Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 және 2003 жылғы 30 мамырдағы N 502 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі N 733 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлімде реттік нөмірі 21-50-жол алынып тасталсын;
      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-86-жолмен толықтырылсын:
      "123-86. "Ұлттық инновациялық қор" АҚ";
      2) "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 502 қаулысына :
      6-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады