Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 260 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитеті (бұдан әрi - Комитет) таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Комитетті таратуды, оның мүлкiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне берудi жүзеге асырсын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 151 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 45-құжат) 1-тармағының және 2-тармағы 1) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнің         
2004 жылғы 3 наурыздағы    
N 260 қаулысымен       
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.11.2015 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 852 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады