Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1464 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақсатн Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 30 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 2 шiлдедегi N 713 қаулысымен  бекiтiлген Микропроцессорлық карточкалар негiзінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және бacқa да ақшалай төлемдердi төлеудiң тәртібiн жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1464 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 447-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджет қаражаты есебiнен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындарға және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлiк қоғамдарға жалақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудің тәртiбiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы";
      кiрiспедегi "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақта:
      "банктiк операциялардың тиiсті түрлерiне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар" деген сөздер "банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрi - ұйымдар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Астана мен Алматы және облыстық маңызы бар қалалардағы мемлекеттiк мекемелер 2004 жылғы 1 мамырдан бастап қызметкерлерге жалақыны және басқа да ақшалай төлемдердi алушының таңдауы бойынша ұйымдарда ашылған карт-шоттарға аудару жолымен төлеудi жүзеге асырсын.
      Кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары мен акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар 2004 жылғы 1 мамырдан бастап Астана мен Алматы және облыстық маңызы бар қалалардағы мемлекеттiк кәсiпорындардың және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың қызметкерлерiне жалақыны және басқа да ақшалай төлемдердi алушының таңдауы бойынша ұйымдарда ашылған карт-шоттарға аудару жолымен төлеуге көшу жөнiнде жұмыс жүргiзсiн.";
      2-тармақтағы "банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бap" және "банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар" деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақта:
      "Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден" деген сөздер "Бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "шоттарына" деген сөзден кейiн "немесе банктiк шоттарына" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады