Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 151 қаулысы

      Қысқы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларға спорт резервiн сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгінiң Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
      1) Кәсiпорынның Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне бекiтуге ұсынуды қамтамасыз етсiн;
      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады