Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi "Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1240 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты" еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым мен табиғат қорғау саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінiң бекiтуiне Кәсiпорынның жарғысын ұсынсын;
      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазгидромет" және "Қазавиамет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы N 185  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 7, 51-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын;
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1113 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады