Жерді сақтап қою ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 993 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Жердi сақтап қою ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiмен, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетiмен бiрлесiп, құзыретi шегiнде үш ай мерзiмде топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдер мен басқа да биологиялық заттардың шектi жол берiлетiн шоғырлануының нормативтерiн бекiтсiн.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Азып-тозған, ластанған және бүлiнген жерлердi алудың, қорғаудың, пайдаланудың және консервациялаудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 16 маусымдағы N 976 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 27, 242-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1123 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілген өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 339-құжат).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 29 қыркүйектегі
N 993 қаулысымен
бекiтiлген

Жердi сақтап қою ережесi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жердi сақтап қою ережесi (бұдан әрi - Ереже) топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтiру, қоршаған ортаны жақсарту және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ауыл шаруашылығының тозған алқаптарын, шектi жол берiлетiн шоғырлануының және шектi жол берiлетiн әсер ету деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен тыс химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, сарқынды сулармен ластанған жердi, бүлiнген жердi, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердi сақтап қою тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар:

      жердiң тозуы - жердiң табиғи ортаның элементi ретiндегi функциясының өзгеруiне, оның сандық және сапалық жағдайының нашарлауына, табиғи-шаруашылық мәнiнiң төмендеуiне әкелiп соқтыратын процестер жиынтығы;

      жердiң ластануы - антропогендiк қызметтiң нәтижесiнде жерде шектi рұқсат етiлетiн зиянды заттар нормативтерiнен асып түсетiн, жердiң құндылығын төмендететiн, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасын, қоршаған ортаның басқа да объектiлерiн, халықтың тұру жағдайын нашарлататын мөлшерде әртүрлi заттар мен организмдердiң жинақталуы;

      радиоактивтi ластану - жердiң радионуклидтермен, оның iшiнде ядролық қаруды сынаудың, радиациялық авариялардың, ядролық қондырғылардың жұмыс iстеуiнiң, иондаушы сәулелену көздерiн, радиоактивтi заттар мен қалдықтарды сақтау және көму пункттерiн пайдаланудың, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға байланысты өзге де қызметтiң нәтижесiнде ластануы;

      химиялық ластану - топырақтың химиялық құрамының адамдардың өндiрiстiк, ауыл шаруашылық, тұрмыстық немесе өзге де қызметiнiң салдарынан оның құнарлылығы мен сапасының төмендеуiн тудыратын өзгеруi;

      биологиялық ластану - жердiң бактериологиялық, гельминтологиялық, энтомологиялық және карантиндiк ластануы;

      шаруашылық-тұрмыстық ластану - жердiң, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерiнiң жағымсыз өзгеруiн тудыратын өндiрiстiк қалдықтармен және сарқынды сулармен ластануы;

      бүлiнген жер - шаруашылық қызметтiң нәтижесiнде өсiмдiктерi жойылған, топырақ қабаты бұзылған, жердiң гидрологиялық режимi мен бедерi өзгерген жер учаскелерi;

      жердi сақтап қою - жердi шаруашылық айналымнан уақытша шығару.

      3. Осы Ереженiң қолданысы, белгiленген тәртiппен пайдаланылуы олардың бүлiнуiне байланысты болатын пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу, минералдық шикiзаттың қалдықтарын, шлам жинақтауыштарды, күл-қож үйiндiлерiн жинап қою, геологиялық барлау, iздестiру, құрылыс және өзге де жұмыстарды орындау үшiн берілген, бүлiнген (бүлiнетiн) жер учаскелерiне қолданылмайды.

2. Тозған, ластанған және бүлiнген жердi,
сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк
аурулары жұққан жердi анықтау, зерттеу және
сақтап қою

      4. Тозған, ластанған және бүлiнген жердi, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердi анықтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жердi пайдаланушының қолдаухаты, жергiлiктi атқарушы немесе өзге де құзыреттi органның бастамасы негiз болып табылады.

      5. Тозған, ластанған және бүлiнген жердi, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердi анықтауды белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде олардың жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруы тәртiбiмен немесе арнайы далалық зерттеу нәтижесiнде жергiлiктi атқарушы органдар, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық жер ресурстарын басқару қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi органдар және басқа да уәкiлеттi органдар жүргiзедi.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулыcымен.

      6. Облыстық (Астана және Алматы қалалары) атқарушы орган жердiң ластану деңгейi мен бүлiну дәрежесiн, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердi анықтау, келтiрiлген залалды айқындау, жердiң ластануынан, карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларының жұғуынан және бүлiнуiнен болған зардаптарды жоқ мақсатында арнайы комиссия құрады.

      Комиссияның құрамына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық жер ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, ауыл шаруашылығы органдарының және басқа да құзыреттi органдар мен ұйымдардың мамандары кiредi.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулыcымен.

      7. Комиссия жер ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi органдардың және басқа да уәкілеттi органдардың нормативтiк-нұсқаулық құжаттары мен әдiстемелiк нұсқамаларына сәйкес тозған, ластанған және бүлiнген жерге, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жерге кешендi зерттеу жүргiзедi.

      8. Жердiң ластану деңгейi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен бекiтiлген топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердiң және басқа да биологиялық заттардың шектi жол берiлетiн шоғырлануының нормативтерiне сәйкес анықталады.

      9. Арнайы комиссияның зерттеу материалдары комиссияның барлық мүшелерi қол қойған қорытындыда қорытылуы тиiс.

      Қорытындыда:

      меншiгiнде немесе пайдалануында тозған, ластанған, бүлiнген, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жер учаскесi бар тұлғаның деректерi;

      жердiң тозуын, ластануын, бүлiнуiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларының жұғуын тудыратын объектілер;

      егер ол анықталса, жердi ластаған, бүлдiрген, ауру жұқтырған тұлғаның деректерi;

      тозған, ластанған, бүлiнген, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң түрi мен алаңы;

      жердiң тозу, ластану, бүлiну, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларының жұғу дәрежесi бойынша сапалық жай-күйi;

      жер ресурстарына келтiрiлген залалдың бағасы;

      тозған, ластанған және бүлiнген жердi, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердi қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар, пайдаланудың арнаулы мақсатын өзгерту немесе пайдаланудың арнайы режимiн белгiлеу, сақтап қоюды жүзеге асыруға не шаруашылық айналымынан толық шығаруға ұсынылатын жер учаскелерiн бөле отырып, тозған, ластанған, бүлiнген жердi одан әрi шаруашылыққа пайдалану жөнiндегi ұсынылатын iс-шаралар көрсетіледi.

      10. Жердi кешендi зерттеу материалдары және арнайы комиссияның қорытындысы негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы аумақтық қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, ауыл шаруашылығы органдарымен және басқа да уәкiлеттi органдармен келiсiлген тозған, ластанған және бүлiнген жердi, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердi одан әрi пайдалану (арнаулы мақсатын өзгерту; пайдаланудың арнайы режимiн белгiлеу; жердi сақтап қою; шаруашылық айналымнан толық шығару) туралы шешiмнiң жобасын дайындайды және оны облыстық (Астана және Алматы қалалары) атқарушы органның бекiтуiне енгiзедi.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 511 қаулыcымен.

      11. Ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, белгiленген нормативтерден тыс химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, сарқынды сулармен ластанған, бүлiнген жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда, жердi сақтап қою жүргiзiледi.

      Тозған, ластанған және бүлiнген жердi, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердi сақтап қою мерзiмi көрсетiлген жердiң сапалық жай-күйiне байланысты комиссияның қорытындысы негiзiнде анықталады.

      12. Сақтап қоюға жататын жер учаскелерi азаматтық заңнамаға сәйкес оларды сақтап қою кезеңiне жер учаскелерi меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан алынады және тиiстi аудандық атқарушы органдарының босалқы жер құрамына ауыстырылады.

      Жер учаскесiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi сақтап қоюға байланысты келтiрiлген шығындар Жер кодексiнде көзделген тәртiппен өтелуi тиiс.

      13. Сақтап қою жағдайындағы жер учаскелерiнiң шекаралары жергiлiктi жерде арнайы белгілермен белгіленедi. Облыстық (Астана және Алматы қалалары) атқарушы орган бұл жер бойынша шаруашылық қызметке жол бермеу мақсатында оларды қорғауды қамтамасыз ететiн режим белгiлейдi.

3. Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген
жер учаскелерiн алып қою және қорғау

      14. Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жердi босалқы жердiң құрамына ауыстыру туралы материалдарды тиiстi облыстық атқарушы органдардың қолдаухаты бойынша қоршаған ортаны қорғау және атом энергиясын пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына жолданады.

      Ядролық қару сынақтары жүргiзілген жер учаскелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен босалқы жер құрамына ауыстырылады.

      15. Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерiн ядролық қаруды сынаудың зардаптарын жою және кешендi экологиялық зерттеу жөнiндегi барлық iс-шаралар аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасының Үкiметi жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беруi мүмкiн.

      Кешендi экологиялық зерттеудiң құрамын, әдiстемесiн, оны жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды атқарушыны атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық атқарушы органның келiсiмi бойынша анықтайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады