Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 тамыздағы N 802 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Баймағанбетов Серік Нұртайұлы - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Гамарник Геннадий Николаевич - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі;

      Мыңбаев Алмас Саятұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      мынадай:

      "Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда бірінші вице-министрі;

      Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау бірінші вице-министрі;

      Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі;

      Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;

      Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;";

      көрсетілген құрамнан:

      Раев Мұрат Құмарұлы, Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы, Сисенбаев Тағыр Мұсаұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады