Байланыс формасы

Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының "Азаматтық істер бойынша экспертиза туралы" 1989 жылғы 22 желтоқсандағы N 14 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 15 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 9 Нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының "Азаматтық істер бойынша экспертиза туралы" 1989 жылғы 22 желтоқсандағы N 14 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының атауындағы "Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспеде:

      бірінші және бесінші абзацтағы "Қазақ ССР Жоғары Сотының Пленумы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "АІЖК-нің 40, 42" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 40, 41" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "257-статьясы" деген сөз "305-статьясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-тармақта:

      бірінші абзацтағы "АІЖК-нің 73, 74, 78-статьяларының" деген сөздер "АІЖК-нің 91, 93, 94, 95, 98-статьяларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "221-статьясында" деген сөздер "252-статьясында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 4-тармақтағы "73-статьясына" деген сөздер "91-статьясына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 5-тармақтағы "74-статьясы" деген сөздер "93-статьясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 11-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады