"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N 295 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Мынадай республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекеме жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - Қоғамдар) және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (бұдан әрi - Серiктестiк) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "811-әскери зауыты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "ҚИ 811-автомобиль жөндеу зауыты" акционерлiк қоғамына;
      2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "832-әскери зауыты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "ҚИ 832-автомобиль жөндеу зауыты" акционерлiк қоғамына;
      3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң "Бронетанк жөндеу зауыты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны "Семей инжиниринг" акционерлiк қоғамына;
      4) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Арнайы материалтану ғылыми-зерттеу институты тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiрiсiмен бiрге" мемлекеттiк мекемесi "Арнайыматериалтану" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгіне.

      2. Қоғамдар мен Серiктестiк қызметiнiң негiзгi бағыты қорғаныс, екi ұдай және азаматтық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, жаңғырту және сату болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамдар мен Серiктестіктiң жарғыларын бекiтудi және оларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
      2) Қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және Серiктестiктiң мемлекеттiк қатысу үлесiн "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берудi қамтамасыз етсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) <*>
      2) "Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң кейбiр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 наурыздағы N 244  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 121-құжат):
      5-тармақ алынып тасталсын.
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N  1237  қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады