"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 489 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Жоба 

  "Бәсекелестiк және монополистiк қызметтi шектеу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы

      Осы Заң бәсекелестіктi қорғау саласы бойынша қатынастарды реттейдi және ұлттық экономиканың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар қамтамасыз ете отырып, бәсекелестікке қарсы келiсiмдерге және келiсiлген iс-әрекеттерге, үстем жағдайын терiс пайдалануға, шамадан тыс экономикалық шоғырлануға тыйым салу, шектеу және бақылау жолымен әдiл және еркiн бәсекелестікке жәрдемдесу.

  1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлар - олардың функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы және басқа да өлшемдерi бойынша салыстыруға болатын, сол себептен сатып алушы оларды тұтыну процесiнде iс жүзiнде оларды ауыстыруға даяр тауарлар тобы;
      2) ақпарат - кез келген жеткiзгіштерде сақталған, кез келген нысандағы және түрдегі мәлiметтер (оның iшiнде хат-хабар, кiтаптар, белгiлер, суреттеулер (карталар, диаграммалар, суреттер, сызбалар және сол сияқты), фотосуреттер, голограммалар, кино, бейне, микрофильмдер, дыбыс жазбалары, компьютер жүйелерiнің дерекқоры немесе олардың элементтерiн толық не iшiнара жаңғырту), тұлғалардың түсiндiрмелерi және басқа да кез келген халыққа жарияланған немесе құжатталған мәлiметтер;
      3) монополистiк қызмет - рынок субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмi (келiсiлген iс-әрекетi), үстем жағдайды терiс пайдалану, мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi;
      4) бәсекелестік - рынок субъектiлерiнiң басымдықтар алу мақсатындағы жарыстастығы, оның салдарынан рыноктың жеке субъектiсi тиiстi тауар рыногында тауарлар айналысы жағдайын айқындай алмайды;
      5) рынок субъектiлерi - тауарларды өндiру, өткiзу және иелену жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және олардың бiрлестiктерi, сондай-ақ дербес немесе басқа тұлғалармен кәсiпкерлiк қызметтi бiрлесiп жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
      6) тауар - қызметтiң сатуға немесе айырбастауға арналған өнiмi, оның iшiнде жұмыстар және қызметтер;
      7) тауар рыногы - сатып алушының тауарды тиiсті аумақта иеленуге экономикалық мүмкiндiгін негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның бөлігіндегi тауардың немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың айналыс аясы;
      8) бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi уәкiлетті орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

       2-бап. Заңның қолданылу аясы

      Осы Заң Қазақстан Республикасының тауар рыноктарындағы бәсекелестікке ықпал ететiн немесе ықпал етуi мүмкiн қатынастарға қолданылады.

       3-бап. Бәсекелестiк және монополистік қызметті шектеу
               туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

      1. Бәсекелестiк және монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына негізделедi және "Терiс пиғылды бәсекелестiк туралы" Қазақстан Республикасының  Заңынан , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

  2-тарау. Уәкiлеттi органның мiндеттерi,
функциялары мен өкiлеттілігі

       4-бап. Уәкiлеттi орган

      1. Уәкiлеттi органның жүйесiн бәсекелестікті қорғау жөнiндегi орталық мемлекеттік орган, оған бағынышты аумақтық органдары мен бәсекелестіктi қорғау жөнiндегі (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) облыстық атқарушы органдар құрады. Аумақтық органдар өз қызметiн бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi орталық мемлекеттік орган белгілеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
      2. Бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi орталық мемлекеттік орган туралы ереже, сондай-ақ оның құрылымы мен жалпы штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
      3. Бәсекелестікті қорғау жөнiндегi орталық мемлекеттік органдары Төраға (жеке орган) және Басқарма (алқалы орган) болып табылады. Органдардың өкiлеттiлігі бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі орталық атқарушы орган туралы ережеде айқындалады.

       5-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi

      Уәкiлетті органның мiндеттерi:
      1) монополистiк қызметтiң алдын алу, шектеу және тыю;
      2) бәсекелестік және монополистiк қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасы заңнаманың сақталуын бақылау;
      3) экономикалық шоғырлануды бақылау;
      4) тауар рыноктарындағы бәсекелестiк қатынастарды қалыптастыруға және тиiмдi жұмыс iстеуiне көмектесу болып табылады.

       6-бап. Бәсекелестіктi қорғау жөнiндегі орталық
               мемлекеттік органның және бәсекелестiктi
               қорғау жөніндегі (республикалық маңызы бар
               қалалар, астаналар) облыстық атқарушы
               органдардың функциялары

      Бәсекелестіктi қорғау жөнiндегі орталық мемлекеттік орган жүктелген мiндеттерге сәйкес өз құзыретi шегінде мынадай қызметтердi орындайды:
      1) екi немесе одан көп облыстардың (республикалық маңызы бар астаналар) аумағын өзiне қосатын тауар рыноктарына бақылауды жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының Президентiне, Парламентiне және Yкiметiне жекелеген тауар рыноктарындағы бәсекелестіктің жай-күйi және өзiнiң қызметі туралы жылдық есеп жолдайды;
      3) бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу және тауар рыноктарында бәсекелестiктi дамыту жөнiнде оны қолдану практикасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде шаралар әзiрлейдi және ұсынады;
      4) тауар рыногының жұмыс iстеуiне, бәсекелестіктi дамытуға, баға түзу мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын келiседi;
      5) тауар рыногындағы бәсекелестiк жағдайын анықтау және тауар рыногында бәсекелестіктi шектейтiн және монополистік қызметті жүзеге асыратын рынок субъектілерiн анықтау мақсатында талдау жүргiзедi;
      6) бәсекелестіктi дамыту және монополистік қызметті шектеу жөнiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестірудi жүзеге асырады;
      7) мемлекеттiк органдармен және шетел мемлекеттерi ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен өзара әрекет ету және ынтымақтастықты, сондай-ақ уәкiлетті органның құзыретiне қатысты мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысуды ұйымдастырады.
      2. Бәсекелестiкті қорғау жөнiндегi облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы орган өз құзыретi шегінде мынадай функцияларды орындайды:
      1) тауар рыноктарына осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлгеннен басқа бақылауды жүзеге асырады;
      2) бәсекелестiк және монополистiк қызметті шектеу және тауар рыноктарында бәсекелестіктi дамыту жөнiнде оны қолдану практикасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде шаралар әзiрлейдi және ұсынады;
      3) тауар рыногындағы бәсекелестiк жағдайын анықтау және тауар рыногында бәсекелестіктi шектейтін және монополистiк қызметті жүзеге асыратын рынок субъектiлерiн анықтау мақсатында талдау жүргізедi;
      4) бәсекелестіктi дамыту және монополистiк қызметті шектеу жөнiнде мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады.

       7-бап. Уәкiлеттi органның өкiлеттігі

      1. Бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi орталық мемлекеттiк орган:
      1) мемлекеттік органдар мен рынок субъектілерi орындауға мiндеттi бәсекелестiк және монополистік қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелерi бойынша нормативтік құқықтық кесiмдер әзiрлеуге және бекiтуге;
      2) бәсекелестiк және монополистік қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттiк органдардың, рынок субъектiлерiнiң олар белгілеген тәртiптiң сақталу мәселелерi бойынша тексеру жүргізуге;
      3) рынок субъектiлерiне орындау үшiн мiндеттi осы Заңды бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою туралы, алғашқы жағдайын қалпына келтiру туралы, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң олардың құрамынан ерiксiз бөлу немесе бөлiп шығару туралы, осы Заңға қайшы шарттарды бұзу немесе өзгерту туралы, рыноктың басқа субъектiсiмен шарт жасасу туралы нұсқама беруге;
      4) мемлекеттiк органдарға орындау үшiн мiндеттi олар қабылдаған заңсыз кесiмдердi алып тастау немесе өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату туралы, сондай-ақ осы Заңға қайшы олар жасаған келiсiмдердi бұзу немесе өзгерту туралы нұсқамалар беруге;
      5) рынок субъектiлерiн және олардың басшыларын, мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын бәсекелестiк және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнаманы бұзғандықтары үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы шешiм қабылдауға;
      6) сотқа талап-арызбен және арызбен жүгiнуге, сондай-ақ соттың бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға және бұзуға байланысты iстердi қарау процесiне қатысуға;
      7) құқық қорғау органдарына бәсекелестiктi және монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға байланысты қылмыс белгiлерi бойынша қылмыстық iстерді қозғау туралы мәселенi шешу үшiн материалдар жiберуге;
      8) бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселесi бойынша түсiнiктеме беруге;
      9) мемлекеттiк органдарға тауар рыногында бәсекелестікті дамытуға бағытталған iс-шараларды өткiзу бойынша ұсынымдар беруге;
      10) мемлекеттік органдардың, рынок субъектiлерiнiң және олардың лауазымды тұлғаларының бәсекелестiк және монополистiк қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғандықтарына тергеу жүргізуге;
      11) рынок субъектiлерiнiң үй-жайына және аумағына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып кiруге кедергісiз рұқсат алуға;
      12) өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында мемлекеттiк органдардан, рынок субъектiлерiнен және олардың лауазымды және өзге де тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген коммерциялық, банктiк және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылған талаптарды сақтай отырып ақпарат сұратуға және алуға;
      13) келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарау тәртiбiн белгiлеуге құқылы.
      2. Бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы орган өз құзыретi шегiнде мыналарды:
      1) бәсекелестiк және монополистiк қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік органдардың, рынок субъектiлерiнiң бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі орталық мемлекеттiк орган белгілеген тәртiппен сақтау мәселелерi бойынша тексеру жүргiзуге;
      2) рынок субъектiлерiне орындау үшiн мiндеттi осы Заңды бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою туралы, алғашқы жағдайын қалпына келтiру туралы, олардың құрылымдық бөлiмшелерінің олардың құрамынан ерiксiз бөлу немесе бөлiп шығару туралы, осы Заңға қайшы шарттарды бұзу немесе өзгерту туралы, рыноктың басқа субъектiсiмен шарт жасасу туралы нұсқама беруге;
      3) мемлекеттiк органдарға орындау үшiн мiндетті, олар қабылдаған заңсыз кесiмдердi алып тастау немесе өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату туралы, сондай-ақ осы Заңға қайшы олар жасаған келiсiмдердi бұзу немесе өзгерту туралы нұсқамалар беруге;
      4) рынок субъектiлерiн және олардың басшыларын, мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын бәсекелестiк және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнаманы бұзғандықтары үшiн әкiмшілiк жауапкершiлiкке тарту туралы шешiм қабылдауға;
      5) сотқа талап-арызбен және арызбен жүгiнуге, сондай-ақ соттың бәсекелестiк және монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануға және бұзуға байланысты iстердi қарау процесiне қатысуға;
      6) құқық қорғау органдарына бәсекелестіктi және монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға байланысты қылмыс белгiлерi бойынша қылмыстық iстердi қозғау туралы мәселенi шешу үшiн материалдар жiберуге;
      7) мемлекеттiк органдарға тауар рыногында бәсекелестiктi дамытуға бағытталған iс-шараларды өткiзу бойынша ұсынымдар беруге;
      8) мемлекеттiк органдардың, рынок субъектiлерiнiң және олардың лауазымды тұлғалардың бәсекелестiк және монополистiк қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға тергеу жүргізуге;
      9) рынок субъектiлерiнің үй-жайына және аумағына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып кiруге кедергісiз рұқсат алуға;
      10) өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында мемлекеттiк органдардан, рынок субъектілерiнен және олардың лауазымды және өзге де тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген коммерциялық, банктiк және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылған талаптарды сақтай отырып ақпарат сұратуға және алуға.
      3. Бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi орталық мемлекеттiк орган:
      1) жеке және заңды тұлғалардың оның құзыретiне қатысты мәселелер бойынша үндеулерiн қарауға және арызданушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауға;
      2) коммерциялық, банктік және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын алынатын мәлiметтердiң, сондай-ақ жүктелген мiндеттi орындау кезiнде алынған басқа ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      4. Бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдар өз құзыретi шегінде:
      1) жеке және заңды тұлғалардың оның құзыретiне қатысты мәселелер бойынша үндеулерiн қарауға және арызданушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауға:
      2) коммерциялық, банктiк және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын алынатын мәлiметтердiң, сондай-ақ жүктелген мiндетті орындау кезiнде алынған басқа ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге.

  3-тарау. Монополистік қызмет

       8-бап. Рынок субъектiлерiнің бәсекелестiкке қарсы
               келiсiмдерi (келiсiлген iс-әрекеттерi)

      Рынок субъектілерінің арасында кез келген нысандағы қол жеткiзген келiсiмдерi (келiсiлген іс-әрекеттерi) нәтижесiнде бәсекелестікті шектейтін не шектей алатын болса мынадай келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер) оның iшінде:
      1) бағаны не тауарларды сатып алудың немесе өткiзудiң басқа шарттарын белгілеу;
      2) бағаны көтеру, төмендету немесе ұстау не сауда-саттыққа қатысушылардың арасында өзге келiсiмдердiң нәтижесiнде сауда-саттық қорытындыларын бұрмалау;
      3) тауар рыноктарын аумақтық қағидат, тауарлардың түр-түрi, оларды өткiзу немесе сатып алу көлемi бойынша, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша не басқа белгiлер бойынша бөлуге;
      4) квоталауды қоса алғанда, тауарларды өндiру не өткiзудi шектеуге;
      5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен шарт жасасудан негiзсiз бас тартуға;
      6) тауар рыногына кiрудi шектеуге немесе одан белгiлi бiр тауарлардың сатушылары немесе олардың сатып алушылары ретіндегi рыноктың басқа субъектiлерiн ығыстыруға;
      7) тең келiсiмдерге басқа субъектiлерге кемсiтушiлiк жағдайларын қолдануға;
      8) рыноктың басқа субъектілерiнiң мазмұны бойынша немесе iскер айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдер мәнiне қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдаған жағдайда келiсiмдер жасасуға тыйым салынады және олар заңдарда белгіленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.

       9-бап. Рынок субъектiлерiнiң рұқсат етуi мүмкiн
               келiсiмдерi (келiсiлген iс-әрекеттерi)

      Рынок субъектiлерiнiң осы Заңның 8-бабында көзделген келiсiмдерi (келiсiлген iс-әрекеттерi) рынок субъектiлерiнiң тиiстi тауар рыногындағы терiс салдарға байланысты келiсiмдердiң (келiсiлген iс-әрекеттердiң) оң әсерiн жоғарылату туралы негіздеменi және дәлелдеменi ұсыну жағдайда осы Заңда көзделген тәртiпке сәйкес уәкiлетті органмен рұқсат етiлуi мүмкiн.

       10-бап. Кейбiр құқықтарға қатысты келiсiмдер
                (келiсiлген iс-әрекеттер)

      Осы Заңның 8-бабында көзделген шектеулер:
      1) лицензиялық шарттар;
      2) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарттары (франчайзингi);
      3) технологияны берумен байланысты шарттар;
      4) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-құрастыру жұмыстарындағы кооперация туралы шарттар бойынша келiсiмдерге (келiсiлген iс-әрекеттерге);
      5) интеллектiлік меншiк объектiлерiне арналған құқықтарды беруге байланысты өзге шарттарға қолданылмайды.

       11-бап. Тұлғалар тобы

      1. Тұлғалар тобы оларға қатысты мынадай шарттардың бiрi орындалатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы болып табылады:
      1) келісiм (келiсiлген iс-әрекеттер) нәтижесiнде бiрлесiп тiкелей немесе жанама (үшiншi тұлғалар арқылы) түрде заңды тұлғаның жарғылық капиталын құрайтын акцияларға (үлестерге, пайларға) келетiн дауыстардың жалпы санының жиырма бес пайыздан астамына билiк етуге құқығы бар тұлға немесе бiрнеше тұлғалар;
      2) басқа тұлғамен немесе тұлғалармен қабылданатын шешiмдердi шарт негiзiнде немесе басқаша айқындауға, оның iшiнде басқа тұлғаның немесе тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу жағдайын айқындауға не атқарушы органның өкiлеттіктерiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алған тұлға немесе бiрнеше тұлғалар;
      3) екi және одан да көп заңды тұлғалардың атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесi (байқаушы кеңесi) құрамының елуден астам пайызын құрайтын сол бiр жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары;
      4) екi немесе одан да көп заңды тұлғалармен қабылданатын шешiмдердi шарт негiзiнде немесе басқаша айқындауға, оның iшiнде осы тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргізу жағдайын айқындауға, не олардың атқарушы органдарының өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алған сол бiр жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары және (немесе) заңды тұлғалар;
      5) бiр мезгiлде заңды тұлға түрiнде еңбек мiндеттерiн атқаратын жеке тұлғалар:
      атқарушы органның және (немесе) басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңесiнiң) құрамының елу және одан көп пайызын бiлдiретiн;
      басқа заңды тұлғалармен қабылданатын шешiмдердi шарт негізiнде немесе басқаша айқындауға, оның iшiнде осы тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргізу жағдайын айқындауға, не олардың атқарушы органдарының өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алған;
      6) сол бiр жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары және (немесе) заңды тұлғалар дербес немесе өкiлдерi арқылы екi және одан көп заңды тұлғаның әрқайсысының жарғылық капиталын құрайтын акцияларға (үлестерге, пайларға) келетiн дауыстардың жалпы санының жиырма бес пайыздан астамына билiк етуге құқығы бар;
      7) дербес немесе - өкiлдерi арқылы бiр заңды тұлғаның жарғылық капиталын құрайтын акцияларға (үлестерге, пайларға) келетiн дауыстардың жалпы санының жиырма бес пайыздан астам мөлшерiне билiк етуге құқығы бар жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар, осы жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары не көрсетілген заңды тұлғалардың өкiлдерi бiр мезгілде басқа заңды тұлғаның атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесi (байқаушы кеңесi) немесе өзге орган құрамының елу пайыздан астамына ие жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаларды бiлдiредi.
      2. Осы Заңның мақсаттары үшiн тұлғалар тобы рыноктың бiртұтас субъектiсi ретiнде қарастырады.

       12-бап. Yстем жағдай

      1. Yстем жағдай рынок субъектiсiнiң немесе рыноктың бiрнеше субъектiлерінің оған (оларға) тиiстi тауар рыногындағы белгiлi бiр тауар айналысының жалпы жағдайына шешушi ықпал етуiне мүмкiндiк беретін жағдайы болып танылады.
      2. Тиiстi тауар рыногындағы үлесi отыз бес пайыздан аспайтын рынок субъектiсiнiң жағдайы, рыноктың бiрнеше субъектiлерiнiң әрқайсысының жағдайы үстем болып саналған жағдайдан басқа жағдайларда, егер оларға қатысты мынадай талаптар орындалса:
      белгiлі бiр тауар рыногындағы ең көп үлеске ие рыноктың үштен көп емес субъектiсiнің жиынтық үлесi елу және одан көп пайызды құраса;
      белгiлi бip тауар рыногындағы ең көп үлеске ие рыноктың төрттен көп емес субъектісінің жиынтық үлесi жетпiс және одан көп пайызды құраса үстем болып танылмайды.

       13-бап. Үстем жағдайды терiс пайдалану

      Yстем жағдайға ие рынок субъектiсiнiң тиiстi тауар рыногына кiруiн шектейтiн не бәсекелестiктi шектейтiн iс-әрекеттерiне, оның iшiнде мынадай iс-әрекеттерге:
      1) рынокта елеулi бәсекелестiк болған жағдайда белгiлеуге мүмкiн болмаған тауарды сатып алудың немесе өткiзудiң бағаларын не басқа жағдайларды белгiлеу;
      2) әртүрлі бағаны не субъектiлермен бiрдей келiсiмдерге объективтi расталған себептерсiз әртүрлi жағдайлар қолдану;
      3) одан сатып алынған тауарларды аумақтық белгiлерi, сатып алушылар тобы, сатып алу талаптары, сондай-ақ саны, бағасы бойынша қайта сатуға шектеулер белгілеуге;
      4) мазмұны бойынша немесе iскер айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдерге қатысы жоқ рынок субъектiсiнiң қосымша мiндеттемелердi қабылдау келiсiмiнiң қорытындысын шарттасуға;
      5) тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндігі бар кезде жеке сатып алушылармен шарт жасаудан негiзсiз бас тартуға;
      6) бәсекелестер өндiретiн не өткiзетiн тауарларды сату бойынша шектеулер қабылдаумен тауарларды жеткiзудi шарттасуға;
      7) сұраныс немесе тұтынушылар тапсырысы бар тауарларды оларды залалсыз өндiру мүмкiндiгi болған жағдайда, өндірудi немесе өткiзудi шектеуге тыйым салынады және жарамсыз деп танылады.

       14-бап. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке
                қарсы іс-әрекеттерi

      1. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi шектеуге алып келген немесе алып келуi мүмкiн кесiмдердi не шешiмдердi қабылдауы, жазбаша не ауызша нұсқаумалар беруi, келiсiмдер жасасу немесе өзге де кез келген iс-әрекеттерi бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттер болып табылады.
      2. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестікке қарсы iс-әрекеттерi, атап айтқанда:
      1) қызметтiң кез келген саласында рынок субъектiсiнiң құрылуына тыйым салу не кедергі болу, сондай-ақ қызметтің кейбiр түрлерiн жүзеге асыруға, тауарлардың кейбiр түрлерiн өндiруге, сатып алуға немесе өткiзуге тыйым салу;
      2) рынок субъектілерiн шарттарды басымдықпен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте жеткiзуге не белгiлi бiр сатушылардан бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу;
      3) тауарларды бiр орталықтан бөлуге, сондай-ақ рыноктарды рынок субъектiлерiнiң арасында аумақтық қағидат, тауарлардың түр-түрi, оларды өткiзу немесе сатып алу көлемi бойынша немесе тұтынушылар немесе сатушылар тобы бойынша бөлуге бағытталған кез келген iс-әрекеттер;
      4) белгілi бiр тауарларды Қазақстан Республикасының бiр өңiрiнен екiнші өңiрiне өткiзуге (әкетуге) тыйым белгілеу;
      5) рыноктың жеке субъектiлерiне бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын, бәсекелестiктi шектеуге алып келетін немесе алып келуi мүмкiн жеңiлдiктердi немесе басқа артықшылықтарды беру;
      6) рыноктың жеке субъектiлерінің бәсекелестермен салыстырғанда қызметтiң қолайсыз немесе кемсiтушiлiк жағдайларын жасағаннан туындайтын iс-әрекеттер;
      7) рынок субъектiсiнiң дербестігіне, оның iшiнде тауарларды сатып алуға немесе өткiзуге, баға түзуге, қызмет бағдарламаларын қалыптастыруға және дамытуға, табысты иеленуге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тыйым салулар мен шектеулер белгіленетiн iс-әрекеттер болып танылады.
      3. Мемлекеттік органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттер жасауына Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайлардан басқа ретте тыйым салынады.

  4-тарау. Экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылау

       15-бап. Экономикалық шоғырлану

      1. Үстем жағдайды терiс пайдалануды немесе бәсекелестiкті шектеудi болдырмау мақсатында уәкiлетті орган осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайларда экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
      2. Мыналар:
      1) рынок субъектiлерiн құру, қосу немесе бiрiктiру;
      2) рынок субъектiсінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акцияларды (үлестердi, пайларды) тұлғаның (тұлғалар тобының) иеленуi, бұл жағдайда мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (үлестердiң, пайлардың) жиырма бес пайыздан астамына билiк етуге құқық алуы;
      3) егер мәмiле мәнiн құрайтын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiгiнен шығарып отырған рынок субъектiсiнiң негізгi өндiрiстік құралдары мен материалдық емес активтердiң баланстық құнының он пайызынан асса, рыноктың бiр субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) рыноктың басқа субъектісiнен негiзгi құралдары немесе материалдық емес активтердi меншiкке алуы немесе пайдалануы;
      4) рынок субъектiсiнiң рыноктың басқа субъектiсiне кәсiпкерлiк қызметке қатысты олар үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге не атқарушы органның функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн өзге құқықтарды (оның iшiнде келiсiмдер, шарттар, тапсырмалар арқылы немесе өзге тәсiлмен) алуы;
      5) рыноктың екi және одан да көп субъектiлерiнiң атқарушы органдарының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестердiң) сол бiр жеке тұлғаларының қатысуы экономикалық шоғырлану деп танылады.
      Мыналар:
      1) рынок субъектiсінің акцияларын (үлестерiн, пайларын) қаржы ұйымдарының алуы, егер осы алу көрсетiлген тұлға рынок субъектiсiнiң басқару органында дауыс беруге қатыспайтын талаппен оларды кейiн қайта сатумен жүзеге асырылатын болса;
      2) оңалту немесе конкурстық басқарушыны, уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмшiнi) тағайындау экономикалық шоғырлану болып саналмайды.

       16-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат алу
                қажет кездегі жағдайлар

      1. Егер тиiстi мәмiлеге қатысушы тұлғалардың активтерiнің баланстық құны немесе соңғы қаржы жылында тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi айлық есептік көрсеткiштің, қаржы ұйымдары қатысқан экономикалық шоғырлану жағдайларынан басқа, бiр жарым миллион есе мөлшерiнен асқан жағдайда, экономикалық шоғырлану уәкiлетті органның шешiмiн алған жағдайда, жүзеге асырылады.
      2. Экономикалық шоғырлануға қаржы ұйымдарының қатысуымен рұқсат алу қаржы ұйымы активтерiнiң құны не өз капиталының көлемi бәсекелестiктi қорғау жөнiнде орталық мемлекеттiк орган қаржы рыноктарын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерден асқан жағдайда жүзеге асырылады.
      3. Егер активтердiң құны не қаржы ұйымының жеке капиталының шамасы уәкiлеттi орган қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бiрлесiп белгілеген мөлшерден асқан жағдайда қаржылық ұйымдар қатысатын экономикалық шоғырлануға рұқсат алу қажет.
      4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды өткiзу көлемдерiн есептеген кезде қосылған құн салығының, акциз сомасын алып тастағанда экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiш берген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы үшiн тауарларды өткiзуден түскен табыс (ақшалай түсiм) сомасы пайдаланылады.

       17-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру

      1. Уәкiлетті орган экономикалық шоғырлануға, егер ол рынок субъектісiнiң үстем жағдайын белгiлеуге немесе күшейтуге және (немесе) бәсекелестікті шектеуге алып келмейтiн жағдайда рұқсат бередi.
      2. Уәкiлетті орган, егер тиiстi мәмiлеге қатысушы олардың iс-әрекеттерiнен болған оңды тиiмдiлік тиiсті тауар рыногында жағымсыз салдарларға асып түскен жағдайда, бәсекелестiктi шектеу мүмкiндiгi кезiнде экономикалық шоғырлануға рұқсат беруге құқылы.

  5-тарау. Экономикалық шоғырлану келiсiмiне (келiсiлген iс-әрекетке) рұқсат беру туралы өтiнiштердi және алдын-ала қорытынды ұсыну туралы арыздарды қарау

       18-бап. Рынок субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлану
                келiсiмiне (келiсiлген iс-әрекетке) рұқсат
                беру туралы өтiнiштер ұсыну

      1. Келiсiм жасасуға (келiсiлген iс-әрекеттi жүзеге асыруға), экономикалық шоғырлануды жүзеге асыруға ниеттенген рынок субъектiлерi уәкiлетті органға:
      1) келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке) рұқсат беру туралы;
      2) экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiшпен жүгiнедi.
      Келiсiмдерге (келiсiлген iс-әрекеттерге), экономикалық шоғырлануға қатысушылар жалпы өтiнiш ұсынады. Өтінiштердi қарауға қажеттi құпия ақпаратты уәкiлеттi органға осы тұлғалар жеке-жеке ұсына алады.
      2. Егер келiсiм (келiсiлген iс-әрекет) немесе экономикалық шоғырлану конкурстық рәсiмдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданумен өткiзiлген жағдайда, өтінiш конкурс рәсiмi басталғанға дейiн де, конкурс аяқталғаннан кейiн де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгедей көзделмесе, ұсынылуға тиiс.

       19-бап. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке),
                экономикалық шоғырлануға рұқсат беру
                туралы өтiнiштердi қарау

      1. Өтінiш ол түскен күннен бастап он бес күн аяқталғаннан кейiн, егер осы уақыт iшінде уәкiлетті орган өтiнiштi өтiнiш берушiге оны және уәкiлетті орган бекiткен талаптарға жауап бермейтiн басқа құжаттарды хабарламамен қоса қайтармаса, қарауға қабылданды деп есептеледi.
      2. Уәкiлетті орган арызданушыдан және басқа тұлғалардан, егер оның болмауы iсті қарауға, сондай-ақ сараптама бастауға кедергi келтiретiн болса, қосымша ақпарат сұрата алады.
      3. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтінiшті қараудың мерзiмi өтiнiш қарауға қабылданған сәттен бастап алпыс күннен аспауға тиiс. Осы мерзiм iшiнде арызданушы толық көлемде ақпарат ұсынған және сарапшының осы баптың 2-тармағына сәйкес қорытындысын алған күннен басталады. Егер уәкiлеттi орган өтiнiштi қараудың осы мерзiм iшiнде шешiм қабылдамаса, келiсiм (келiсiлген iс-әрекет) жасасуға экономикалық шоғырлануды жүзеге асыруға рұқсат берiлдi деп есептеледi.
      Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiм қабылдаудың күнi осы тармақтың 1-абзацында көзделген өтiнiштi қарау мерзiмiнiң соңғы күнi болып есептеледi.
      4. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарау уәкiлеттi органның немесе онымен басқа өтiнiштер байланысты соттың шешiмiне дейiн немесе онымен басқа мәселе байланысты мемлекеттік органның шешiмiне дейiн оның қаралуы мүмкiн болмаған жағдайда, тоқтатыла тұрады. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарауды тоқтата тұру және оны жаңарту туралы уәкiлеттi орган арызданушы хабардар етiлетiн шешiм қабылдайды.
      Уәкiлеттi орган келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi оны тоқтата тұрудың себебi болып табылатын жағдайлар жойылғаннан кейiн қарауды жаңартады.
      Келісiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарау мерзiмi iшiнде осы өтiнiштi қарау тоқтатылған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарау мерзiмi iшiнде қарау жаңартылған күннен бастап жалғасады.
      5. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтінiштердi қарағанда егер уәкiлетті органның шешiмi осы заңмен қорғалатын олардың құқықтары мен мүдделеріне елеулi нұқсан келтірсе, үшiншi тұлғаның қатысуы мүмкiн.
      Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарауға қатысуға үшiншi тұлғаларды тарту туралы мәселенi уәкiлетті орган шешедi. Yшiнші тұлғаны тарту туралы уәкiлетті орган шешiм шығарады, ол туралы осы өтінiштi қарауға қатысатын тұлға хабардар етіледi.

       20-бап. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке),
                экономикалық шоғырлануға рұқсат беру
                туралы өтiнiштер жөнiндегi шешiм

      1. Келiсiмге (келісiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қараудың нәтижелерi бойынша:
      1) келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы;
      2) келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке) тыйым салу туралы;
      3) экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы;
      4) экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешiм қабылданады.
      2. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы уәкiлеттi органның шешiмi бәсекелестiкке келiсiлген iс-әрекеттердiң экономикалық шоғырланудың жағымсыз әсерiн болдырмайтын немесе жұмсартатын белгiлi бiр талаптар мен мiндеттердi келiсiлген iс-әрекеттерге немесе экономикалық шоғырлануға қатысушылардың орындауына негiзделуi мүмкiн. Мұндай шарттар мен мiндеттемелер, атап айтқанда, мүлiктi басқару, пайдалану немесе иелiк ету жөнiндегi шектеуге, сондай-ақ рынок субъектісінің мүлiктi иеліктен айыруды жүзеге асыру мiндеттемелерiне қатысты болуы мүмкiн.
      Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке) рұқсат белгiсiз мерзiмге немесе бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
      3. Келiсiм (келiсiлген iс-әрекет), экономикалық шоғырлану уәкiлетті орган келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап, егер шешімде өзгедей белгiленбесе, жыл iшінде жүзеге асырылуға тиiс. Егер келiсiм (келiсiлген iс-әрекет), экономикалық шоғырлану белгiленген мерзiмде жүзеге асырылмаса, келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға қатысушылардың келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы жаңа өтiнiш беруге құқығы бар.
      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат берудiң қолданылу мерзiмдерiн айқындау тәртiбiн уәкiлетті орган бекiтедi.
      5. Арызданушыға шешiм, ал қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәлiметтер болған жағдайда - уәкiлетті органның шешімiнен көшiрме жiберiледi.
      6. Шешім қабылдаған уәкiлеттi органның осы Заңның 33-бабында көзделген жағдайлардан басқа оны алып тастауға немесе өзгертуге құқығы жоқ. Оның шешімде жол берiлген жаңылыс жазбаларды немесе нақты арифметикалық қателердi түзетуге, мұнымен оның мазмұнын өзгертпестен өзiнiң шешiмiн түсiндiруге, сондай-ақ егер өтiнiш қаралған кезде зерттелген қандай да бiр мәселе бойынша шешiм қабылданбаса, қосымша шешiм қабылдауға құқығы бар.
      Экономикалық шоғырлануға рұқсатсыз қайта ұйымдастырылған рынок субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi уәкiлетті органның талабы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкiн.

       21-бап. Келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер),
                экономикалық шоғырлану туралы алдын-ала
                қорытындылар ұсыну

      1. Уәкiлетті орган алдын-ала қорытындылар ұсыну туралы арыздар мен оларға қоса берiлетiн ақпараттың негiзiнде рынок субъектілерiне келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер), экономикалық шоғырлану туралы алдын-ала қорытындылар ұсынады.
      Келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер) немесе экономикалық шоғырлану туралы алдын-ала қорытындылар ұсыну туралы арыз отыз күннiң iшiнде қаралады.
      2. Келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер), экономикалық шоғырлану туралы уәкiлеттi органның алдын-ала қорытындысы:
      келісiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру мүмкiндiгi туралы;
      келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беруден бас тарту мүмкiндiгi туралы;
      келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат алудың қажеттiлiгi немесе қажеттiлiктiң болмауы туралы;
      қандай да бiр алдын-ала келiсiм үшiн ақпараттың жеткiлiксiздігі туралы көрсетiлетiн хат түрiнде ресiмделедi.
      3. Келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға алдын-aлa қорытынды алу келiсiмдердiң (келiсiлген iс-әрекеттердiң), экономикалық шоғырланудың қатысушыларын, келiсiмге (келiсiлген іс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiшпен осы Заңның 9 және 16-баптарында көзделген жағдайларда, уәкiлетті органға жүгінудiң қажеттілiгінен босатпайды.

       22-бап. Келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер),
                экономикалық шоғырлану туралы өтінiштердi
                және алдын-ала қорытындылар беру арыздарын
                қарауды тоқтату негiзi

      1. Келiсiм (келiсiлген iс-әрекеттер), экономикалық шоғырлану туралы өтiнiштердi және алдын-ала қорытындылар беру арыздарын қарау мынадай жағдайларда:
      1) арызданушылардан келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру өтiнiштерiн немесе алдын-ала қорытындылар беру арыздарын қарауды тоқтатқан мүдделi тұлғалардың өтiнiштерi мен арыздарынан немесе арыздардың түсуiнен бас тарту туралы хабарламалар түскен;
      2) арызданушы уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде, ақпарат бермеген, егер мұндай ақпараттың болмауы өтiнiштi қарауға кедергі келтiрген жағдайларда тоқтатуға жатады.
      2. Өтінiштi қарау тоқтатылғаннан кейiн арызданушы келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы жаңа арызбен уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы.

  6-тарау. Бәсекелестiк және монополистік қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты тергеу және бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы iстердi қарау

       23-бап. Бәсекелестiк және монополистік қызметті
                шектеу туралы Қазақстан Республикасының
                заңнамасын бұзушылық туралы тергеу өткiзуге
                арналған мiндеттілік және себептерi

      1. Осы Заңның 8, 13, 14-баптарын бұзудың себебi бойынша шешiмдер шығару үшiн уәкiлетті орган тергеу жүргiзуге мiндеттi.
      Осы Заңның өзге де бұзылуына қатысты шешiмдi уәкiлеттi орган тергеу жүргізбей-ақ қабылдайды.
      2. Бәсекелестiк және монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға тергеу жүргiзу үшiн мыналар себеп болады:
      1) жеке және заңды тұлғалардың монополистік қызметтiң нәтижесiнде олардың құқықтарының бұзылуы туралы арызы;
      2) бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы заңнаманың бұзылуы туралы мемлекеттік органдардың ұсынымы;
      3) тауар рыноктарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын және оның билігіндегі өзге де мәлiметтердi талдаудың негізiнде уәкiлеттi органның бастамашылығы.
      3. Арыз түскен күннен бастап жетi күннен кешіктірмей уәкiлеттi орган мынадай шешiмдердiң:
      1) бәсекелестiк және монополистiк қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын тергеудi бастау туралы;
      2) бәсекелестік және монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына негіздемелердiң болмауына байланысты тергеудi бастаудан бас тарту туралы шешімдердiң бiреуiн қабылдайды.
      Уәкiлетті орган жоғарыда көрсетiлген шешiмдердiң бiреуiн болжамдалған заң бұзушылық тиiстi тауар рыногындағы бәсекелестiк жағдайына елеулi әсер етуiне сүйене отырып қабылдайды.

       24-бап. Тергеу жүргiзудiң тәртiбi

      1. Тергеу уәкiлетті орган белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде, сондай-ақ осы тарауда көзделген талаптарды ескере отырып жүргiзiледi.
      2. Тергеу уәкiлетті орган тергеудiң басталуы туралы шешім шығарғаннан кейiн ғана жүргiзiледi. Уәкiлетті органның тергеудiң басталуы туралы шешімi:
      1) уәкiлетті органның атауын;
      2) тергеудi жүзеге асырушы (жүзеге асыратын) тұлғаның (тұлғалардың) лауазымын, аты-жөнiн;
      3) тергеуге алып келген себеп нұсқауын;
      4) бәсекелестік және монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын болжанған бұзушылыққа тартылған мемлекеттiк органдар рынок субъектілерінің тiзбесiн;
      5) бәсекелестiк және монополистік қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын болжанған бұзушылық нұсқауын қамтиды.
      3. Тергеудi бастау туралы шешiмге уәкiлеттi органның басшысы не өзге оларға уәкiлеттi тұлға қол қояды, уәкiлеттi органның мөрiмен расталады және заңнамалық кесiмдерде көзделген талаптарды ескере отырып арнаулы журналда, сондай-ақ бәсекелестіктi қорғау жөнiндегі орталық орган белгiлеген тәртiппен тiркеледi.
      4. Тергеу жүргiзген кезде уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы рынок субъектiсiне, мемлекеттiк органға тергеудi бастау туралы шешiм мен қызметтiк куәлігін ұсынуға мiндетті.
      5. Тергеудi бастау туралы шешімi мен қызметтік куәлiктi ұсынған кезде рынок субъектiсi уәкiлетті органның лауазымды тұлғасын оларға тиесiлi аумаққа немесе үй жайға жiберуге және тергеу жүргізуге қажеттi ақпараттар алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндетті.
      6. Tepгеу жүргізетін уәкiлетті органның лауазымды тұлғасын көрсетілген аумаққа немесе үй-жайға жiберуге кедергi келтiрген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тергеу жүргiзетiн уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасы және рынок субъектісi қол қояды. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, рынок субъектісi бас тартудың себебi көрсетiлген жазбаша түсiнiктеме беруге мiндеттi.
      7. Тергеудiң нәтижелерi туралы қорытынды жасаумен тергеу аяқталады. Тергеу нәтижелерi туралы қорытынды бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы заңнаманы бұзушылықтың осы Заңның тиiстi нормаларына сiлтеме жасалған толық сипаттамасын қамтуға тиiс. Егер тергеу аяқталғаннан кейiн бәсекелестік және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнама бұзылған деп белгiленбесе, онда бұл туралы тергеу нәтижелi туралы қорытындыда тиiсті жазба жасалады.
      8. Tepгеу тергеудiң басталуы туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей аяқталуға тиiс.
      Қосымша зерттеу қажет болған жағдайда, көзделген мерзiм уәкiлеттi органның шешiмiмен бiр айға ұзартылуы мүмкiн.

       25-бап. Уәкiлетті органның бәсекелестiк және
                монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан
                Республикасы заңнамасының бұзылуын тергеу
                нәтижелерi жөнiндегi шешiмi

      1. Уәкiлеттi орган бәсекелестiк және монополистiк қызметтi шектеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелерi бойынша мынадай:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негіздердiң болмауы туралы;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы;
      3) материалдарды қылмыстық iс қозғау үшiн құқық қорғау органдарына беру туралы шешiмдер қабылдайды.
      2. Уәкілетті органның шешiмi арызданушының, мемлекеттік органның тиiсті рынок субъектісiнің және өзге де мүдделi тұлғалардың назарына жеткiзiледi.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi әкiмшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлетті органның басқармасы қарайды.

  7-тарау. Мемлекеттік peттеу мен бақылаудың
жекелеген нысандары

       26-бап. Yстем жағдайға ие рынок субъектiлерiн
                ерiксiз бөлу

      1. Рынок субъектiсiнің үстем жағдайы мұндай жағдайдың жағымсыз салдарларын тиімдi шектеуге ерекше мүмкiндiк бермейтiн болып табылған жағдайда, уәкiлетті орган оны ерiксiз бөлу немесе олардың құрамынан құрылымдық бөлiмшелер базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалар бөлiп шығару туралы егер бұл бәсекелестіктi дамытуға алып келсе, сотқа жүгінуге құқылы.
      2. Үстем жағдайға ие рынок субъектiсiн ерiксiз бөлу (бөлiп шығару) туралы шешiм мынадай шарттардың жиынтығы:
      1) оның құрылымдық бөлімшелерiнiң ұйымдық және аумақтық оқшаулану мүмкiндiгi;
      2) оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасында тығыз технологиялық өзара байланыстың (атап айтқанда, егер рынок субъектiсi тұтынып отырған оның құрылымдық бөлiмшесi тауарларының көлемi осы құрылымдық бөлiмше өндiретiн тауарлардың жалпы көлемiнiң отыз пайызынан аспаса) болмауы;
      3) қайта ұйымдастырудың нәтижесiнде пайда болған заңды тұлғалардың тиiсті тауар рыногында дербес жұмыс iстеу мүмкiндігі болған жағдайда қабылданады.
      3. Рынок субъектiсiн ерiксiз бөлу, бөлiп шығару туралы шешiмдi меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген орган сот шешiмiнде көзделген талаптарды ескере отырып орындауға тиiс.
      4. Ерiксiз бөлу жүргізудiң немесе қаржы ұйымын бөліп шығарудың шарттарын уәкiлеттi орган қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттiк органмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен айқындайды.

       27-бап. Тиiстi тауар рыногындағы үлесi отыз бес
                пайыздан асатын рынок субъектiлерiнiң
                уәкiлеттi органға ақпарат беру жөнiндегі
                қосымша мiндеттемелерi

      1. Уәкiлетті орган тиiсті тауар рыногындағы үлесi отыз бес пайыздан асатын рынок субъектiлерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi, оның тәртiбi бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi орталық органмен айқындалады.
      2. Тиiстi тауар рыногындағы үлесi отыз бес пайыздан асатын рынок субъектiсi уәкiлеттi органға:
      1) бухгалтерлiк есеп туралы заңнамаға сәйкес тоқсандық қаржылық есеп;
      2) өзiнiң дауыс беретін акцияларының (үлестерiнiң, пайларының) он және одан көп пайызын не халықтық акционерлiк қоғам үшiн - акцияларының бес және одан көп пайызын сату және (немесе) сенiмдi басқаруға беру туралы мәлiмет;
      3) ай сайын өндiрiс (өткiзу) көлемдерi, босату бағалары және өндiрiлетiн (өткiзiлетiн) тауарлардың табыстылық деңгейi туралы ақпарат ұсынуға мiндетті.
      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген рынок субъектiсi уәкiлеттi органды тізілімге енгiзілген рынок субъектiсiнiң тауарына бағаның алдағы өзгеруi туралы және олардың өзгеру себептерi туралы көтерудiң себептерiн растайтын негiздеуші материалдарды міндетті түрде ұсына отырып, отыз күн бұрын жазбаша түрде хабардар етуге мiндетті.
      4. Тiзiлiмге енгізiлген рынок субъектiсi ұсынған құжаттарды қарау барысында уәкiлетті орган рынок субъектiлерiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген рынок субъектiсінің үлесi тиiстi тауар рыногында отыз бес пайыздан асатын тиiстi сауалнама алған күннен бастап бес күндiк мерзiмде ұсынылуға тиiстi бағаның өзгеру себептерi туралы қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

  8-тарау. Осы Заңды бұзушылық үшiн жауапкершiлiк

       28-бап. Осы Заңды бұзушылық

      Осы Заңды бұзушылық:
      1) бәсекелестікке қарсы келiсiм (келiсiлген iс-әрекет);
      2) үстем жағдайды терiс пайдалану;
      3) мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы iс-әрекеттерi;
      4) уәкiлетті органның шешiмiнiң, алдын-ала шешiмінің орындалмауы немесе олардың толық көлемiнде орындалмауы;
      5) уәкiлеттi органның тиiстi шешiмiн алмастан, егер мұндай рұқсат қажет болған жағдайда, экономикалық шоғырлану;
      6) уәкiлеттi органға оларға не нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленген мерзiмде ақпарат ұсынбау;
      7) уәкiлетті органға оларға не нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленген мерзiмде толық көлемде ақпарат ұсынбау;
      8) уәкiлетті органға шынайы және (немесе) жалған ақпарат ұсыну;
      9) уәкiлетті органның лауазымды тұлғаларына өздерiнiң функцияларын орындау кезiнде үй-жайға және аумаққа кiруiне кедергi жасау;
      10) келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға қатысушылардың келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы негізделген шешiмнiң талаптары мен мiндеттемелерiн орындамауы болып табылады.

       29-бап. Осы Заңды бұзушылық салдарлары

      Осы Заң бұзылған жағдайда, рынок субъектiлерi мемлекеттiк органдар:
      1) уәкiлеттi органның нұсқамаларына сәйкес бұзушылықты болдырмауға және оның салдарларын жоюға, алғашқы жағдайды қалпына келтiруге, шартты бұзуға, рыноктың басқа субъектiсiмен шарт жасасуға немесе оған өзгерiс енгiзуге, уәкiлеттi орган заңнамаға сәйкес емес деп таныған кесiмдi алып тастауға, белгіленген шарттар мен мерзiмдердi сақтай отырып бөлу немесе бөлiп шығару нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруға, нұсқамада көзделген өзге де iс-әрекеттi орындауға;
      2) сәйкес келтiрілген залалдардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес орынын толтыруға;
      3) уәкiлетті органның әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысын Қазақстан Республикасының әкiмшiлік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен орындауға мiндеттi.

  9-тарау. Уәкiлетті органның шешiмдерiн (нұсқамаларын) орындау, тексеру, қайта қарау, оған шағым жасау тәртiбi

       30-бап. Уәкiлетті органның шешiмдерiн (нұсқамаларын)
                орындау тәртiбi

      1. Уәкiлетті органның шешiмiн (нұсқамасын) рынок субъектісi, мемлекеттiк орган шешiмде (нұсқамада) көрсетiлген мерзiмде орындайды.
      2. Шешiм (нұсқама) орындалмаған жағдайда, уәкiлетті орган рынок субъектiсiн уәкiлеттi органның шешімiн (нұсқамасын) орындауға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгiнуге құқылы.

       31-бап. Уәкiлеттi органның аумақтық органдарының
                шешiмдерiн (нұсқамаларын) тексеру

      1. Уәкiлетті органның аумақтық органдары қабылдаған шешiм (нұсқама) мүдделi тұлғалардың арыздары бойынша немесе жеке бастама бойынша бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі орталық мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен тексерiлуi мүмкiн.
      2. Шешiмдi (нұсқаманы) тексеру туралы арыз бәсекелестіктi қорғау жөнiндегі орталық мемлекеттiк органға оған бағынышты аумақтық органдары шешiм (нұсқама) қабылданған күннен бастап екi ай мерзiмде берiлуi мүмкiн.
      3. Бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi орталық орган аумақтық органның шешiмiн (нұсқамасын) тексеру кезiнде шешiмдi оны тексеру аяқталғанға дейiн шешiмдi орындау тоқтатылуы мүмкiн, бұл туралы мүдделi тұлғалар жазбаша хабардар етіледi.
      4. Аумақтық органның шешiмiн (нұсқамасын) тексерудiң нәтижелерi бойынша бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi орталық мемлекеттiк органның:
      1) шешімді (нұсқаманы) өзгерiссiз қалдыруға;
      2) шешiмдi (нұсқаманы) өзгертуге;
      3) шешiмдi (нұсқаманы) қабылдамауға;
      4) жаңа шешiм (нұсқама) қабылдауға құқығы бар.

       32-бап. Уәкiлеттi органның шешімдерiн (нұсқамаларын)
                қайта қарау

      1. Уәкiлеттi органның өз бастамасы бойынша не мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша мынадай жағдайларда:
      1) егер заңсыз немесе негізсiз шешiм қабылдауға алып келген елеулi оқиғалар уәкiлеттi органға белгілі болмаған және белгілi болуы мүмкiн емес;
      2) егер шешiм заңсыз немесе негізсiз шешiм қабылдауға алып келген жалған ақпарат негiзiнде қабылданған;
      3) келiсiмдердiң (келiсiлген iс-әрекеттердiң), экономикалық шоғырланудың қатысушылары уәкiлетті органның шешiмiне негiзделген талаптар мен мiндеттемелердi орындамаған;
      4) егер негізiнде келiсiмге (келiсiлген iс-әрекетке), экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiм қабылданған жағдай болмаған;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген басқа негiздер болған жағдайда, шешiмдi (нұсқаманы) қайта қарауы мүмкiн.
      Шешiм қабылдаған уәкiлетті орган оны қайта қарау аяқталғанға дейiн шешiмдi орындауды тоқтата тұруы мүмкiн, ол туралы iске қатысушы тұлғаны жазбаша түрде хабардар етедi.
      2. Қайта қарау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган:
      шешiмдi (нұсқаманы) өзгерiссiз қалдырады;
      шешiмдi (нұсқаманы) өзгертедi;
      шешiмдi (нұсқаманы) қабылдамайды;
      жаңа шешiм (нұсқама) қабылдайды.
      3. Егер шешiмдi қайта қарау нәтижелерi бойынша уәкiлетті орган экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешiм қабылдаған жағдайда, экономикалық шоғырлану нәтижесiнде құрылған рынок субъектісiн мемлекеттік тiркеу уәкілеттi органның талабы бойынша сот тәртiбiмен алынып тасталады.

       33-бап. Уәкiлетті органның шешiмдерiне (нұсқамаларына)
                шағым жасау

      1. Уәкiлеттi органның шешiмдерi (нұсқамалары) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
      2. Уәкiлеттi органның аумақтық органдарының шешiмдерiне (нұсқамаларына) бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi орталық органға шағым жасауға:
      iс үшiн маңызы бар жағдайларды толық анықтау;
      iс үшін маңызы бар жағдайлардың толық анықталмауы;
      iс үшiн маңызы бар жағдайлардың дәлелсiздiгі және белгiленген деп танылуы;
      шешiмде баяндалған тұжырымдардың, iстің жағдайларына сәйкессiздiгі;
      материалдық құқық нормаларын бұзу немесе қате қолдану негiз болып табылады.
      3. Уәкiлетті органның аумақтық органының шешiмiне (нұсқамасына) ол шығарылған күннен бастап үш айдың iшінде шағым жасалуы мүмкiн.

  10-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

       34-бап. Қорытынды ережелер

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы  Заңының (Қазақстан Республикасының Парламентi Ведомостінің, 2001 ж., N 2, 13-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

       35-бап. Өтпелі ережелер

      Осы Заңның 27-бабы 2005 жылғы 31 желтоқсаннан бастап күшiн жояды.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады