Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 279 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 70-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
      2-тармақтың үшiншi абзацының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Комиссиялар құрамына енгізiлетiн мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының мәртебесi департамент директорынан төмен болмауға тиiс.";
      7-тармақта "мүдделі мемлекеттiк органдардан" деген сөздерден кейiн ", ұйымдардан және өзге де тұлғалардан" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақтың 4) тармақшасында "министрлiктер мен ведомстволардың" деген сөздер "мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және өзге де тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жекелеген жағдайларда комиссиялардың/жұмыс топтарының құрамына ғылыми, үкiметтік емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар, мамандар және олардың келiсiмi бойынша өзге де адамдар енгiзiлуi мүмкiн.";
      14-тармақтың 5) тармақшасында "органдар" деген сөзден кейiн "және ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады