Теңіз жобасының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 946 қаулысы

      Теңіз жобасына қатысты кейбір мәселелер бойынша "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Әріптестерімен уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасы және "Шеврон Оверсиз Компани", "Шеврон Тексако Оверсиз Петролеум Инк.", "Эксон Мобил Қазақстан Венчурс Инк.", "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы, "ЛУКАРКО Би-Ви" компаниялары, "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы Сату туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке қағидаттық емес сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) және мүдделі ұйымдар (келісім бойынша) осы қаулыны және Келісімді іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      РҚАО-ның ескертуі. Келісімнің қазақша аудармасы берілмеген, орысша мәтіннен қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады