Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерiн және Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы N 1037 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-02/132 бұйрығын қараңыз.
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.07 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.07 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) қоса беріліп отырған Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесi бекiтілсiн.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.07 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орманды жерлердi алған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiне келтiрілген зиянды және меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға келтірiлген, өтеуге жататын шығындарды айқындау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 4 наурыздағы N 299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 11, 75-құжат);

      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 7 маусымдағы N 708 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесiнiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 26, 243-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 4 наурыздағы N 299 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 23 қазандағы N 1352 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 470-құжат).

      3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 8№қазандағы
N 1037 қаулысына
1-қосымша

      Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес

      мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы

      алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы

      өндiрiсiнiң шығындарын өтеу

      Нормативтері

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 8№қазандағы
N 1037 қаулысына
2-қосымша

      Орман және ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес

      мақсаттарға пайдалану үшiн орман алқаптарын алып қоюдан

      туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiнің шығындарын өтеу

      Нормативтері

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 8 қазандағы
N 1037 қаулысымен
бекiтілген

Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып,
ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу, сондай-ақ
орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу
ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.04.07 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу тәртібін белгілейді.

      2. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтеріне (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтері) сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді жер учаскелері берілетін заңды және жеке тұлғалар орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтеріне сәйкес орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері жасаған есептемеге сәйкес жүзеге асырады.

      Орман шаруашылығы өндірісінің залалдарын өтеу азаматтық заңнамаға сәйкес орман шаруашылығы өндірісінің нақты зиянын өтеуді, қолдан шығарылған пайданы өтеуді қамтиды.

      4. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді жер учаскелері берілетін заңды немесе жеке тұлғалар өздерінің қаражаты есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу шартымен жүргізеді.

      Жер учаскесі берілетін заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу кезінде жерге орналастыру жобасында мыналар қосымша белгіленеді:

      құнарлы топырақ қабатын салу көзделетін жер учаскесі алқаптарының орналасқан жері, алаңы мен түрлері;

      салынатын құнарлы топырақ қабатының көлемі;

      алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындардың сомасы (құны);

      алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған сома есепке алынған шығындардың мөлшері.

      5. Өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу көзделетін жер учаскесін таңдау жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      6. Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің өтеуге жататын шығындарының мөлшері ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтері бойынша анықталған шығындардың құны мен алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындардың құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

      7. Осы Ереженің 6-тармағына сәйкес анықталған алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу мөлшері сондай-ақ осы Ереженің 3-тармағына сәйкес анықталған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарының мөлшері жер учаскесі берілетін тұлғамен келісіліп, жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімімен бекітілетін актімен ресімделеді.

      8. Шығындар мен залалдар жер учаскесіне құқық беру немесе ауыл шаруашылығы мен орман алқаптарының нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылданған сәттен бастап алты ай мерзімде республикалық бюджеттің кірісіне өтеуге жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады