Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерістр мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1385 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы  3-тармағының 1) тармақшасына, 4-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына және 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Смета бойынша тиісті органды ұстауға арналған қаражатты үнемдеу есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) атауында және 1-тармақта:
      "үнемдеу" деген сөз алынып тасталсын, "қаражатты" деген сөз "қаражат" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Смета бойынша" деген сөздер "Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кiрiспеде "4-тармағының 2) тармақшасына" деген сөздер "3-тармағының 1) тармақшасына, 4-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына және 4-1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекiтілген Смета бойынша тиiстi органды ұстауға арналған қаражатты үнемдеу есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу ережесінде:
      атауында:
      "үнемдеу" деген сөз алынып тасталсын, "қаражатты" деген сөз "қаражат" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Смета бойынша" деген сөздер "Бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу бюджеттік бағдарламаны, (кішi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      1-2. Мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне сыйлық беру мемлекеттiк орган басшысы - республикалық бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi не оны алмастыратын тұлғаның шешiмi бойынша жүргiзіледi деп белгіленсiн.";
      8-тармақта:
      1) тармақшада "(ата-анасының, зайыбының, аға-iнiсiнiң, әпке-сiңлiсiнiң, балаларының)" деген сөздер "(зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшада "зиян келтiру" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы";
      12-тармақта "жеке және жиынтық сметаларына" деген сөздер "бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "- қосымша ақшалай төлемдер.";
      мынадай мазмұндағы тараумен және 15-тармақпен толықтырылсын:

"Мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшілерiне бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен сыйлықақы төлеу тәртiбi

      15. Сыйлық берудiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгiн тиiстi органды ұстауға арналған бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына сәйкес тоқсандар бөлiгiнде тең үлестермен орталық мемлекеттiк органның басшысы - бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi белгiлейдi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады