Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығын "Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1354 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып аталсын.

      2. Мекеменің негізгі міндеттері:
      тіршілік ету орта объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайда, халықтың денсаулығына әсер етуін кешенді бағалау;
      халықтың жұқпалы, паразиттік аурулармен ауруының және улануының пайда болу себептері мен жағдайларын зерттеу болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеменің жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарына қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген реттік нөмірі 38-жолдағы "Санитарлық-эпидемиологиялық станциясы" деген 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "1 Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы".

      5. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады