Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 шілдедегі N 756 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегi ынтымақтастығы туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 

      

Кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерi бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ынтымақтастығы туралы
Келісім

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Yкiметтерi,
      1989 жылғы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Балалардың құқықтары туралы Конвенциямен бекiтiлген балаларды ерекше қорғау қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
      кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi күштi бiрiктiрудiң маңызын ескере отырып және олардың игiлiгiне қамқорлық таныта отырып,
      қорғансыз қалған кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерi бойынша ынтымақтастық кәмелетке толмағандар тарапынан болатын, сонымен қатар оларға қарсы бағытталған құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал жасайды деп есептей отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай терминдер пайдаланылады:
      кәмелетке толмаған - орналасқан мемлекеттiң заңнамасына сәйкес кәмелеттiк жасқа жетпеген және осы заңнамаға сәйкес өзi орналасуы тиiс мемлекеттi дербес анықтауға құқығы жоқ адам;
      ата-аналық қамқорлық және қорғаншылық құқығы - заңға, сот немесе әкiмшiлiк органның шешiмiне сәйкес жеке немесе заңды тұлғаға берiлген кәмелетке толмағанның тұратын жерiн анықтайтын құқық;
      мамандандырылған мекеме - құқық бұзушылық жасаған немесе қорғансыз қалған кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау мен орналастыруды ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын мекеме;
      қорғансыз қалған кәмелетке толмаған - ата-аналары немесе заңды өкiлдерi тарапынан бақылаусыз қалған, өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн не оларды құқық бұзушылықтар және өзге де құқыққа қарсы әрекеттер жасауға итермелейтiн жағдайда жүрген кәмелетке
      толмаған;
      тұрақты тұратын мемлекетi - ата-аналық қамқорлық пен қорғаншылықты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар тұратын мемлекет;
      кәмелетке толмағандарды тасымалдаумен байланысты шығыстар - кәмелетке толмағандардың тұрақты тұратын мемлекеттерiндегi мамандандырылған мекемеге дейiн жүретiн жолының құны;
      орналасқан мемлекеттегi мамандандырылған мекеменiң ерiп жүрген адамдарының тұрақты тұратын мемлекеттегi мамандандырылған мекемеге дейiн, қайтар жолын қоса алғандағы жүретiн жолының құны;
      кәмелетке толмағандарды тамақтандыруға жұмсалатын шығыстар;
      орналасқан мемлекеттегi мамандандырылған мекеменiң ерiп жүрген адамдарына белгiленген нормалар бойынша берiлетiн тәулiктiк және пәтерлiк төлемдердi қоса алғандағы қаржылық шығыстар.

2-бап

      Тараптардың құзыреттi органдары қорғансыз қалған кәмелетке толмағандарды iздеудi және оларды тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтаруды жүзеге асыруда сұрау салудың негізiнде бiр бiрiне көмек көрсетедi.
      Мамандандырылған мекемеге орналасқан кәмелетке толмағанды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту немесе үкiмдi орындау үшiн басқа мемлекет iздестiрiп жатқан болса, ол халықаралық шарттармен қарастырылған негiздерде және тәртiппен осы мемлекетке берiледi.
      Тұрақты тұратын мемлекеттерiнде қалдырылған кәмелетке толмағандар, ата-аналық қамқорлықты және қорғаншылықты жүзеге асырушы және басқа Тараптың аумағында тұратын жеке немесе заңды тұлғалардың рұқсатынсыз басқа Тарап мемлекетiнiң мамандандырылған мекемесiне осы Тарап мемлекетiнiң заңнамасымен қарастырылған тәртiпте және жағдайларда орналасулары мүмкiн.

3-бап

      Тараптар мамандандырылған мекемеге орналасқан барлық кәмелетке толмағандарға игілiктi және тең жағдайлар жасауға мiндеттенедi.

4-бап

      Мамандандырылған мекемеге орналастырылған кәмелетке толмағандар ол жерде жеке басын, болатын мемлекетке келген себептерi мен жағдайларын анықтау және кейiннен оларды тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару үшiн ұсталады.

5-бап

      Тараптардың құзыреттi органдары басқа мемлекеттiң аумағында тұратын кәмелетке толмағанның жеке басын анықтау мақсатында оның тұрақты тұратын мемлекетiн анықтауға мүмкiндiк беретiн ақпаратты, сондай-ақ, қажет болғанда, тұрақты тұратын мемлекетке тасымалдау кезiнде кәмелетке толмағандар мен оларға ерiп жүретiн адамдардың мемлекеттiк шекараны кесiп өтулерi үшiн талап етiлетiн құжаттарды сұрау салу бойынша қайтарусыз беретiн болады. Кәмелетке толмағанның тұрақты жерi туралы ата-аналық қамқорлықты және қорғаншылықты жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ орналасқан мемлекеттегi кәмелетке толмағанның тұрақты тұратын мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiне (консулдық мекемесiне) хабар бередi.

6-бап

      Мамандандырылған мекемеде ұсталатын кәмелетке толмағандар оларға ерiп жүру үшiн келген ата-аналық қамқорлық пен қорғаншылықты жүзеге асырушы адамдарға, не тұрақты тұратын мемлекеттегі мамандандырылған мекеменiң адамдарына тиiстi құжаттардың негiзiнде берiледi.
      Осы баптың бiрiншi бөлiмiнде көрсетiлген адамдардың мамандандырылған мекемеде ұсталушы кәмелетке толмағандарға epіп жүруге мүмкiндiгі жоқ деген хабар алған кезде кәмелетке толмағандар осы хабарды алған сәттен бастап 30 тәулiк iшiнде олар болатын мемлекеттегi мамандандырылған мекеменiң лауазымды адамдарының ерiп жүруiмен осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген жақын жердегi мамандандырылған мекемеге жеткiзiлуi тиiс.

7-бап

      Мамандандырылған мекемелердегi кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған шығыстарды осындай жайттар туындаған мемлекеттің аумағындағы Тарап көтередi.
      Кәмелетке толмағандарды тасымалдаумен байланысты шығыстарды олардың тұрақты тұратын мемлекетi көтередi.
      Осы Келiсiмнiң I-бабында қарастырылмаған шығыстар Тараптардың келiсiмi бойынша өтеледi.
      Кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне тасымалдау барысында олар болған мемлекет Тарапы көтерген шығыстарды басқа Тарап өздерiне тиiстi есептiк қаржы құжаттар ұсынылған сәттен бастап 30 күндiк мерзiмде өтейдi.

8-бап

      Тараптардың құзыреттi органдары мамандандырылған мекемелерге және кәмелетке толмағандарды тұрақты тұратын мемлекеттерiне апаратын адамдарға қайту, транзиттiк жол жүру, визалар ресiмдеу кезiнде және осылармен байланысты туындаған басқа да мәселелердi шешуде көмек көрсетедi.

9-бап

      Тараптардың құзыреттi органдары мамандандырылған мекемелердiң жұмыс тәжiрибесiмен, сондай-ақ олардың қызмет саласына қатысы бар оқу және әдiстемелiк әдебиеттермен алмасады.

10-бап

      Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруға жауапты құзыреттi органдарды (шешiлетiн мәселелер шеңберiн көрсете отырып) белгiлейдi, және бұл жөнiнде оның күшiне енуiне қажетті мемлекет ішіндегі рәсiмдердi орындағаны туралы ақпарат ұсынумен қатар депозитарийге хабарлайды.
      Депозитарий Тараптардан алған хабарламалардың негiзiнде Құзыреттi органдардың тiзiмдемесiн жасайды, оны Келiсiмнiң барлық қатысушыларына жiбередi, сондай-ақ Тараптардан алған хабарламалардың негiзiнде осы Тiзiмдемедегi барлық өзгерiстердi хабарлайды.

11-бап

      Тараптар ынтымақтастықты жүзеге асыруда осы Келiсiмнiң шеңберiнде орыс тiлiн қолданады.

12-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн, олардың мемлекетi мүше болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша қозғамайды.

13-бап

      Осы Келiсiм осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттердi өзiне қабылдауға дайын басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық. Олар қосылу туралы құжатты депозитарийге беруi тиiс.

14-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң 16-бабында қарастырылған тәртiппен күшiне енетiн және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамамен ресiмделген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

15-бап

      Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптардың кеңесулерi немесе келiссөздерi арқылы шешiледi.

16-бап

      Осы Келiсiм оған қол қойған Тараптар оның күшiне енуiне қажеттi мемлекет iшiндегi рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi хабарламаны депозитарийге сақтауға берген күннен бастап күшiне енедi.
      Қажеттi рәсiмдi кешiктiрiп орындаған Тарап үшiн Келiсiм тиiстi құжаттарды депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

17-бап

      Егер Тараптар өзгеше шешім қабылдамаса, осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
      Әрбiр Тарап депозитарийге шығуына дейiн 6 ай мерзiмнен кешiктiрмей, жазбаша түрде хабарлама жiберiп, осы Келiсiмнен шығуы мүмкiн.
      Tиiсті Тарап Келiсiмнен шығу сәтiнде өзi осы Келiсiмге қатысқан кезде туындаған барлық материалдар мен қаржылық мiндеттердi орындауы тиiс.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 826 қаулысымен.
       2002 жылғы 7 қазанда Кишенев қаласында орыс тіліндегі түпнұсқалы бiр данада жасалды. Түпнұсқалы дана оның куәландырылған көшiрмелерiн осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақталады.

Әзiрбайжан Республикасының
Молдова Республикасының
Үкiметi үшiн
Үкiметi үшiн
Армения Республикасының
Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн
Үкiметi үшiн
Беларусь Республикасының
Тәжiкстан Республикасының
Үкiметі үшiн
Үкiметi үшiн
Грузия Үкiметi үшiн
Түрiкменстан Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының
Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн
Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының
Украина Үкiметi үшiн
 
Үкiметi үшiн

      

  Кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты
тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерi
бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы
туралы келiсiмге қосымша

      Тұрақты тұратын жерлерiне қайтарылатын кәмелетке толмағандарды мемлекетаралық тасымалдау белгiленетiн транзиттiк мекемелердiң
      Тізбесі
      Әзiрбайжан Республикасында Баку қаласындағы қабылдау-тарату
       орны
      Армения Республикасында Армения Республикасының Iшкiiсминi
       арқылы Ереван қаласындағы Балаларды
       қабылдау және бейiмдеу орталығы
      Беларусь Республикасында Минск облыстық атқару комитетi
       IIБ-нiң Кәмелетке толмағандарға
       арналған қабылдау-тарату орны
      Грузияда Тбилиси, Батуми қалаларындағы
       қабылдау-тарату орындары
      Қазақстан Республикасында Алматы, Ақтау, Өскемен, Орал,
       Петропавл, Павлодар және Шымкент
       қалаларындағы кәмелетке толмағандарды
       уақытша оқшаулау, бейiмдеу және
       оңалту орталықтары
      Қырғыз Республикасында Бiшкек қаласындағы кәмелетке
       толмағандарды бейiмдеу және оңалту
       орталығы
      Молдова Республикасында Кишинев қаласындағы Кәмелетке
       толмағандарға арналған республикалық
       қабылдау-тарату орны
      Ресей Федерациясында Екатеринбург, Краснояр, Мәскеу,
       Нижнетагил, Новосибирь, Ростов,
       Самар, Санкт-Петербург, Сочи және
       Хабаров қалаларындағы құқық бұзушы
       кәмелетке толмағандарға арналған
       уақытша оқшаулау орталықтары;
       Белгород, Мәскеу, Орынбор,
       Санкт-Петербург қалаларындағы
       кәмелетке толмағандарға арналған
       әлеуметтiк-оңалту орталықтары,
       Махачкала, Хабаров қалаларындағы,
       Смоленск облысының балаларға
       арналған әлеуметтiк баспаналар
      Тәжiкстан Республикасында Тәжiкстан Республикасы Iшкiiсминiнiң
       Душанбе қаласындағы кәмелетке
       толмағандарға арналған
       қабылдау-тарату орны
      Түрiкменстанда Ашхабад қаласындағы қабылдау-тарату
       орны
      Өзбекстан Республикасында Ташкент облысы IIБ-нiң Янгиюль
       кәмелетке толмағандарға арналған
       қабылдау-тарату орны
      Украинада Украина Iшкiiсминiнiң Киев
       қаласындағы Бас басқармасының,
       Украина Iшкiiсминiнiң Харьков
       облысындағы Басқармасының кәмелетке
       толмағандарға арналған
       қабылдау-тарату орындары
       * Осы тiзбеге өзгерiстер мен толықтырулар тиiстi Тараптың депозитарийге жазбаша хабарлама жiберуi арқылы енгізiлуi мүмкiн.
       Кишинев - 07.10.2002 03.10.2002 16:30 10202081

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады