"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 332 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентiнің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентiнің
2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығына
толықтырулар енгізу туралы

      "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекіту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 141-құжат) бекiтiлген Meмлекеттік қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
      27-тармақта:
      2) тармақшадағы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн ", қаржы полициясы" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады