Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық экономикалық ынтымақтастық қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы жөнiндегi қарыз туралы келiсiмге түзетуге қатысты Қазақстан Республикасы мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкi арасындағы қосымша келiсiм-хатқа қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 637 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған 1998 жылғы 24 желтоқсанда Токиода жасалған Қазақстан Республикасы мен Жапонияның Халықаралық экономикалық ынтымақтастық қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы жөнiндегi қарыз туралы келiсiмге түзетуге қатысты Қазақстан Республикасы мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкi арасындағы қосымша келiсiм-хаттың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Арман Ғалиасқарұлы Дунаевқа Қазақстан Республикасының атынан көрсетiлген Келiсiм-Хатқа қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

       Жапония халықаралық ынтымақтастық банкi

                                     Күнi: 2004 жылғы 3 маусым
                                     Хаттың N DA (4)/2004-36

       ҚР Қаржы министрлiгi

      Құрметтi мырзалар,

      Астана әуежайын қайта жаңарту жобасының N KAZ-P3 қарыз туралы келiсiмiне түзетуге қатысты.

      Сiздiң 2004 жылғы 15 мамырдағы N DGZ-2-2/4277 хатыңызға және Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - "Қарыз алушы" деп аталатын) мен Жапония халықаралық ынтымақтастық банкi (бұдан әрi - "Банк" деп аталатын) арасындағы Қарыз туралы келісiмнің төлеу кезеңiн ұзартуға Жапония Yкіметінің келiсiмiн білдiретiн ҚР Сыртқы iстер министрлiгi үшiн жапон елшілігiнің 2004 жылғы 26 мамырдағы N MD-0124/8 ауызша келісiмiне қатысты осымен мыналарды растаймыз:
      1. Қарыз туралы келісiмнің 1-бабы 2-бөлiмiнің (2) тармағы мынадай түрде түзетiлетiн болады:
      "Қарыз туралы келiсiм бойынша қорытынды төлем 2007 жылғы 22 маусымнан кешiктiрiлмей орындалатын болады және егер Банк пен Қарыз алушы арасында өзгеше келiсiлмесе, Банк одан әрі ешқандай берудi жүргiзбейтiн болады".
      2. Осы беру 2004 жылғы 03 маусымда күшiне енедi.
      3. Осы хат Қарыз туралы келісiмге жоғарыда көрсетілгеннен басқа, қандай да бір түзетулер енгiзуге өкiлеттiк бермеуі тиiс.

      Осы хат пен қоса берiлiп отырған көшiрмеге қол қойып, жоғарыда аталған түзетулер бойынша Сiздің келiсiмiңiздi растауды және оның бiреуiн керi қарай бiзге жiберiп, ал екiншiсiн өзiңiзге қалдыруды сұраймыз.

      Құрметпен,

      Жапония халықаралық ынтымақтастық банкi

      ________________________________________________________

                          Кунио Хатанака
                          Бас директор
                          Көмек көрсету және даму 4-бөлiмi

      Расталды
      күні: ________________

      Қазақстан Республикасы

      ________________________________________________________
      Арман Дунаев
      Министр
      Қаржы министрлігi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады