Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдігімен тартылған мемлекеттік емес қарызды қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 349 қаулысы

      "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-1-бабына сәйкес және "Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту" жобасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

      1. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы "Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту" жобасын iске асыру үшiн тартқан Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкiнің (бұдан әрi - Кредитор) мемлекет кепiлдiк берген қарызын қарыздың сомасын 24797963750 (жиырма төрт миллиард жеті жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз алпыс үш мың жетi жүз елу) иенадан 23817652758 (жиырма үш миллиард сегiз жүз он жетi миллион алты жүз елу екi мың жетi жүз елу сегiз) иенаға дейiн азайту, кредит берудің соңғы мерзiмiн 2005 жылғы 30 сәуiрден 2006 жылғы 30 маусымға дейiн ұзарту және 2006 жылғы 11 маусымнан 2015 жылғы 11 желтоқсанға дейiнгі кезеңге кредиттi өтеу мерзiмiн белгілеу жолымен қайта құрылымдауды жүргiзу мақұлдансын.

      2. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Кредитормен қайта құрылымдауды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардың ресiмделуiн қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 23817652758 (жиырма үш миллиард сегiз жүз он жетi миллион алты жүз елу екi мың жетi жүз елу сегіз) иена сомасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiн растасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Г.А.Марченкоға жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады