Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жекелеген мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1302 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  24-бабына  сәйкес, сондай-ақ тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық саланы басқару саласында мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі N 996  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтағы "құрылысты," деген сөзден кейін "тұрғын үй-коммуналдық саланы," деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      1) тармақша "және құрылыста," деген сөздерден кейін "тұрғын үй-коммуналдық салада," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "аясында өнеркәсіп және құрылыс салаларын" деген сөздер "шегінде өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық салаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      1) тармақшадағы "саласындағы" деген сөзден кейін "тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) тармақшада:
      бірінші абзац "құрылысты" деген сөзден кейін ", тұрғын үй-коммуналдық саланы" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац "құрылыс қызметі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саланы" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақтың 1) тармақшасы "құрылысты," деген сөзден кейін "тұрғын үй-коммуналдық саланы," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 41, 414-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті туралы ережеде:
      1-тармақ "саласында" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық салада" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақта:
      1) тармақшада:
      "саласындағы" деген сөз "аясындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "мемлекеттік" деген сөздің алдынан ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      1) тармақшадағы "саласындағы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақша "және құрылыс қызметін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саланы" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "құрылыс" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық сала" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) тұрғын үй-коммуналдық салада нормативтік-техникалық құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу";
      9) тармақша "саласындағы" деген сөзден кейін "және тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      18) тармақша "саласындағы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      20) тармақша "бақылауын" деген сөзден кейін "(инспекциялауды)" деген сөзбен толықтырылсын;
      11-тармақта:
      2) тармақшада:
      "саласындағы" деген сөз "аясындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "нормативтік" деген сөздің алдынан ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "саласындағы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) тармақша "қызметі" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саласын" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) тармақшада "және құрылыс саласында" деген сөздер ", құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық салаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      "19-1. Комитетте мыналар:
      1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес;
      2) сәулет-қала құрылысы кеңесі;
      3) техникалық проблемаларды шешуге және сейсмикалық төзімді құрылысқа байланысты мәселелерді қарау үшін сарапшылық комиссия құрылады";
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің құрылымында:
      "Сәулет, жобаларды техникалық сараптау және тұрғын үй саясаты басқармасы" деген жолдағы "тұрғын үй саясаты" деген сөздер "құқықтық жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Құрылыстағы экономикалық талдау және баға құрау басқармасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Тұрғын үй саясаты және тұрғын үй-коммуналдық сала басқармасы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады