Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесiне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерiн беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 79 қаулысы

      Ұлттық және халықаралық маңызы бар Солтүстiк Қазақстанның бiрегей табиғи объектiлерi ретiнде Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығының жануарлар және өсiмдiктер дүниесiнiң бағалы түрлерiн сақтау мақсатында және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қостанай облысының Қарамеңдi және Наурызым ауылдық округтерi ауылдық елдi мекендерiнiң жерлерiнен жалпы алаңы 4178 гектар жер учаскелерi, сондай-ақ Наурызым ауданының жалпы алаңы 99509 гектар босалқы жерлерi алынсын және олар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi - Мекеме) қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға берiлсiн.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген жер учаскелерi ауылдық елдi мекендер жерлерiнен және босалқы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiнiң санатына ауыстырылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Мекеме жерлерiнiң жергілікті шекарасын белгiлесiн.

      4. Қостанай облысының әкімі Мекеме жерлерiнiң төңiрегiнде қорғау аймағын белгiлеп, осы аймақтың шегінде бұл аумақтың экологиялық жүйесiнiң жай-күйiне және оны қалпына келтіруге теріс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салатын болсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2004 жылғы 26 қаңтардағы
N 79 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесiне
тұрақты жер пайдалануға жер берілетін Қостанай облысының Наурызым ауданы аумағындағы жерлердің
ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

____________________________________________________________________
Р/|     Жер       |Жалпы  |              Оның ішінде
с | пайдаланушы.  |алаңы, |_________________________________________
  |   лардың      | га    |  А/ш  |егіс.|шабын.| Жайылымдар, |Өзге
  |   атауы       |       | алқап.|тік  | дық, |     га      |жер.
  |               |       | тары. |жер, | га   |____________ |лер,
  |               |       |  ның  | га  |      | бар.|оның   | га
  |               |       | жиыны,|     |      |лығы |ішінде |
  |               |       |  га   |     |      |     |түбі.  |
  |               |       |       |     |      |     |рінен  |
  |               |       |       |     |      |     |жақсар.|
  |               |       |       |     |      |     |тылған |
____________________________________________________________________
                     Қарамеңді ауылдық округі
____________________________________________________________________
1  Қарамеңді ауылы   1962    1904    -      -    1904   256     58
2  Киевка ауылы      290     287     -      -    287     -      3
   Жиыны:            2252    2191    -      -    2191   256     61
____________________________________________________________________
                      Науырызым ауылдық округі
____________________________________________________________________
3  Науырызым ауылы   607     363     -      -     363    -      244
4  Қожа ауылы        1316    1306    -      -     1306   -      10
5  Сарышығанақ ауылы  3       3      -      -      3     -
   Жиыны:            1926    1672    -      -     1672   -      254
6  Босалқы жерлер    99509   96273   778   20834  74661  3843   3236
   Барлығы:          100136  100136  778   20834  78524  4099   3551
____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады