған қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификаттары бар әуе кемелерiн пайдалануы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен мiндеттi сақтандырудың түрлерiн қамтамасыз етуi;
      4) санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы болуы;
      5) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру үшiн тұлғаның қосымша:
      а) Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ICAO) авиакомпанияның тiркелгенi туралы куәлiгi;
      б) пайдалану мақсаты үшiн үш әрiптi (ICAO) коды;
      в) халықаралық жолаушылар және жүк тасымалдарын ресiмдеу үшiн тасымалдау құжаттамасының белгiленген тiзбесi болуы тиiс тұлғаға беріледi.

      5. Авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ереженің 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиiс тұлғаға берiледi.
      Авиациялық-химиялық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн тұлғада қосымша санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы болуға тиiс.
       Ескерту. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.29. N 600   қаулысымен .

      6. Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ереженің 4-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетiлген талаптарға сәйкес болуы тиiс тұлғаға берiледi.

      7. <*>
       Ескерту. 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.09. N  533  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      8. <*>
      Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.09. N  533  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

  4. Қызметтiң лицензияланатын түрлерiн жүзеге
асыру құқығына лицензия алу үшін қажетті құжаттар

      9. Қызметтің лицензияланатын түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияны ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкілеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша өтінішті;
      2) осы Ереженің 4-6-тармақтарында көрсетiлген қызметтің осы түрiне арналған біліктілiк талаптарына өтiнiш берушiнің сәйкестiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
      3) лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшiрмесi.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.09. N  533  (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

  5. Лицензияны беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмдерi

      10. Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше мерзiм белгіленбесе, лицензияны барлық қажеттi құжаттарымен өтiнiштi берген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектiлерi үшiн - он күндiк мерзiмнен кешiктiрмей азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкілеттi орган бередi.

  6. Лицензиялық алым

      11. Азаматтық авиация саласындағы қызметтердiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымдар ставкасы Қазақстан Республикасының Салық  кодексіне  сәйкес белгiленедi. Лицензиялық қызметпен айналысудың барлық кезеңiне берiлетiн лицензия лицензияны беру сәтіндегi лицензиялық алымның бір жолғы төлемiмен жүзеге асырылады.

  7. Лицензияның әрекет ету шарттары

      12. Лицензияның әрекет ету шарттары, соның iшінде лицензия беруден бас тарту, лицензияның әрекетiн тоқтату, лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру тәртiбi "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңымен  реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады