Байланыс формасы

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың кейбір нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 8-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың принциптерін сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізілген істі оның сипаты мен мәніне қарай жарамсыз деп тануға, осындай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдердің күшін жоюға не осы орайда жиналған материалдардың дәлелдемелік күшін жоқ деп тануға әкеп соғатынын назарда ұстаған жөн.

      Ескерту. 1-тармақтағы өзгерістің қазақ тіліндегі мәтінге қатысы жоқ - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      2. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын, заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарында ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді атқаратын адамдарды лауазымды адамдар қатарына жатқызу керек.

      Заңды тұлға құрмаған жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, заңды тұлғаның басшылары, сол сияқты жеке кәсiпкердiң және заңды тұлғаның ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтерді орындайтын жұмыскерлерi аталған қызметтерді атқаруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Заңды тұлғаның басшысы деп заңды тұлғаның жеке-дара немесе алқалық атқарушы органына енетін адамды түсіну керек.

      Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің ерекше бөлігімен лауазымды адамның, сондай-ақ заңды тұлғаның жауапкершілігі көзделсе, соңғының жауапкершілігі, егер әрекетті заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаған, санкция берген, мақұлдаған жағдайда ғана туындайды (ӘҚБтК-нің 36-бабының екінші бөлігі).

      Лауазымды адамдар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараған кезде жауаптылыққа тартылған адамдардың қызметтік өкілеттігін реттейтін құрылтайшылық құжаттардың, бұйрықтардың және өзге де актілердің ережелерін әрбір нақты жағдайда ескеріп отырған жөн.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      3. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу негізгі, сондай-ақ қосымша әкімшілік жаза шарасы ретінде (ӘҚБтК-нің 46-бабының екінші бөлігі) қолданылуы мүмкін.

      ӘҚБтК-нің ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясы осындай жазалау шарасын көздеген жағдайда іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

      Егер соттың белгілеген мерзімінде қажетті әрекеттерді (шараларды) жүзеге асыру - қызметті тоқтата тұру арқылы құқық бұзушылық жойылса немесе құқық бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаса не қызметіне тыйым салу түрінде оны жою мүмкін болмаса, көрсетілген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болады.

      Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрудың (ӘҚБтК-нің 53-бабының үшінші бөлігі) нақты мерзімін көрсету міндетті болып табылады.

      Егер ӘҚБтК-нің ерекше бөлім баптарының санкциясы көрсетілген жазалау шарасын көздемесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы мәселе соттың істі талап қою өндірісінің тәртібімен қарауына жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) тиісті талап арызын сот барлық мүдделі адамдардың қатысуымен он күндік мерзім ішінде қарайды (ӘҚБтК-нің 53-бабының екінші бөлігі). Осы орайда тиісті орган (лауазымды адам) талап арызға кінәлі адамға қатысты жазылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, соттың шешуіне жататын қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу мәселесі туралы немесе әкімшілік жауапқа тарту жағдайындағы қаулыны талап арызға қоса тіркеуге міндетті.

      4. ӘҚБтК-нің 60-бабының алтыншы бөлігінің талабы бойынша бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бір негізгі немесе негізгі және қосымша әкімшілік жаза (қосымша әкімшілік жазалар) қолданылуы мүмкін. Осы себепті адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықтан босатылатын болса, онда ол негізгі жазадан, сондай-ақ қосымша жазадан (жазалардан) босатылуға жататынын соттардың ескерулері қажет.

      Егер ӘҚБтК ерекше бөлімі бабының санкциясымен негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазаларды қолдану қарастырылса, уәкiлеттi орган (лауазымды адам), сот негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазаларды соңғысының іс жүзінде орындалу-орындалмауына қарамастан қолдануға міндетті.

      ӘҚБтК-нің 46-бабының екінші бөлігіне сәйкес, шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіруді тек әкімшілік қамау түрінде негізгі әкімшілік жазамен қатар ӘҚБтК-нің 391-1-бабының үшінші бөлігі, 394-бабының екінші бөлігі бойынша қосымша әкімшілік жаза ретінде қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      5. Егер адам бірінші рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, келтірілген материалдық залалды істі қарағанға дейін өз еркімен өтесе немесе мүліктік емес сипатта келтірілген зиянның орнын өзгедей жолмен толтырса (кешірім өтінсе, моральдық зиянды өтесе, жәбірленушімен татуласу үшін өзге де әрекеттерді және т.б. жасаса), жасаған әрекетіне өкініш білдіруіне байланысты (ӘҚБтК-нің 67-бабы ) әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

      6. Әкімшілік құқық бұзушылықтың формальды белгілері бар, алайда зиянның мөлшерінің аздығына байланысты қоғамға қауіп тудырмайтын әрекетті аз мөлшерлі құқық бұзушылық деп түсіну керек.

      Материалдық залал келтірген құқық бұзушылықты жасаған адамды ӘҚБтК-нің 68-бабының негізінде әкімшілік жазадан босату туралы мәселені шеше отырып, осы залал мөлшерінің ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінің баптарында көзделген санкция мөлшерінен кем болуға тиіс екенін ескеру қажет.

      Мүліктік емес сипатта зиян келтірген құқық бұзушылықты жасаған адамды жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша әкімшілік жазадан босату туралы мәселені шешу кезінде қол сұғылған объектіні, құқық бұзушылықты жасаудың нақтылы мән-жайы назарға алынуға тиіс.

      Құқық бұзушының жеке басының беделі, оның материалдық немесе отбасылық жағдайы, сондай-ақ оның құқық бұзушылықтан туындаған жағдайларды жоюға бағытталған әрекеттері құқық бұзушылық қауіптілігі дәрежесінің төмендеуін айғақтайтын мән-жайлар болып табылмайды.

      7. Тұлғаны ӘҚБтК 71-бабында қарастырылған негіздерде әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы мәселені шешкенде жағдайдың өзгергені деп объективті себептер мен мән-жайлардың салдарынан әрекеттің қоғамға қауіптілік белгісінің жойылуы түсінілетінін ескеру қажет.

      Әкімшілік жазаны орындауға кедергі болатын ауру деп жауаптылыққа тартылған адамның белгілі бір жазаны орындауы мүмкін еместігі тиісті медициналық қорытындымен куәландырылған жағдайын түсіну керек.

      Тұлғаны ӘҚБтК 8-тарауының негіздерінде әкімшілік жауапкершіліктен босатқан жағдайда іс өндірістен қысқартылуға жатады.

      ӘҚБтК 9-1-тарауында , сондай-ақ ӘҚБтК 131-бабында , ӘҚБтК 158-бабында , ӘҚБтК 158-1-бабында , ӘҚБтК 174-бабының үшінші бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін тұлға жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

      Татуласу туралы келісім сотқа немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi лауазымды адамға беріледі, онда жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жерінің адрестері, аталған тұлғалардың татуласуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы iстi қысқарту жөніндегі өтініші, өтініш берілген күні көрсетіліп, қолдары қойылуы тиіс.

      Осындай келісім түскенде судья, уәкiлеттi органның лауазымды адамы жәбірленушіге осындай өтініш берудің салдарын түсіндіреді де ол туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға енгізеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді) нормативтік қаулысымен.

      8. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға байланысты мәселелерді қарау кезінде осындай жағдайдың әкімшілік жауапкершілікке адам тартылмауға тиіс болғанда, іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар туындағанда (ӘҚБтК-нің 580-бабы ), сондай-ақ адамды әкімшілік жауапкершілікке тартуға немесе әкімшілік жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін мән-жайлар кезіккенде (ӘҚБтК-нің 71, 581-баптары ) орын алуы мүмкін екенін соттардың ескергендері жөн.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың нәтижелері бойынша кінәлі адам ӘҚБтК-нің 35-бабына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартуға жататын болса, онда осы мәселені шешу үшін іс материалдары тиісті органдарға жолдануы, әкімшілік іс қысқартылуы мүмкін.

      Әкімшілік құқық бұзушылық өндірісі бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы шешім істі әзірлеу барысында, сондай-ақ оны мәні бойынша қараған кезде де қаулы түрінде (ӘҚБтК-нің 646-бабының үшінші бөлігі) шығарылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді) нормативтік қаулысымен.

      9. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы уәкілетті лауазымды адам жасайды. Оның мазмұны ӘҚБтК-нің 635-бабының екінші бөлігінде баяндалған талаптарға сәйкес болуы тиіс, ал оларды сақтамау ӘҚБтК-нің 646-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасының талабына сай, сондай-ақ материалдардың толық ұсынылмауы, оларды істі қарау кезінде толықтырудың мүмкін болмауы іс материалдарын хаттаманы жасаған органға (лауазымды адамға) кері қайтаруға әкеп соғады.

      Іс материалдарын кері қайтару туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады.

      Істің хаттамасы мен басқа материалдарын қайтарып жібергеннен кейін судья, орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға әзірленуге байланысты барлық мәселелерді қайтадан шешуге міндетті.

      Уәкілетті лауазымды адамдар істің хаттамасы мен басқа материалдарын қайта жіберген жағдайда ӘҚБтК-нің 635-бабының екінші бөлігінде баяндалған талаптарға сәйкес келмеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы бастапқы хаттаманы оған қоса тіркеуге міндетті.

      Прокурордың әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулысы да ӘҚБтК-нің 635-бабында көздеген талаптарға сәйкес болуға тиіс. Осы талаптар сақталмаған, сондай-ақ тапсырылған материалдар толық болмаған жағдайда, сот материалды істі қозғаған прокурорға кері қайтаруға құқылы.

      ӘҚБтК-нің 636-бабында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті лауазымды адамдар тобы айқындалған. ӘҚБтК-нің 32-тарауында әкімшілік істердің қайда қарауға жататындығы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың тізбесі белгіленген.

      ӘҚБтК-нің 640-бабының бірінші бөлігінің мазмұны бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап үш тәулiктің iшiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлетті мемлекеттік органға, лауазымды адамға жiберiледi. Заңның осы талабы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған лауазымды адамның өзі істі қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқығы болмаған жағдайларда, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған адамның істерді қарауын болдырмайтын, ӘҚБтК-де көзделген өзге де жағдайларда қолданылады.

      Өзге жағдайларға, мысалы, ӘҚБтК-нің 539-бабының бесінші бөлігінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізілетін адамның арызы бойынша ӘҚБтК-нің 2-тарауының Ерекше бөлігінде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы істі судья қарайтындығы туралы талаптарын орындау жатады.

      Құқық бұзушының істің шешілуі үшін елеулі маңызы бар өтінішін әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде қанағаттандыру мүмкін болмаса, лауазымды адамды сол жерде әкімшілік жаза қолдану құқығынан айырады.

      ӘҚБтК-нің 27-бабының үшінші бөлігінде, 539-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде, 541-бабында көзделген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ӘҚБтК-нің 642-бабында белгіленген ережелерді сақтай отырып, мамандандырылған әкімшілік сотқа немесе аудандық сотқа қарау үшін жіберілуге тиіс.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған лауазымды адам ӘҚБтК-де тікелей көзделген әрі істі қарауды және сол жерде жазалау шарасын қолдануды болдырмайтын жағдайларды қоспағанда, әкімшілік істі өзі қарауға құқылы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      10. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қайта қарауға әзірлік кезінде сот жауапқа тартылған адамның, оның заңды өкілінің, куәнің дәлелді себептерсіз келмеуіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыруға және оларды сотқа алып келуге міндеттеуді шешуге (ӘҚБтК-нің 584-бабының төртінші бөлігі, 587-бабының алтыншы бөлігі, 594-бабының бесінші бөлігі) құқылы.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамға, ӘҚБтК-нің 584-бабының үшінші бөлігінде аталған адамдардан басқа, істің қаралатын орны мен уақыты тиісті түрде хабарланғаны туралы деректер болса және одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген жағдайда, онда іс оның қатысуынсыз қаралуы мүмкін (ӘҚБтК-нің 584-бабының екінші бөлігі).

      ӘҚБтК-нің 584-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қатысуынсыз іс қаралуға жатпайды. Егер ішкі істер органдарының (полицияның) мәжбүрлеп алып келу туралы ұйғарымды орындау бойынша бірнеше рет шара қолдануының нәтижесінде осы адамның тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда судья, орган (лауазымды адам) ӘҚБтК-нің 646-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және өзге де материалдарды, хаттаманы әзірлеген органға (лауазымды адамға) кері қайтаруға құқылы.

      11. 16 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қарсы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасағанда, онда олардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдар туралы мәліметтер жазылады және олар істі қарауға кәмелетке толмағанның заңды өкілі ретінде қатыстырылуға жатады.

      14 жастан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған болса, ол бойынша ӘҚБтК-нің нормаларымен ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдардың жауапкершілігі көзделген жағдайда (мысалы, ӘҚБтК-нің 331-бабы ), онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы адамдарға қарсы жазылады. Осындай тұлғаларға қатысты әкімшілік іс бойынша шығарылған қаулыда жасалған құқық бұзушылықтағы олардың кінәсі неде екені көрсетілуі тиіс.

      Әкімшілік құқық бұзушылық жасалған уақытқа дейін кінәлі адам он алты жасқа толса және одан өндіріп алу үшін дербес табысы немесе мүлкі болған жағдайда айыппұл түріндегі әкімшілік жазалау шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандарға тағайындалған айыппұл көлемі он айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек. Кәмелетке толмағанның мұндай табысы немесе мүлкі болмаған жағдайда айыппұл ӘҚБтК-нің 48-бабының талаптары сақтала отырып оның ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады. Бұл туралы қаулыда көрсетілуге тиіс.

      Бір топ кәмелетке толмағандармен залал келтірген жағдайда залалды өтеу жөніндегі міндет бірлесіп немесе үлестік тәртіппен өтеу үшін олардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға жүктеледі.

      Кәмелетке толмағанның айыппұл төленуі мүмкін дербес табысының немесе мүлкінің болуы немесе жоқтығы туралы мәліметті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іспен бірге ұсынады. Мұндай мәліметтердің берілмеуі материалдарды хаттама жасаған лауазымды адамға ӘҚБтК-нің 646-бабы 1-бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес қайтаруға негіз болып табылады.

      Кәмелетке толмағандардың жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ісі бойынша прокурорды хабардар ету міндетті болып табылады, алайда оның келмеуі, ӘҚБтК-нің 599-бабының екінші бөлігінің талаптары сақталған жағдайда, істі оның қатысуынсыз қарауға кедергі болмайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      12. Атап айтқанда, ӘҚБтК қарастырылған хаттамаларда (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, жеке басты тексеру, заттарды тексеру хаттамасы, заттарды және құжаттарды алып қою хаттамасы және т.б.) көрсетілетін мәліметтер іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтайтын дәлелдемелер болып табылады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша отырыс хаттамасын ӘҚБтК-нің нормаларына сәйкес жүргізу талап етілмейді. Сонымен қатар, егер істі қарау барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімге негіз етіліп алынған қосымша дәлелдемелер жинақталған болса олар қаулыда көрсетілуі керек.

      Қаулыда әкімшілік құқық бұзушылықтың қасақана немесе абайсызда жасалғаны не жасалмағаны, оның әкімшілік жауаптылыққа жататындығы не жатпайтындығы, жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғы, мүліктік зиянның келтірілгені не келтірілмегені, сот анықтаған мән-жайларды құптайтын дәлелдемелер көрсетілуге тиіс. Іс өндірістен қысқартылатын болса, ондай жағдайда дәлелдемелерден басқа қысқартудың негіздері де көрсетілуге тиіс.

      Егер ӘҚБтК-нің бабының диспозициясында жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік көзделсе және осы зиянның ауырлығы көрсетілмесе, жәбірленуші сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан жағдайда, медициналық куәландыру актісі денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесі туралы деректер болмаса да осындай құқық бұзушылық салдарының туындауына дәлел бола алады. Бұл ретте ӘҚБтК-нің 605-бабының 5) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар өзге де растайтын құжаттардың (көрсетілген медициналық көмек туралы, уақытша еңбекке жарамсыз болу кезеңі туралы анықтамалар, жәбірленушінің емделуден өткендігі туралы деректер және т.б.) негізінде белгіленуі мүмкін.

      Медициналық куәландыру актілері, соның ішінде алкогольден немесе есірткіден мастану жағдайын анықтау туралы куәландыру актісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдеме болып табылатындықтан, ол іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен бірге зерттелуге әрі бағалануға тиіс және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен даулауға жатпайды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      13. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың ӘҚБтК-нің 647-бабының бірінші бөлігінде белгіленген он бес күндік мерзімі іс жүргізуге қатысушылардан өтініштер түскен жағдайда не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындаумен байланысты істер бойынша шағымдану мерзімі кезеңінде істі қараған судья, орган (лауазымды адам) бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Осы ұзартылған мерзім аяқталғанға дейін судья, орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім қабылдауға міндетті.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды қосымша анықтауды қажет ететін мән-жайлар деп түсіну керек (ӘҚБтК-нің 605-бабы ).

      ӘҚБтК-нің 647-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген іс санаттарын қараудың мерзімдері ұзартуға жатпайды.

      Хаттаманы жасаған лауазымды адам ӘҚБтК-нің 607, 618-баптарын бұзып, ӘҚБтК-нің 584-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қатысуы міндетті адамдардың сотқа келуін қамтамасыз етпеген және соттың істі ӘҚБтК-нің 584-бабының үшінші бөлігінің және 647-бабының үшінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып қарауына мүмкіндігі болмаса, судья ӘҚБтК-нің 646-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасының негізінде істі қарауға дайындау кезінде аталған адамдарды әкелу туралы ұйғарымды дереу орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда, толық емес деген себеппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істі қарау кезінде толықтырылмайтын басқа да іс материалдарын хаттама жасаған лауазымды адамға қайтару туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2008.12.22. N 24, 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      14. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза тек ӘҚБтК-нің ерекше бөлігі баптарының санкциясы шегінде ғана қолданылады. ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінің тиісті баптарымен көзделген санкцияның төменгі шегінен төмен жаза тағайындауға болмайды.

      15. Егер істі қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау туралы хаттаманы әзірлеген органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның әрекетін дұрыс сараламағаны анықталса, судьяның, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылықтың мәнін өзгертуге және әрекетті ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінің өзге бабына ауыстыруға құқықты еместігін назарда ұстаған жөн. Мұндай жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ӘҚБтК-нің 580-бабының негізінде қысқартуға жатады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      16. Шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелсіз себептермен жалтаруы не процеске қатысушылардың және өзге де азаматтардың төрағалық етушінің өкіміне бағынбай сотты сыйламауы немесе сот мәжілісі кезінде тәртіп бұзуы ӘҚБтК-нің 513-бабындакөзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Осындай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды, ӘҚБтК-нің 636-бабының бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес, сот төрағасы уәкілеттік берген сот қызметкерлері немесе сот отырысына төрағалық етуші әзірлейді, сонан соң іс аудандық және оған теңестірілген соттардың қарауына жатады.

      Сот азаматтық немесе қылмыстық іс бойынша сот талқылауы барысында (тиісінше Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 121-бабы және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 327-бабының алтыншы бөлігі) ӘҚБтК-нің 578-бабының екінші бөлігіне сәйкес тікелей сол сот отырысында ӘҚБтК-нің 648-бабының 1-1-бөлігінде және екінші бөлігінде белгіленген ережелерді сақтай отырып, ӘҚБтК-нің 513-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға құқылы.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      17. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараушы судья ӘҚБтК-нің 654-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиісті ұйымдар мен лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыным енгізеді.

      Апелляциялық және қадағалау сатысының соттары да әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде тиісті ұйымдар мен лауазымды адамдарға жеке қаулы шығаруға құқылы.

      Судьялардың бірдей мәртебесін, талаптарын және жауапкершіліктерін белгілейтін "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23, 28, 34 және 39-баптарына , әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу кезінде соттардың заң бұзушылыққа жол бермеуін көздейтін ӘҚБтК 9-бабына сәйкес, апелляциялық және қадағалау сатыларының соттары әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істі қараған судьяның заңдылықты бұзу фактілері бойынша жеке қаулы шығаруға құқылы.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді) нормативтік қаулысымен.

      18. Адамды айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мемлекеттік уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысы, ӘҚБтК-нің 707-бабында белгіленген мерзімде ерікті түрде орындамаса, аудандық соттың немесе мамандандырылған әкімшілік сот судьяларының айыппұлды мәжбүрлеп өндіру туралы қаулысы шыққаннан кейін ӘҚБтК-нің 708 , 709 , 709-1 -баптарына сәйкес мәжбүрлеп орындатылады.

      Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы атқару парағы жазылмайды.

      Айыппұлды өндіру туралы қаулыны мәжбүрлеп орындау туралы мәселені шешу кезінде соттар шешімнің заңды күшіне енгенін, заңды күшіне енген қаулының ерікті түрде орындау үшін заңмен белгіленген мерзімінің өткенін, заңды күшіне енген қаулыны орындаудың ӘҚБтК-нің 703-бабында көзделген ескіру мерзімінің өткенін, оны уәкілетті орган (лауазымды адам) оған берілген өкілеттік шегінде қабылдағанын, жаза ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінің баптары санкциясының шегінде берілгенін тексеруге міндетті.

      Егер сот аталған ережелердің қандай да болмасын талабының бұзылғанын анықтаса, айыппұлды мәжбүрлеп өндіруден бас тарту туралы қаулы шығарады.

      Сот әкімшілік құқық бұзушылықтың мәні бойынша қабылданған шешімнің заңдылығын тексеруге құқылы емес.

      Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс істемесе немесе басқа себептерге байланысты одан айыппұлды өндіру мүмкін болмаса, сот орындаушылары аталған қаулыларды "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңындакөзделген тәртіппен орындайды.

      Ішкі істер органдарының лауазымды адамдары олардың өкілеттіктеріне кірмейтіндіктен, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуды жүзеге асыруға құқылы емес.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 24 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      19. Заңды күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған адам, жәбірленуші, заңды өкілдер, қорғаушы (ӘҚБтК-нің 584 -587, 592-баптары ) шағым беруі, сондай-ақ прокурор (ӘҚБтК-нің 583-бабы ) наразылық келтіруі мүмкін.

      Аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін, ол ӘҚБтК 660-бабында белгіленген мерзімде шағымды, наразылықты қарауға міндетті.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе органның (лауазымды адамның) тұрған орны бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық осындай қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жіберіледі, олар шағым, наразылық түскен күннен бастап үш күндік мерзімнің ішінде шағымды немесе наразылықты істің бүкіл материалдарымен бірге тиісті сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жіберуге міндетті. Шағым, наразылық ӘҚБтК-нің 39-тарауында көзделген тәртіппен қаралуға жатады.

      Шағым (наразылық) оларды тікелей қарауға уәкілетті сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамдарға) берілуі (келтірілуі) мүмкін.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының қаулысына шағым беру, наразылық келтіру және оларды қарау тәртібі азаматтық іс жүргізу заңнамасымен анықталады (Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 26-тарауы).

      ӘҚБтК-нің 658-бабының талаптарына сәйкес келмейтін шағымдар, наразылықтар оларды қарауға құқығы бар соттың қарауынсыз қайтарылуы мүмкін. Сот мұндай шешімді сот актісіне шағым беру немесе наразылық келтіру үшін ӘҚБтК-нің 657-бабында белгіленген мерзім өтіп кеткен жағдайда және шағымданған қаулы шығарылған адамның өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініші болмаған не осы мерзімді қалпына келтіру үшін негіз болмаған кезде қабылдай алады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      20. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енбеген қаулыны қайта қарау кезінде әрекетті дұрыс бағаламау анықталған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықты дәрежелеуді заңның онша қатаң емес әкімшілік жаза көзделетін бабына өзгертуге құқылы (ӘҚБтК-нің 667-бабының екінші бөлігі).

      ӘҚБтК-нің 667-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, осы адамдар шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша неғұрлым қатаң әкімшілік жаза қолдануды көздейтін заңды жәбірленуші немесе прокурор осы негіздер бойынша шағым берген (наразылық) келтірген жағдайда ғана қолдануға құқылы.

      21. Уәкілетті органның лауазымды адамының қаулысына шағымды, наразылықты қарау нәтижелері жөніндегі мамандандырылған әкімшілік немесе аудандық соттың ұйғарымы, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша мамандандырылған әкімшілік немесе аудандық соттың қаулысына шағым, наразылық жөніндегі облыстық және оған теңестірілген соттың ұйғарымы қабылданған сәттен бастап заңды күшіне енеді. Мұндай ұйғарымды, сол сияқты мамандандырылған әкімшілік немесе аудандық соттың не кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттың заңды күшіне енген қаулысын тек ӘҚБтК-нің 665-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқаларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысына одан әрі наразылық келтіруге болмайды.

      Соттар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыны және оларға жасалған шағымдарды, наразылықтарды қараудың нәтижелері туралы ұйғарымды қайта қарауға, ӘҚБтК-нің 664-бабыныңбірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдауға құқылы. Соттың әкімшілік жауапқа тартылған не өзіне қатысты әкімшілік іс қысқартылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде жол беріледі (ӘҚБтК-нің 672-бабы ).

      Аталған соттар жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы емес, сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу негізсіз қысқартылған жағдайда, олар дауланып отырған сот актісін бұзып, іс жүргізу өндірісін қайта қалпына келтіріп, оны қайта қарау үшін сотқа жібереді.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2006.01.16. N 1 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      22. Салық органдары салған айыппұл туралы қаулыға шағым бойынша істерді қарау кезінде сот хабарламаның заңдылығын талқылауға және қосымша есептелген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасына өзгеріс енгізуге құқылы емес.

      Егер салық органдарының айыппұл салу туралы қаулысына шағым бойынша істі қараушы сот салық органдарының хабарламасы жоғары тұрған органға немесе сотқа тиісті тәртіппен шағымдалғанын, бірақ осындай шағым бойынша шешім қабылданбағанын анықтаса, онда ол істі қарау мерзімін шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуға құқылы (ӘҚБтК 647-бабының екінші бөлігі).

      Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша шешім салық органының хабарламасына жасалған шағымды қараудың нәтижелері ескеріле отырып қабылдануы тиіс.

      Егер салық органының хабарламасын даулау туралы берілген арыз Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 249-бабында қарастырылған негіздер бойынша соттың заңды күшіне енген ұйғарымымен қараусыз қалдырылса, салық органдарының айыппұл салу туралы қаулысына шағым бойынша істі қараушы сот істі жалпы тәртіпте қарайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді) нормативтік қаулысымен.

      23. Алкоголь өнімдерін сатуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде соттар тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасауды (ӘҚБтК-нің 162-бабы ) кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысудан (ӘҚБтК-нің 143-бабы ) аражігін аша білулері керек.

      24. Егер тауардың белгілі бір түріне, мысалы қарудың барлық түрлерінің, әскери техникалардың еркін саудасына тыйым салынса ("Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15 -бабы ), немесе шектеу қойылса, мысалы азаматтық қаруды тарату ("Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы ) адам ӘҚБтК-нің 162-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 24 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді) Нормативтік қаулысымен.

      25. Егер жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар заң актісіне сәйкес тек мемлекеттің құзіретіне жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысса (мысалы, қару-жарақ шығару, қорғаныс, салықтық, кедендік, валюталық, монополияға қарсы реттеу және т.с.с.), онда жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде ӘҚБтК 143-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді) нормативтік қаулысымен.

      25-1. Тұлғалардың ӘҚБтК 524-бабы бойынша әкімшілік жауаптылығы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайтын соттардың және уәкiлеттi басқа органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамағаны үшін ғана емес, сондай-ақ ӘҚБтК 520-бабында қарастырылған жағдайлардан басқа, соттардың шешімдерін немесе өзге сот актілерін орындамауы үшін орын алады.

      Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді) нормативтік қаулысымен.

      25-2. ӘҚБтК 462-бабында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау кезінде көлік құралдары жүргізушілерінің көрсетілген баптың бірінші бөлігі бойынша жауаптылығы олар көлік құралының қозғалыс жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге қоса дейiнгi шамаға арттырып жібергенде орын алатынын ескеру қажет. Көлік құралының қозғалыс жылдамдығын сағатына жиырма километрден қырық километрге қоса дейiнгi шамаға арттырып жіберген көлік құралдарының жүргізушілері көрсетілген баптың екінші бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

      Механикалық көлік құралын жүргізуші жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға жол беріп, абайсызда әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде, жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіргенде ӘҚБтК-нің 468-1-бабында көзделген жауапкершілік туындайды.

      Егер механикалық көлік құралын жүргізуші жоғарыда аталған заңға қайшы әрекеттердің нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірумен қатар көлік құралын, жүктерді, жолдарды, жол мен басқа да құрылыстарды немесе өзге де мүлікті зақымдау түрінде материалдық залал келтірсе, не үшінші тұлғаның денсаулығына жеңіл зиян келтірсе, онда оның әрекеті ӘҚБтК-нің 468-бабының тиісті бөліктерінде және 468-1-бапта көзделген құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ӘҚБтК-нің 63-бабына сәйкес саралауға жатады.

      ӘҚБтК-нің 468-бабының екінші бөлігімен көзделген жауапкершілік бойынша жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиян деп, оның денсаулығының шамалы бұзылуына әкеп соқтырған немесе соқтырмаған жеңіл зиянды түсіну керек.

      Жол полициясы органының лауазымды адамы жол қозғалысының қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде ӘҚБтК-нің 577, 615-баптарының, 618-бабының бірінші бөлігі 5) тармақшасының ережелеріне сәйкес тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану тәртібімен ғана көлік жүргізу құқығын беретін куәлікті алып қоюға құқылы.

      Ескерту. 25-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      25-3. Көлік құралын, өздігінен жүретін машинаны немесе өзге де механикалық көлік құралын, кемені, әуе кемесін жүргізуге байланысты арнаулы құқықтан айыру түрінде әкімшілік жаза қолданылатын құқық бұзушылықтың анықталған мән-жайларына қарай, қаулының қарар бөлігінде аталған қозғалыс (техника) құралдарының белгілі бір түрін жүргізу құқығынан айыру туралы нақты көрсетіледі.

      Қаулыдағы көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру туралы нұсқау ӘҚБтК-нің 461 және 567-баптарына ескертуде көрсетілген автомобильдердің барлық түрлерін, тракторларды және өздігінен жүретін өзге де машинаны, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен басқа да механикалық көлік құралдарын жүргізуге (пайдалануға) рұқсат ететін арнаулы құқықтан айыруды білдіреді. Қаулыдағы кемені, соның ішінде шағын кемені жүргізу құқығынан айыру туралы нұсқау ӘҚБтК-нің 450-бабына ескертуде көрсетілген жүзу құралдарын пайдалануға рұқсат ететін арнаулы құқықтан айыруды білдіреді. ӘҚБтК-нің 445-бабы бойынша арнаулы құқықтан айыру түріндегі жазаны қолдану кезінде әуе кемесін жүргізу құқығынан айыру туралы нақты көрсетілуге тиіс.

      Ескерту. 25-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-4. ӘҚБтК 469-бабында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық құрамы көлiк құралын жүргізуші адам жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған сәттен аяқталған болып саналады.

      Ескерту. 25-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді) нормативтік қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-5. Егер тұлға бір жыл ішінде үш не одан да көп рет көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн немесе жол қозғалысы ережелерiн бұзса, ӘҚБтК 484-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

      ӘҚБтК-нің 484-бабына қатысты көлік құралдарын пайдалану ережелерін жиі бұзу деп адамның әрқайсысы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, тиісінше көрсетілген баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде аталған кез келген үш әрекетті жасауын түсіну керек. ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарына көлік құралдарын пайдалану ережелерін немесе жол қозғалысы ережелерін жиі бұзғандығын куәландыратын, заңды күшіне енген қаулылардың көшірмелері тіркелуі тиіс.

      Ескерту. 25-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2008.12.22. N 24 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      25-6. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңының 9-бабы 3-тармағына сәйкес, осы бапта көрсетілген адамдардың жұбайына (зайыбына) Қазақстан Республикасының аумағындағы, сондай-ақ одан тыс жерлердегi салық салу объектiсi болып табылатын табыстары мен мүлкi туралы тұрғылықты жерi бойынша салық органына мәлiмдемелер беру міндетін жүктейді. Сондықтан осындай міндетті жұбайы (зайыбы) орындамаған жағдайда қаржы бақылау шараларын бұзғаны үшін жауаптылық құқық бұзушы жұбайына (зайыбына) жүктелуі тиіс.

      Ескерту. 25-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      25-7. Құқық бұзушы субъектінің ӘҚБтК-нің 532-бабында көзделген салық кезеңінде мәмілелерді тиісті немесе уақытында ресімдеусіз не осындай мәмілені тиісті мемлекеттік тіркеусіз салық салу объектісі болып табылатын мүлікті иеліктен айыруы, осы субъектінің қаржы бақылау шараларын бұзғаны үшін жауапкершілігін жоққа шығармайды.

      Ескерту. 25-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-8. ӘҚБтК-нің 354-3-бабында көзделген мерзімнің басталуы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсыру үшін қажетті және жеткілікті тіркеу объектісін куәландыратын құжаттардың (құрылыстың техникалық төлқұжаты, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты) нақты қолда болуы мен уәкілетті органдардан адамның алуын ескере отырып, жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауына негіз болған заңдық фактінің пайда болған сәтінен (атап айтқанда, шарттың нотариалдық куәландырылуы, сот шешімінің күшіне енуі, өзге құқық белгілейтін құжат алуынан) бастап саналады.

      Ескерту. 25-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-9. ӘҚБтК кейбір баптарында (мысалы, ӘҚБтК 400-бабы - кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу, ӘҚБтК 414-бабы - Қазақстан Республикасының кеден органына кеден декларациясын, құжаттар мен қосымша мәлiметтер беру мерзiмдерiн бұзу) қылмыс белгілері болмаса, адамның ӘҚБтК тиісті бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығы туралы нұсқау бар.

      Егер осындай құқық бұзушылықтар туралы істерді қылмыстық істі қозғауға уәкілетті лауазымды адамдар және органдар сотқа жіберсе, онда көрсетілген адамдар (органдар) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғалардың әрекеттерінен қылмыс белгілерін таппағанын білдіреді, сондықтан мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесін талап етудің қажеттігі жоқ.

      Ескерту. 25-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-10. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарғаннан кейін сот, орган (лауазымды адам) оны өзі жоюға немесе өзгертуге құқылы емес. Сонымен қатар ол өз бастамасымен немесе іске қатысушы адамдардың арызы бойынша әрекеттің саралануын, әкімшілік жазаның түрін өзгертпей, қаулыда жіберілген қате жазулар мен көрінеу арифметикалық қателерді түзете алады.

      Түзетулер енгізу туралы мәселені сот қаулыны орындау мерзімі ішінде, іске қатысушы, сотқа келуі міндетті емес адамдарды хабарландыра отырып шеше алады, ол жөнінде ұйғарым шығарады.

      Ескерту. 25-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-11. Іс материалдарына құжаттар мен дәлелдемелердің түпнұсқалары тіркеледі. Егер мұндай құжаттар мен дәлелдемелердің түпнұсқаларының берілуі мүмкін болмаса (мысалы, олар қылмыстық немесе азаматтық іс материалдарында болса), онда олардың сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілетті орган (лауазымды адам) немесе нотариус растаған көшірмелері беріледі. Жазбаша дәлелдеменің көшірмесін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын сот растауы мүмкін.

      Ескерту. 25-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-12. ӘҚБтК 6-бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жоятын немесе жеңілдететін заңның керi күшi болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқық бұзушылыққа қолданылады.

      Заңның әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде нашарлататын керi күшi болмайды.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарағанда және әкімшілік жаза шараларын белгілегенде ӘҚБтК-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдардың нормаларын дұрыс қолдану керек және әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күнге назар аудару қажет. Қылмыстық сипаттан арылуға және жасаған әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызылуына байланысты қылмыстық ісі қысқарған адам, егер ӘҚБтК-нің 69-бабының бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі өтіп кетпесе, ӘҚБтК-нің 2-тарауының Ерекше бөлімінің бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс.

      Ескерту. 25-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-13. ӘҚБтК 69-бабы 4-1-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы iстi сот сатыларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.

      Әкімшілік жаза қолдану мерзiмiнiң өту барысы тоқтатыла тұру сәті деп істі сот сатыларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамына іс жүзінде жiберген күнді (поштаға тапсыру күні, курьердің алуы) түсіну керек.

      Мерзімдерді есептеуді қайтадан бастау осы іспеттес жүргізіледі.

      Құқық бұзушының әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде заңда көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері болған сәттен бастап әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған деп саналады.

      Егер заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес міндет белгілі бір мерзімде орындалуға тиіс болған жағдайда, осы мерзім өткен сәттен бастап құқық бұзушылық құрамы болды деп есептеледі.

      Заңды тұлғаның және оның лауазымды адамының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі туралы ӘҚБтК-нің 69-бабы бесінші бөлігінің ережелері қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы не оны қысқарту туралы шешім қабылданған адамға қатысты ғана қолданылады.

      Ескерту. 25-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-14. ӘҚБтК 80-113-баптарында қарастырылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай, құқықтары бұзылған тұлғаның арызы негізінде қарауы мүмкін. Мұндай жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тиісінше ресімделген осындай арыз түскен сәттен бастап қозғалған деп есептеледі.

      Арызда арыз беруші адам туралы (тегі, аты, әкесінің аты), арыз берушінің құқықтары бұзылғандығын және нақты әкімшілік құқық бұзушылық құрамының бар екенін растайтын мән-жайлар, арыз берушінің құқықтарын бұзуға жол берген тұлға жөнінде мәліметтер көрсетілуі тиіс.

      Арызда мәлімделген мән-жайларды растайтын жазбаша дәлелдемелер арызға тіркелуі мүмкін.

      Тиісінше ресімделген арызды қабылдамауға жол берілмейді. Егер арыз тиісінше ресімделмеген болса, онда ол сот ұйғарымымен кемшілікті жою үшін арыз берушіге қайтарылады. Жазбаша дәлелдемелердің болмауы арызды қайтаруға негіз бола алмайды және істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.

      Осындай іс бойынша шешім қаулы түрінде шығарылады.

      Ескерту. 25-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-15. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу қолданылған тұлға іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын ӘҚБтК 633-бабында қарастырылған тәртіппен шағымдануға құқылы.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (ӘҚБтК 584-бап ) сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы тиісті істі қарауға уәкілетті органға (лауазымды адамға) берілгенге дейін АІЖК 27-тарауында қарастырылған тәртіппен аудандық және оған теңестірілген сотқа шағымдалуы мүмкін.

      Егер әкімшілік іс түскен сәтте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға шағым беру ісі бойынша шешім қабылданбаса, онда шағым әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істі қарайтын соттың, органның (лауазымды адамның) қаралуына жатады.

      Ескерту. 25-15-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-16. ӘҚБтК 9-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық және оны жасағаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары тек ӘҚБтК белгiленедi. ӘҚБтК белгiленген негiздер мен тәртiптен басқаша, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуы тиiс емес.

      Жеке тұлғаларды, жеке кәсiпкерлердi, жеке нотариустарды, адвокаттарды және заңды тұлғаларды белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья аталған тұлғалардың лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) қарастырылған қызметті не белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауы кезiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн қолдануы мүмкiн.

      Лицензия, рұқсат қағаз, біліктілік аттестатымен (куәлігімен) белгіленген белгілі бір қызмет түрімен байланысты емес құқық бұзушылық жасағаны үшін аталған тұлғаларды белгілі бiр қызмет түрiне лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруға жол берілмейді.

      ӘҚБтК ерекше бөлімінің тиісті бабында осындай әкімшілік жаза шарасы көзделсе, лицензиядан айыру туралы мәселені ӘҚБтК 52-бабынасәйкес судья шешеді.

      ӘҚБтК ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясында осындай әкімшілік жаза шарасы көзделсе, белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) уақытша алты айға дейiнгi мерзiмге айыру туралы мәселе уәкілетті органның (лауазымды адамның), соттың қаралуына жатады.

      Егер адам осындай қызметке қойылатын талаптарды бұзып, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, онда сот осындай қызметті тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер адам лицензияланатын қызмет түрін тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін не өзге де арнаулы рұқсатты талап ететін қызметті осындай арнаулы рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, онда сот заңда көрсетілген мерзімге осындай қызметке тыйым салу түрінде қосымша әкімшілік жаза тағайындауға құқылы. Соттың мұндай шешімі адамға тыйым салу мерзімі кезеңінде тиісті лицензия немесе өзге де арнаулы рұқсат алуға мүмкіндік бермейді.

      Ескерту. 25-16-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2007.07.16. N 7 (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді), өзгерту енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-17. ӘҚБтК-нің 320-бабының бірінші бөлігінде заңсыз айналымға қатысқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ең төменгі мөлшері белгіленбеген. Сондықтан есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз әзірлеу, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе жөнелту, олардың мөлшері "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерден аспаған жағдайда да әкімшілік құқық бұзушылық құрамын құрайды.

      Ескерту. 25-17-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-18. Ойын бизнесі туралы заңнаманы бұзуға кінәлі құқық бұзушылардың меншік құқығына тиесілі емес ойын жабдықтарын, заңдастырылған белгілерді тәркілеуді көздейтін ӘҚБтК-нің 338-1-бабының бөліктері санкцияларының императивтік сипатын ескере отырып, соттар осындай істерді қараған кезде ойын жабдықтары мен заңдастырылған белгілерді әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы ретінде тәркілеуді қолдануға міндетті.

      Ескерту. 25-18-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-19. Заңсыз құрылыс салған кінәлі адамға заңсыз тұрғызылған құрылысты ысырып тастау түрінде қосымша әкімшілік жаза қолданған кезде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңның, "Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесінің" талаптары бұзылғандығын, заңсыз тұрғызылған құрылыстың құрылыс жөніндегі нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес келетіндігін, әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамның құқық белгілейтін құжаттарды алу мақсатында, сондай-ақ АК-нің 244-бабындағы тәртіппен өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы өтінішпен тиісті органдарға жүгіну құқығын жоймағандығын ескеру керек. Заңсыз тұрғызылған құрылысты ысырып тастау бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының орындалуы заңнамалық актілерде (атап айтқанда, ӘҚБтК-нің 583-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы, 659, 675-баптары, АІЖК-нің 159-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы, 396-бабы, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заң) көзделген негіздер бойынша және жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Ескерту. 25-19-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      25-20. ӘҚБтК-нің 147-бабының екінші бөлігі бойынша адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау кезінде соттар бәсекелестікті шектеуге бағытталған нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін келісілген деп тану үшін монополияға қарсы заңнамада көзделген шарттардың болуы қажет екендігін назарға алуы керек (атап айтқанда, "Бәсекелестік туралы" Заңның 11-бабының екінші бөлігі).

      Нарық субъектілерінің қатар жасалған әрекеттері осындай шарттардың бірі болып табылады. Екі немесе бірнеше нарық субъектілерінің үш ай мерзім ішінде жасаған және нәтижесінде осы субъектілердің әрқайсысы келісілген іс-әрекеттердің болмауы салдарынан көзделмеген пайда алған іс-әрекеттерін қатар жасалған деп түсіну керек. Бұл ретте осы субъектілердің іс-әрекеттері олардың әрқайсысына белгілі болуы және олар осы субъектілерге тең дәрежеде ықпал ететін қандай да бір мән-жайлардың салдары болып табылмауға тиіс.

      Оларды бірінші жасаған нарық субъектілерінің әрекеті басталған күндер мен басқа нарық субъектілері жасаған осындай әрекеттер басталғанға дейінгі күндердің арасындағы шекті уақыт кезеңін үш ай мерзім деп түсіну керек. Үш ай мерзім өткен соң екінші және кейінгі нарық субъектілері қатар жасаған әрекеттер келісілген деп саралана алмайды.

      Ескерту. 25-20-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.06.29 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      26. Осы нормативтік қаулының қабылдануына байланысты Қазақ КСР-і Жоғарғы Соты Пленумының 1989 жылғы 31 наурыздағы N 2 "Әкімшілік право бұзушылық туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы", 1989 жылғы 29 қыркүйектегі N 7 "Республика соттарының азаматтар мен лауазымды адамдарға әкімшілік жаза қолдануға байланысты істер жөнінде заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы N 16 "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қолданылуына байланысты сот практикасында пайда болған кейбір мәселелер туралы" нормативтік қаулысы күшін жойды деп танылсын.

      27. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады