"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне темiр жол көлiгi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 354 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне темiр жол көлiгi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

"Қазақстан Республикасының темiр жол көлігі мәселелері
жөнiндегі кейбір заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309, 321- құжаттар; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
      1) 1-баптың бесiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      2) 3-баптың төртiншi бөлігіндегi "Темiр жолдардың қызметi аз учаскелерi" деген сөздер "Кiрме жолдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 6-баптың екiншi бөлігіндегі төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасында көлік қызметiн реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және де мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге қатысу;";
      4) 7-баптың бiрiншi бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Лицензия беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.";
      5) 9-баптың алтыншы бөлiгi "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "магистралдық темiр жол желiсiн," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
      1) Заңның мәтiнiнде "почта" және "почтаны" деген сөздер тиiсiнше "почта жөнелтiмдерiн" және "почта жөнелтімдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) вагон - темiр жолдармен тасымалдауға арналған, өздігінен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы
      8) тармақша мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "облысішілік - Қазақстан Республикасының бiр облысы шегінде жолаушыларды тасымалдау;";
      мынадай мазмұндағы 9-1), 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9-1) темiр жол станциясы - қозғалысты, өткiзу қабiлетiн реттеудi қамтамасыз ететiн және поездарды қабылдау, жөнелту, айырылыстыру және басып озу, багажды, жүктердi, жүк багажды, почта жөнелтiмдерiн қабылдау, беру және жолаушыларға қызмет көрсету жөнiндегi операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жолдық дамуы бар, магистралдық жолдарды учаскелерге бөлетін пункт;";
      "12-1) контейнер - жүк тасымалына арналған, әмбебап көлік жабдығы;
      "12-2) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақтауға арналған алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдеріне және (немесе) басқа тармақ иеленушінің кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншік құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелік ететiн тұлға;";
      13), 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) магистралдық темiр жол желiсi - магистралдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерiн, құрылғыларды, жабдықты, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс iстеуi үшін технологиялық қажетті өзге де объектiлердi қамтитын магистралдық темiр жол инфрақұрылымы;
      14) магистралдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпы пайдаланымдағы темiр жол көлігiнің жұмыс iстеуiне арналған темiр жол станцияларын қосатын және де басқа мемлекеттермен темiр жол қатынасын қамтамасыз ететiн темiр жолдар;";
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) жалпы пайдаланымдағы орындар - жабық және ашық қоймалар, сондай-ақ темiр жол көлiгi ұйымына тиесiлі темiр жол станциясының аумағында әрі оның шегiнен арнайы бөлiнген және жүктердi, багажды, жүк-багажды тиеу, түсіру, сұрыптау, сақтау жөнiндегі операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын учаскелер";
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) Ұлттық темiр жол компаниясы - құрылтайшысы (жалғыз қатысушысы) мемлекет болып табылатын, магистралдық темiр жол желiсiн күтiп ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистралдық темiр жол желiсiнiң қызметiн көрсететiн ұйым;";
      мынадай мазмұндағы 15-1), 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "15-1) Ұлттық тасымалдаушы - жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiмдерiн және (немесе) жүктi жылжымалы құраммен тасымалдау жөнiндегi қызметтерді көрсету үшін мемлекет құрған тасымалдаушы;";
      "16-1) вагон (контейнер) операторы - вагондарға (контейнерлерге) меншiк құқығында немесе заңды негiздерде иелік етушi және (немесе) тасымалдау процесiн жүзеге асыруға осы вагондарды (контейнерлердi) және тасымал құжаттарында көрсетiлгендерді тасымалдаушымен шарт негiзiнде қатысушы тұлға;";
      "16-2) локомотивтiк тартым операторы - локомотивтi күтiп ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ететін және локомотивтiк тарту қызметiн көрсетуге сертификаты бар тартатын көлiк құралының (локомотивтiң) иесi;";
      17), 18), 22), 25), 26) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы - магистралдық темір жол желiсінің қызметтерiн ұсыну және тасымалдау процесiн басқару үшiн мемлекет құрған ұйым;";
      18) темiр жол көлiгiнiң ұйымы - темiр жол көлiгi саласындағы кәсiпкерлік қызметтi жүзеге асыратын тұлға;";
      "22) тасымалдаушы - өзінің немесе өзге де заңды негіздерде пайдаланылатын жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;";
      "25) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүкті, жүк - багажды және почта жөнелтiмдерiн темiр жолдар бойынша тасымалдауға арналған тартқыш (локомотивтер), өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары;";
      "26) кiрме жолдар - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа кiрме жолдар арқылы магистралдық және (немесе) станциялық жолдарға қосылатын темiр жолдар;";
      "28) тасымалдау ережесi - тасымалдау процесiнің барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық кесімдер;";
      мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2) және 33-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "33-1) локомотивтiк тартымның қызметтер көрсетуi - темiр жолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамды жылжыту жөнiндегi қызметтер көрсету;
      "33-2) магистралдық темiр жол желісiнің қызметтер көрсетуi - магистралдық темiр жол желiсiн пайдалануға беру жөнiндегі және онымен жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсету;
      "33-3) кiрме жолдардың қызметтер көрсетуi - кiрме жолдарды пайдалануға ұсыну жөнiндегі қызметтер көрсету;";
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "34) уәкiлетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасында көлiк кешенiнің қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;";
      мынадай мазмұндағы 35) тармақшамен толықтырылсын:
      "35) экспедитор - жүктi тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі қызметтердi көрсететiн тұлға, ол көлік экспедициясы шартының негiзiнде тасымалдау құжаттарында тасымалдарға ақы төлеушi ретiнде көрсетiлуi мүмкiн.";
      3) 3-бап мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3. Өзiнiң тартқыш көлi (локомотивi) жоқ тасымалдаушы, тапқыш көлiк құралының (локомотивiнiң) операторымен жасасқан шарттың негiзiнде локомотивтік тартымның қызметтер көрсетуiн пайдаланады";
      4) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Магистралдық темiр жол желiсi Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпы пайдаланымдағы темiр жол көлiгiнiң объектісi болып табылады, жекешелендiруге жатпайды және Ұлттық темiр жол компаниясына Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтін шарттарда және тәртiпте берiледi.";
      5) 6-бапта:
      2-тармақта "магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланғаны" деген сөздер "магистралдық темiр жол желiсiнiң қызметтер көрсетуi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
      "Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы тасымалдаушыларға магистралдық желiнi құқығын шектемей, магистралдық темiр жол желiсiн тең құқылы пайдалануды мiндеттi түрде қамтамасыз ету керек.
      Тасымалдаушыларға поездар қозғалысын нақты бағытта қанағаттандыру магистралдық желiдегi өткiзу қабiлетімен шектелген жағдайда, тасымалдау Магистралдық желiге тасымалдаушылардың кiруге құқығын шектемейтін ережемен белгiленген тәртiпте конкурстық негiзде жүргізiледi.
      Магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы тасымалдаушыларға магистралдық темiр жол желiсiнің қызметiн көрсетуге бас тартуға құқысыз, егер басқа Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылмаса.";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмiмен жүзеге асырылады.";
      6) 8-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Локомотивпен тарту операторы заңнамада белгiленген тәртiппен және шарттардың негiзiнде тарту локомотивпен қызметін көрсетедi.
      Тартқыш көлiк құралының (локомотив) иесi бiрiншi кезекте тартым локомативiнің қызметтер көрсетуiн арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшін ұлттық тасымалдаушыға ұсынуға мiндетті.";
      7) 12-бапта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Магистралдық темiр жол желiсi операторының қызмет көрсетулерінің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi жолаушылардың халықаралық және республикалық қатынастарда жол жүру бағасына (тарифтерiне) жеңілдiктер белгiлеуi мүмкiн. Жергiлiктi өкiлдiктi және атқарушы органдар жолаушылардың облысiшілiк және қала маңындағы қатынастарда жол жүру бағасына (тарифтеріне) жеңілдіктер белгiлеуi мүмкiн. Егер осындай жеңілдiктер белгiленген кезде көрсетiлген қатынастарда жолаушылар тасымалдарының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi кiрiс деңгейi қамтамасыз етiлмейтiн болса, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергілiктi өкiлдiктi және атқарушы органдар жолаушылар поездарының маршруттары бойынша тасымалдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетінде көзделген қаражат есебiнен субсидиялауын, Қазақстан Республикасының Yкiметiмен анықталған тәртiбiмен қамтамасыз етедi.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жолаушылар тасымалдарының тиiмдi жұмыс iстеуiне қажетті кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн жолаушылар поездарының маршруттары бойынша тасымалдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiнен субсидияландырылады.";
      8) 14-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) магистралдық темiр жол желiсiне кiретiн магистралдық жолдардың тiзбесiн бекiту;";
      "7) темiр жол көлігі саласындағы тәртiп пен ережелердi бекiтудi анықтау;";
      10), 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктерді әскерилендiрiлген күзетпен қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлеу;
      11) тасымалдаудың осы түрiнің тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн жолаушылар тасымалдарын субсидияландыру ережесiн бекiту;
      12) халықаралық және республикалық қатынастарда магистралдық темір жолдар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау;";
      13, 16) тармақшалар алынып тасталсын;
      2-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсе отырып, станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың және магистралдық төкпе жол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi өзге де объектiлердiң тiзбесiн бекiту;";
      9) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) темiр жол көлiгімен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекiту;";
      "15) темiр жол көлiгiнде азаматтардың қауiпсiздiгi ережесiн бекiту;";
      мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) экспедиторлардың қызмет тәртiбiн бекiту;
      17) вагондар (контейнерлер) операторларының қызмет тәртiбiн белгiлеу;
      18) локомотивтiк тартым қызметтерін көрсетудi ұсыну тәртiбiн белгілеу;
      19) жалпы пайдаланымдағы орындарға талаптарды белгiлеу;
      20) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсе отырып, магистралдық темiр жол желiсi бойынша қызмет көрсетуге кiретін операциялар тiзбесiн бекiту;
      21) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және peттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келiсе отырып жылжымалы құрамның өткізiлуiн ұйымдастыру жөнiндегi қызмет көрсетуге кiретін операциялар тiзбесiн бекiту;
      22) табиғи монополия саласындағы мекемелерге қызмет көрсетуге жататын шикiзат, материалдар, отын, энергия шығындары тiзбесiн бекiту;
      23) табиғи монополиялар саласындағы iстi реттеу мен қадағалауды атқаратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша магистралдық темiр жол желiсiне тасымалдаушының теңқұқылы өтуiн бекiту;
      24) табиғи монополиялар саласындағы iсті реттеу мен қадағалауды атқаратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша магистралдық темiр жол желiсiне тасымалдаушының, жүкжөнелтушілердің, контрагенттердiң және басқа тұлғалардың теңқұқылы өтуiн бекiту;
      25) темiр жол көлiгi ұйымдарында кiрме жолдарда жұмыс ұйымдастыру ережесiн бекіту;
      26) темiр жол көлiгi қасiретiне қорғалған арнайы бөлiнген жерлердiң пайдалану көлемiн, тәртiбiн, ережесiн бекіту;
      3-тармақтың 1) тармақшасында "қала маңында" деген сөздер "облысішілік және қала маңындағы қатынастарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 15-бапта:
      2-тармақтағы "магистралдық темiр жол желiсiн иелену мен пайдалануды жүзеге асырады және", "мен тасымалдаушының" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      10) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
      "15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушы
      1. Ұлттық тасымалдаушы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды, багажды, жүк багажды, почта жөнелтiмдерiн және (немесе) жүктердi, оның ішінде арнайы және әскери жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсетеді.
      3. Ұлттық тасымалдаушының мәртебесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
      11) 17-бапта:
      1-тармақ "поездарды қабылдау, жөнелту, айырылыстыру және басып озу, жүктердi қабылдау, беру және жолаушыларға қызметтер көрсету жөніндегi.
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жұмыс режимiне талаптарды, сондай-ақ барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темiр жол станцияларын ашу және жабу тәртiбiн уәкiлетті орган белгiлейдi.";
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Станциялар өзiнiң мақсаты және жұмыс сипаты бойынша жолаушылар, жүк, сұрыптау, учаскелiк және аралық станциялары болып бөлiнедi.";
      12) 31-бапта:
      5-тармағы мынандай редакцияда жазылсын:
      "5. Темiр жол көлiгiнің ұжымдары өздерінің кiнәсiнен туындаған қозғалыс қауiпсiздiгiн бұзу және олардың зардаптары (қоршаған ортаны ластағаны, поездар жүрiсiндегi үзiлiстер және басқалары) үшiн жауапты болады.";
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Көлiк құралының (локомотивтің) иесi локомотивтік-тартымның қызметiн көрсету кезiнде оның жарамды қалпында сонымен бiрге қолдануға технологиялық дайындығын қамтамасыз ету керек.";
      13) 32-баптың 2-тармағы "деңгейiн айқындау тәртiбiн" деген сөздерден кейiн ", лауазымдарға (кәсіптерге) қойылатын бiлiктiлiк талаптарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiткен тәртiппен темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетілуiн қамтамасыз етуге міндетті.";
      15) 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етуге, азаматтық қорғаныс жөнiндегі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегі іс-шараларды өткiзуге, төтенше жағдайлар режимiн енгiзуге байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.";
      16) 36-баптың 2-тармағы "тасымалдау үшін төлеушінi және вагондардың (контейнерлердің) операторын көрсете отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) 40-бапта:
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) вагондарды беруге-жинауға шарт жасасу және осындай шарттардың міндетті болуы;";
      2-тармақта "ұйымдастыру" деген сөз "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18) 41-баптың 5-тармағы "жүк алушыға" деген сөзден кейiн "немесе экспедиторға" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) 44-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша "экспедитордан" деген сөзден кейiн ", вагондар (контейнерлер) операторынан" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшасы "жүк жөнелтушi," деген сөздерден кейiн "экспедитор, вагондар (контейнерлер) операторы және" деген сөздермен толықтырылсын;
      20) 45-баптың 1-тармағы мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "45-бап. Көлiк құралдарын беру және әкету
      1. Тасымалдаушы қабылданған өтiнiмде және (немесе) шартта белгiленген мерзiмде жүк жөнелтушiге көлiк құралдарын (вагондарды, контейнерлердi) тиеу үшін беруге және әкетуге мiндеттi. Берiлген көлiк құралдарды мәлімделген жүктерді тасымалдау үшiн жарамды: ақаусыз, iшi мен сырты тазаланған, қажет болған жағдайда жуылған және зарарсыздандырылған болуы тиiс.
      Вагондар, контейнерлер жеке құқықпен немесе өзге де заңдармен және шарттармен белгіленедi, вагондар, контейнерлер тиеу дайындауы тұлғаның қаражатынан берiледi;
      21) 47-баптың 5-тармағындағы "келуi туралы хабарлама жiберiлген" деген сөздер "оны беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "49-бап. Вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн және олардың темiр жол желiлерiнде кідіртілгенi (бос тұрғаны) үшiн төлем
      1. Тасымалдаушыға тиесiлі вагон, контейнер, тиеу, түсiру (жүктен босату) маневрлiк жұмыс және бос тұруы үшін уақытты қоса алғанда, жүк жөнелтушіде, жүк алушыда, тармақ иеленушіде болған жағдайда, не жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, тармақ иеленушінің кiнәсiнен олар дер кезiнде берілмеген, қабылданбаған жағдайда олар тасымалдаушыға вагондарды, контейнерлерді пайдаланғаны үшiн төлем жасайды. Тиеу-түсiру және маневрлік жұмыс технологиялық уақыты тасымалдау ережесiмен анықталады.
      2. Магистралдық, станциялық немесе кiрме жолдарда вагондар, контейнерлер жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң кiнәсiнен кідіртiлген жағдайда, олар тасымалдаушыға оның көрсетiлген темiр жол желiлерiн пайдаланған уақыты үшiн төлеген шығындарын өтеуге мiндеттi.
      3. Осы бапта көзделген төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.";
      23) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
      "49-1-бап. Магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланудан пайда болу мiндеттемелердi бұзғаны үшін жауапкершілік
      Магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланудан пайда болу мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, магистралдық темiр жол желiсiн пайдалану ережелерiнде, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалған шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауапты болады.";
      24) 55-бапта:
      1-тармақта "жүк жөнелтушiнiң," деген сөздер "жүк жөнелтушінің немесе" деген сөздермен ауыстырылсын, "осындай кедергiлер туындаған кезден бастап бiр тәулік iшiнде" деген сөздер "телеграф арқылы немесе жасалған шартқа сәйкес өзге тәсілмен кешіктірмей " деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "тез бөлiнетін жүктi" деген сөздер "оны қайтаруға мүмкiндiк болмаған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 56-бапта:
      2-тармақта "тасымал көлемiне" деген сөздер "жүк айналымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ "салу" деген сөзден кейiн "немесе кезек күттірмейтiн жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
      26) 57-бапта:
      2-тармақта "оны иеленушілердiң" деген сөз "тармақ иеленушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Жаңа кiрме жол жалғасқан немесе қолданыстағы кiрме жолдағы тасымалдау көлемi ұлғайған жағдайда кiрме жолдарды, станцияларды салу, магистралдық темiр жол желiсiнiң қолданыстағы станцияларын дамыту бастамашының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.";
      27) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:
      1. Тармақ иеленушілер жылжымалы құрамның өткiзiлуi, тұруы, вагондарды беру және әкету, паромдарға кiргiзу-шығару, жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру (жүктен босату), маневрлiк жұмыстар жөнiндегi операцияларды және шарт негiзiнде өзге де операцияларды жүзеге асыру үшін тасымалдаушыға, жүк жөнелтушiге, жүк алушыға, контрагенттерге және басқа да тұлғаларға кiрме жолдардың қызметтерiн көрсетуi мүмкiн.
      2. Кiрме жолдардың қызметтер көрсетуiн ұсынғаны үшін сала иелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем алады.
      3. Тармақ иеленушi кiрме жолдарды тасымалдаушыға, жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, контрагенттерге және басқа тұлғаларға қолдануға тең құқылы қамтамасыз ету керек;
      28) 58-бапта:
      1-тармақ "және маневрлік жұмысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      екiншi бөлiктегi "жүктi қабылдау мен беру жөнiндегi қызметті" деген сөздер "кірме жолдардың қызметтерiн көрсетудi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Тармақ иеленушi анықталған бұзушылықтарды актiде көрсетiлген мерзiмде жоймаған жағдайда, магистралдық темiр жол желiсiнiң операторы кiрме жолдарға жылжымалы құрамды берудi және әкетудi тоқтатуға құқылы.";
      29) 60 және 64-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "60-бап. Кiрме жолдардың қызметiн көрсетуге
      1. Кiрме жолдардың қызметтерiн көрсету жөніндегi магистралдық темiр жол желiсi операторының, тасымалдаушының, сала иесiнің, контрагенттiң өзара қарым-қатынастары шарттармен белгiленедi.
      2. Сала иесiнiң бір жақты тәртiппен:
      1) шарттың жағдайларын кiрме жолдар қызметін көрсетулерге ауыстыруға;
      2) кiрме жолдар қызметiн көрсетулерге арналған шарттарды бұзуға;
      3) тасымалдаушының, жүк жiберушiнiң, контрагенттiң және басқа тұлғалардың, олардың кiрме жолдар қызметін көрсетулерге арналған жағдайлардан басқа кезде, жағдайын нашарлататын басқа да iс-әрекеттер жасауына құқы жоқ.";
      "64-бап. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру
      1. Халықаралық және республикалық - қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      Облысішілік және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың немесе тасымалдаушының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      2. Жолаушыларды тасымалдауды магистралдық темiр жол желiсi операторымен келiсiлген кесте бойынша тасымалдаушы ұйымдастырады.";
      30) 66-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесiн тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
      31) 67-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының бiрiншi бөлiгi "бip толық немесе баланың жол жүру құжатына" деген сөздермен толықтырылсын;
      32) 68-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жолаушы (жөнелтуші) багажды тапсырған кезде багаждың құндылығын жариялауға құқылы, жүк-багажды тапсырған кезде оның құндылығын жариялауға мiндетi";
      34) 71-бап алынып тасталсын;
      35) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "72-бап. Почта жөнелтiмдерiн тасу
      Почта вагондарында Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгіленген тәртiпте жүзеге асырылады.";
      36) 73-баптың 1-тармақтағы "осы Заңда" деген сөздерден кейiн "және темiр жол көлiгі саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерде" деген сөздермен толықтырылсын;
      37) 77-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Тасымалдаушының қабылданған өтiнiмге сәйкес жылжымалы құрамды бермегенi үшiн айыппұл төлеуi, оны жылжымалы құрамды беру жөнiндегi одан арғы мiндеттемелерiнен босатпайды. Жылжымалы құрам жүк жөнелтушiге ескертілген ұзартылған мерзiмде ұсынылған жағдайда тасымалдаушы, егер ол жылжымалы құрамды бермеу оның кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаған болса 5 есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.";
      38) 82-бапта "жабылмаған тұрақсыздық айыбы бөлігiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      39) 89-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жүктердi тасымалдау ережелерiне сәйкес кiнә қоюға өтiнiш берушiнің кiнә қою құқығы бар екендігін куәландыратын құжаттар қоса берiлуге тиiс.";
      40) 92-баптың 2-тармағы - мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) өткiзу қоймасына багажды, жүктi немесе жүк-багажды тапсырған кезде;".

      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады