Қазақстан Республикасының дәрiгерi антының мәтiнiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1189 қаулысы

      "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының дәрiгерi антының мәтiнi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 27 қарашадағы
N 1189 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң анты

      Дәрiгер деген биiк дәрежелi атаққа ие бола отырып, өз ұстаздарым мен әрiптестерiмнiң алдында өзiмнiң барлық күш-жiгерiмдi адамдардың денсаулығын сақтауға арнай отырып дәрiгерлiк ұлы iске адал және жанқиярлықпен қызмет етуге салтанатты түрде ант етемiн.
      Өз қызметiмде адам денсаулығы жоғары құндылық болып табылатындықтан, емделушiлерiмнiң мүдделерiн ғана басшылыққа алуға ант етемiн. Олардың жасына, жынысына, ұлтына, дiнiне, әлеуметтiк жағдайына және азаматтығына қарамастан көмектi қажет еткен әрбiр адамға бiрдей ынтамен және төзiммен медициналық көмек көрсетуге ант етемiн.
      Дәрiгерлiк құпияны сақтауға және оны ешқашан пайдакүнемдiк мақсатта пайдаланбауға ант етемiн.
      Өз бiлiмiм мен шеберлiгiмдi үнемi жетiлдiрiп отыруға, өзiме және шәкiрттерiме талапшыл болуға, риясыз жәрдем беруден ешқашан бас тартпауға және егер емделушiнiң мүддесiне қажет болса, әрiптестерiмнен кеңес алуға ант етемiн.
      Қазақстан медицинасының игi дәстүрiн сақтауға және жалғастыруға, менi дәрiгерлiк өнерге үйреткен ұстаздарыма алғысым мен сый-құрметiмдi сақтауға ант етемiн.

_______________________
(жеке қолы)    

_____________
(күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады