Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жекелеген кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі N 473 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналар:
      1) "Қазақстан емдеу кешенi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Қазақстан санаторийi" акционерлiк қоғамына қайта құру жолымен;
      2) "Шалқар су санаторийi" және "Жеке батыр санаторийi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Арқа санаторийi" акционерлiк қоғамына қосу жолымен;
      3) "Арман санаторийi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Арман санаторийi" акционерлiк қоғамына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) олардың қызметінiң негiзгі мәнi iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн, iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi мен олардың отбасы мүшелерiн және басқа да жеке тұлғаларды санаториялық-курорттық емдеудi ұйымдастыру деп белгiлей отырып, құрылатын акционерлiк қоғамдардың жарғыларын бекiтсiн;
      2) акционерлiк қоғамдарды әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн, құрылатын акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне берсiн;
      4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің      
2004 жылғы 27 сәуірдегі
N 473 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-55-жолмен толықтырылсын:
      "21-55 "Арқа санаторийі" АҚ;
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 123-88-жолмен толықтырылсын:
      "123-88 "Қазақстан санаторийi" АҚ;
      "Оңтүстiк Қазақстан облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 297-жолмен толықтырылсын:
      "297 "Арман санаторийi" АҚ".

      3. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерінің тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 266-1, 266-2, 266-3-жолдармен толықтырылсын:
      "266-1 "Қазақстан санаторийi" АҚ;
      "266-2 "Арқа санаторийi" АҚ;
      "266-3 "Арман санаторийi" АҚ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады