Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1011 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 шілдедегі N 699 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 № 474 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудиторды таңдау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1011 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн тәуелсiз аудиторды таңдау ережесiнде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тәуелсiз сыртқы аудиторын анықтау үшiн жыл сайынғы аудиттiң нәтижелерiн бере отырып әрбiр екi жыл сайын өткiзiледi.";
      30-тармақтың бiрiншi абзацындағы "аудит" деген сөздiң алдынан "әрбiр жылға" деген сөздермен толықтырылсын;
      56-тармақтa "3 күн" деген сөздер "10 күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Ережеге 6-қосымшада:
      "Қор бойынша қаржылық есептiлiк" деген 3-бөлiмде:
      бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қор бойынша есептiлiк";
      2) тармақша алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмдi басқару туралы шартқа сәйкес берiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Ұлттық Қорды сенiмдi басқару нәтижелерi туралы жылдық есебi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық қорды сенімді басқару жөніндегі қаржылық есептілігі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады