Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының "Күйгенжар" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 178 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының "Күйгенжар" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Күйгенжар" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының мемлекеттік резиденциялары мен басқа да объектiлерi үшiн жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы (келiсiм бойынша) заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) қоғамның жарғылық капиталын 2004 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен 274798000 (екі жүз жетпiс төрт миллион жетi жүз тоқсан сегiз мың) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;
      2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғамның жарғысын бекiтудi қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының оған Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетiне иелiк ету және пайдалануға беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгеріс бекiтiлсiн.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 16 ақпандағы  
N 178 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбiр шешімдерiне
енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнің Іс Басқармасының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Күйгенжар" AҚ".

      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-54-жолмен толықтырылсын:
      "21-54. "Күйгенжар" АҚ".

      3. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      көрсеткен қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 238-7-жолмен толықтырылсын:
      "238-7. "Күйгенжар" AҚ".

      4. "Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1212 қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      реттiк нөмiрi 5-жол алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады