"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1360 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы       "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 154-құжат; 1999 ж., N 8, 239-құжат; N 23, 925-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 1-2, 13-құжат):
      1) 11-баптың 1) тармақшасындағы "16 жасқа дейiнгi мүгедек- балалар" деген сөздер "18 жасқа дейiнгi мүгедек-балалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 12-баптың 1) тармағындағы "16 жасқа дейiнгi мүгедек- балаларға" деген сөздер "18 жасқа дейiнгi мүгедек-балаларға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат; 2000 ж., N 23, 411-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат):
      1) 4-баптың 8) тармақшасындағы "16 жасқа дейiнгi мүгедек- балалар" деген сөздер "18 жасқа дейiнгi мүгедек-балалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-баптың 11) тармағындағы "16 жасқа дейiнгi мүгедек- балаларға" деген сөздер "18 жасқа дейiнгi мүгедек-балаларға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14 173-құжат; N 24, 338-құжат):
      1) 1-баптың 20-1) тармақшасында "ауыл, (село) жастары" деген сөздерден кейiн ", мүгедектер," деген сөзбен толықтырылсын;
      2) 4-баптың 5-тармағының екінші бөлігiнiң үшiнші абзацындағы "бала кезiнен мүгедектер" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 13-баптың 3-тармағында:
      екiншi бөлiктегi "бала кезiнен мүгедектер" деген сөздерден кейiн ", мүгедек балалар" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы жетінші бөлiкпен толықтырылсын:
      "I және II топтағы мүгедектер және мүгедек балалар үшін кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарына оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi.".

      4. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2001 ж., N 3, 18-құжат):
      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгiлеу;
      5-2) мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы жұмыс орындарын құру;".

      5. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; 2003 ж., N 18, 142-құжат):
      1) 87-1-бап мындай мазмұнмен толықтырылсын:
      "87-1-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңдарды бұзушылық
      Жұмыс берушiнiң, лауазымды адамның мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңдарды бұзушылығы -
      жұмыс берушiге немесе лауазымды адамға екi жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде, заңды тұлғаға - төрт жүз айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшердегi айыппұлға әкелiп соқтырады.";
      1) 502-бап алынып тасталсын;
      2) 574-баптың бiрiншi бөлiмiнде "баппен" деген сөз ", 87-1-баптармен" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 жылғы N 17-18, 243-құжат):
      78-баптың 10-тармағының 2) тармақшасындағы "денсаулық сақтау," деген сөздерден кейiн "халықты әлеуметтiк қорғау," деген сөздермен толықтырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 жылғы N 17, 154-құжат):
      1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) мүгедек бала - аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан туындаған, тiршiлiк әрекетiнiң шектелуіне және оны әлеуметтiк қорғаудың қажеттiгiне әкелiп соқтыратын, ағза функциясының тұрақты бұзылушылығы бар, 18 жасқа дейінгі адам;".

      2-бап. Осы заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады