Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1343 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы N 1689 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.27. N 1689 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегі үйлестіру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Кеңес құрамы;
      2) Кеңес туралы ереже бекітілсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  
2003 жылғы 29 желтоқсандағы     
N 1343 қаулысымен         
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы

Шөкеев Өмірзақ         - Қазақстан Республикасы
Естайұлы                 Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

Школьник               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич       сауда министрі, төрағаның орынбасары

Қосынов                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Алмас Олжабайұлы         сауда вице-министрі, хатшы

Жәмішев                - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Евниев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Арман Қайратұлы          вице-министрі

Радостовец             - Республикалық тау-кен және тау-кен
Николай Владимирович     металлургия кәсіпорындары қауымдастығының
                         президенті (келісім бойынша)

                    Кеңес мүшелері:

Келімбетов             - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Қайрат Нематұлы          акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
                         (келісім бойынша)

Глухов                 - Қазақстан Республикасы жиһаз және ағаш
Михаил Николаевич        өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары
                         қауымдастығының президенті
                         (келісім бойынша)

Худова                 - Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп
Любовь Николаевна        кәсіпорындары қауымдастығы басқармасының
                         төрайымы (келісім бойынша)

Беклемишев             - Қазақстан Республикасы жер қойнауын
Павел Иннокентьевич      пайдаланушылар үшін жабдық өндірушілер
                         мен қызметтер көрсетушілер
                         қауымдастығының президенті, "Белкамит"
                         бірлескен кәсіпорны" акционерлік
                         қоғамының бас директоры (келісім бойынша)

Қасымбек               - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жеңіс Махмұтұлы          коммуникация вице-министрі

Қуанғанов              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы       министрлігінің жауапты хатшысы

Перуашев               - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы         экономикалық палатасының төрағасы (келісім
                         бойынша)

Сұлтанов               - "Қазақстанның ФармМедИндустриясы"
Серік Егелұлы            Қазақстанның фармацевтикалық және
                         медициналық өнімдерін өндірушілер
                         қауымдастығының президенті (келісім
                         бойынша)     
      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.14. N 764 , 2005.04.22. N 377 , 2005.12.02. N 1184 , 2007.05.31. N 442 , 2007.10.29. N 1006 , 2008.12.31. N 1352 қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2003 жылғы 29 желтоқсандағы     
N 1343 қаулысымен         
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ереже

      Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) қызметiнiң мiндеттерiн, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негiздерiн айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Үйлестiру кеңесi мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк даму институттарының индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру мәселелерi бойынша келiсiлген көзқарастарды, шешiмдердi және ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында құрылды.

      2. Үйлестiру кеңесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      3. Үйлестiру кеңесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерi

      4. Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын (бұдан әрi - Стратегия) тиiмдi iске асыруға бағытталған экономика, ғылым, бiлiм беру, өнеркәсiп, өндiрiстiк инфрақұрылым салаларында келiсiлген мемлекеттiк саясатты қабылдау және iске асыру;
      2) инвестициялық саясат мәселелерiндегi мемлекеттiк даму институттарының келiсiлген iс-қимылдары;
      3) Стратегияны iске асыруға бағытталған мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк даму институттарының келiсiлген iс-қимылдары бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.

3. Үйлестiру кеңесiнiң функциялары

      5. Үйлестiру кеңесi қойылған мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Стратегияны iске асыруға тiкелей немесе жанама әсер ететiн салаларда мемлекеттiк саясатты iске асыруға тұжырымдамалық көзқарастар әзiрлейдi;
      2) дамуы елдiң индустриялық-инновациялық тұрғысынан маңызды болып табылатын өнеркәсiптiң басым салалары мен секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар әзiрлейдi;
      3) елдiң индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшiн iске асыруға қажетті iс-шаралар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      4) мемлекеттік даму институттарының келiсiлген инвестициялық саясатын қамтамасыз ету, олардың арасында тиімдi ақпарат алмасу мен инвестициялық және инновациялық жобаларды бiрлесiп iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      5) Стратегияны өңiрлiк деңгейде iске асыру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
      6) инвестициялық ахуалды жетілдіру және ел экономикасының шикізат емес секторына тікелей шетел инвестицияларын тарту жөніндегі жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.02. N 1184 қаулысымен.

4. Үйлестiру кеңесiнiң құқықтары

      6. Үйлестiру кеңесiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде:
      1) Стратегияны iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзуге;
      2) өз жұмысына мемлекеттiк органдардың басшыларын, ғалымдарды, сарапшыларды және мамандарды тартуға құқығы бар.

5. Жұмысты ұйымдастыру

      7. Үйлестiру кеңесiнiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.

      8. Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Үйлестiру кеңесiнiң отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды.

      9. Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы жоқ болғанда отырыс Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы орынбасарларының бiрiнiң төрағалық етуiмен өткiзiледi.

      10. Үйлестiру кеңесiнiң кезектi отырысының күн тәртiбiн оның төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып жасайды.

      11. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары қажеттiлiгіне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.

      12. Отырыс Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқанда заңды болып есептеледi.

      13. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады.

      14. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi төраға немесе отырыста төрағалық еткен оның орынбасарларының бiрi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады