"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінiң Қостанай заң институты" мемлекеттік мекемесiн Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгінiң қарамағынан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарамағына беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 806 қаулысы

      Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi органдары үшiн мамандар даярлауды одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Қостанай заң институты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қарамағынан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң қарамағына берiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Қостанай заң институты" мемлекеттiк мекемесi "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Қостанай заң институты" (бұдан әрi - Институт) мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.

      3. Институттың негiзгi мiндеттерi:
      қылмыстық-атқару жүйесi органдары үшiн жоғары бiлiмдi мамандар даярлау;
      қылмыстық-атқару жүйесiнiң басшы кадрлары мен қызметкерлерiн қайта даярлау және бiлiктілігін арттыру;
      ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
      қылмыстық-атқару жүйесiнiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) Институттың барлық оқу нысандарының тыңдаушыларына оқытудың толық курсын аяқтауы үшiн қажетті жағдай жасауды және олардың Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнуiн қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнетiн Институт тыңдаушыларын ұстауды Институтқа бөлiнген бюджеттiк қаржы шегiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етсiн;
      3) Институт жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн және оның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2004 жылғы 30 шілдедегі  
N 806 қаулысымен      
бекiтілген        

  Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.

      2. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260  қаулысына :

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығындар" деген бөлiмде:
      04 "Білiм беру 36235342" деген функционалдық топта:
      06 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білiм беру 17364317" деген кiшi функцияда:
      201 "Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлігi" деген әкiмшi бойынша "1222488" деген сандар "1044480" деген сандармен ауыстырылсын;

      012 "Жоғары кәсiби бiлiмдi мамандарды даярлау" деген бағдарламада "1222488" деген сандар "1044480" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 221 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі" деген әкімшімен және 015-бағдарламамен толықтырылсын:

      "221 Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгі      178008;
      015 Жоғары кәсiби білiмдi мамандарды даярлау          178008".

      3. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына :

      1) көрсетілген қаулыға  21-қосымшада :
      1-тармақта: "1222488 (бір миллиард екi жүз жиырма екi миллион төрт жүз сексен сегiз мың теңге)" деген сөздер "1044480 (бiр миллиард қырық төрт миллион төрт жүз сексен мың теңге)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанда:

      "2070" деген сандар "1770" деген сандармен ауыстырылсын;

      "3655" деген сандар "2912" деген сандармен ауыстырылсын;

      "2471" деген сандар "1751" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Жауапты орындаушылар" деген 7-бағанда "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Қостанай заң институты" деген сөздер алынып тасталсын;

      7-тармақта "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қостанай заң институты - күндiзгi бөлiмнен 164 бiрлiк, сырттай бөлiмнен 20l бiрлiк" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) мынадай мазмұндағы  183-1-қосымшамен  толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2003 жылғы 26 желтоқсандағы     
N 1327 қаулысына 183-1-қосымша   

      221 - Қазақстан Республикасының
      Әдiлет министрлiгi
      --------------------------------
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2004 жылға арналған 015 "Жоғары кәсiби бiлiмдi мамандарды даярлау" деген республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты

      1. Құны: 178008 (бiр жүз жетпiс сегiз миллион сегiз) мың теңге.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi:
      "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы  Заңы ; "Жалпыға бірдей әскери мiндеттілiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы  Заңы ; "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы  Заңы ; "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңы ; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күшi бар  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзілiмдерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1283  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджеті) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережені бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644  қаулысы ; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118  қаулысы ; "Мемлекеттiң бюджеттiк есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428  қаулысы ; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755  қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: терең гуманитарлық, заңгерлiк арнайы білiмі бар бiлiктi кадрлар даярлау жөнiндегі Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң жоғарғы оқу орнына жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн оның қызметін қамтамасыз eту; сотталғандарды түзеу және олардың тарапынан болатын қылмыстардың алдын алу жөнiндегі жұмысты жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету; барлық оқу нысандарының тыңдаушыларына оқытудың толық курсын аяқтауды және олардың Қазақстан Республикасы iшкі істер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнуін қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттері: қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметінің өзектi проблемаларына iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзу және алынған нәтижелерді қылмыстық-атқару жүйесі органдарының оқу процесі мен тәжiрибесіне енгізу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi органдары үшін мамандар даярлау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң жоғарғы оқу орнына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн оны ұстау; оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік және анықтамалық-ақпараттық әдебиеттердi дайындау және басып шығару; оқу-тәрбие процесiне тұрақты және ауыспалы құрамды белсенді қатысуға ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу; барлық оқу нысандарының тыңдаушыларына оқытудың толық курсын аяқтауды және олардың Қазақстан Республикасы iшкі iстер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнуiн қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
 |Бағдар.|Кіші |Бағдарла.|  Бағдарламаны (кіші  |Іске |   Жауапты
N| лама  |бағ. |ма атауы |    бағдарламаны)     |асыру|орындаушылар
 | коды  |дар. | (кіші   | іске асыру жөніндегі |мер. |
 |       |лама |бағдарла.|     іс-шаралар       |зім. |
 |       |коды |  ма)    |                      |дері |
____________________________________________________________________
1|   2   |  3  |    4    |          5           |  6  |     7
____________________________________________________________________
    015        Жоғары     Заң институтын 300     Жыл   Қазақстан
               кәсiби     бірлік штаттық сан     бойы  Республика.
               бiлiмдi    шегінде ұстау. Азық-         сының Әділет
               маман.     түлiкпен, дәрi-              министрлігі,
               дарды      дәрмекпен, заттай            Әділет
               даярлау    мүлікпен, жұмсақ             министрлігі.
                          мүкәммалмен, жанар-          нің Қылмыс.
                          жағар май материал.          тық-атқару
                          дарымен, ас үй               жүйесі
                          жабдықтарымен құны 40        комитеті,
                          еселiк айлық есептiк         Әділет
                          көрсеткіштен кем емес        министрлігі
                          жиhазбен, стипендия          Қылмыстық-
                          және басқа да тауар-         атқару жүйесі
                          материалдық бағалы           комитетінің
                          құндылықтармен               Қостанай заң
                          қамтамасыз ету. Бiлiм        институты
                          алушылар саны:
                          күндізгі  - 743
                          бірлік, сырттай -
                          720 бiрлік.
____________________________________________________________________

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi органдарын жоғары бiлiктi мамандармен жоспарлы бітірушілерден қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Қостанай заң институты - күндiзгi 164 бірлiк, сырттай 201 бірлік".

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.01.24.  N 47  қаулысымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi).

О передаче государственного учреждения "Костанайский юридический институт Министерства внутренних дел Республики Казахстан" из ведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан в ведение Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июля 2004 года N 806

     В целях дальнейшего совершенствования подготовки специалистов для органов уголовно-исполнительной системы Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:

     1. Передать государственное учреждение "Костанайский юридический институт Министерства внутренних дел Республики Казахстан" из ведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан в ведение Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан.

     2. Переименовать государственное учреждение "Костанайский юридический институт Министерства внутренних дел Республики Казахстан" в государственное учреждение "Костанайский юридический институт Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан" (далее - Институт).

     3. Основными задачами Института определить:
     подготовку специалистов с высшим образованием для органов уголовно-исполнительной системы;
     переподготовку и повышение квалификации руководящих кадров и сотрудников уголовно-исполнительной системы;
     подготовку научно-педагогических кадров;
     проведение научно-исследовательских работ по актуальным проблемам уголовно-исполнительной системы.

     4. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
     1) обеспечить необходимые условия для завершения полного курса обучения слушателей Института всех форм обучения и распределения их в комплектующие подразделения органов внутренних дел Республики Казахстан;
     2) содержание слушателей Института, распределяемых в комплектующие подразделения органов внутренних дел Республики Казахстан, обеспечить за счет средств республиканского бюджета в пределах выделенных бюджетных ассигнований Институту;
     3) внести соответствующие изменения в устав Института и обеспечить его перерегистрацию в органах юстиции;
     4) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

     5. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

     6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 30 июля 2004 года N 806

Изменения и дополнения, которые вносятся
в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

     1. (Пункт 1 утратил силу - постановлением Правительства РК от 28 октября 2004 г. N 1120 )

     2. В постановление Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2003 года N 1260 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2004 год":
     в приложении 1 к указанному постановлению:
     в разделе IV "Затраты":
     в функциональной группе 04 "Образование 36235342":
     в подфункции 06 "Высшее и послевузовское профессиональное образование 17364317":
     по администратору 201 "Министерство внутренних дел Республики Казахстан" цифры "1222488" заменить цифрами "1044480";
     в программе 012 "Подготовка специалистов с высшим профессиональным образованием" цифры "1222488" заменить цифрами "1044480";
     дополнить администратором 221 "Министерство юстиции Республики Казахстан" и программой 015 следующего содержания:
     "221    Министерство юстиции Республики Казахстан    178008;
         015 Подготовка специалистов с высшим
             профессиональным образованием                178008".

     3. В постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2003 года N 1327 "Об утверждении паспортов республиканских бюджетных программ на 2004 год":
     1) в приложении 21 к указанному постановлению:
     в пункте 1 слова "1222488 (один миллиард двести двадцать два миллиона четыреста восемьдесят восемь тысяч тенге)" заменить словами "1044480 (один миллиард сорок четыре миллиона четыреста восемьдесят тысяч тенге)";
     в таблице пункта 6 "План мероприятий по реализации бюджетной программы.":
     в графе 5 "Мероприятия по реализации программы (подпрограмм)":
     цифры "2070" заменить цифрами "1770";
     цифры "3655" заменить цифрами "2912";
     цифры "2471" заменить цифрами "1751";
     в графе 7 "Ответственные исполнители" слова "Костанайский юридический институт Министерства внутренних дел Республики Казахстан" исключить;
     в пункте 7 слова "Костанайский юридический институт Министерства внутренних дел Республики Казахстан - очно 164 единицы, заочно 201 единица;" исключить;
     2) дополнить приложением 183-1 следующего содержания:

"Приложение 183-1       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан     
от 26 декабря 2003 года N 1327

     221 - Министерство юстиции
     Республики Казахстан
     ---------------------------------
     Администратор бюджетной программы

Паспорт
республиканской бюджетной программы 015
"Подготовка специалистов с высшим профессиональным
образованием" на 2004 год

     1. Стоимость: 178008 (сто семьдесят восемь миллионов восемь тысяч) тенге.
     2. Нормативно-правовая основа бюджетной программы: Закон Республики Казахстан от 18 марта 2002 года "Об органах юстиции"; Закон Республики Казахстан от 19 января 1993 года "О всеобщей воинской обязанности и военной службе"; Закон Республики Казахстан от 20 января 1993 года "О статусе и социальной защите военнослужащих и членов их семей"; Закон Республики Казахстан от 7 июня 1999 года "Об образовании"; Закон Республики Казахстан от 5 декабря 2003 года "О республиканском бюджете на 2004 год"; Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, от 21 декабря 1995 года N 2707 "Об органах внутренних дел Республики Казахстан"; Указ Президента Республики Казахстан от 17 января 2004 года N 1283 "Об утверждении реестров должностей военнослужащих, сотрудников правоохранительных органов, государственной противопожарной службы Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям и органов прокуратуры Республики Казахстан по категориям"; Указ Президента Республики Казахстан от 17 января 2004 года N 1284 "О единой системе оплаты труда работников органов Республики Казахстан, содержащихся за счет государственного бюджета и сметы (бюджета) Национального Банка Республики Казахстан"; постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 1996 года N 1644 "Об утверждении положения о прохождении службы лицами рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Республики Казахстан"; постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 1998 года N 1118 "О нормативах потребления электроэнергии, тепла на отопление, горячей и холодной воды и других коммунальных услуг по организациям, финансируемым из средств бюджета"; постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2000 года N 1428 "Об утверждении Правил о служебных командировках в пределах Республики Казахстан работников государственных учреждений, содержащихся за счет средств государственного бюджета, а также депутатов Парламента Республики Казахстан"; постановление Правительства Республики Казахстан от 11 января 2002 года N 41 "О системе оплаты труда работников государственных учреждений, не являющихся государственными служащими и работников казенных предприятий"; постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2001 года N 1755 "Вопросы Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан".
     3. Источники финансирования бюджетной программы: средства республиканского бюджета.
     4. Цель бюджетной программы: обеспечение деятельности высшего учебного заведения Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан для достижения максимально эффективного выполнения возложенных на него функций по подготовке квалифицированных кадров, обладающих глубокими гуманитарными, юридическими специальными знаниями; для организации на высоком профессиональном уровне работы по исправлению осужденных и предупреждению с их стороны преступлений; обеспечение уголовно- исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан высококвалифицированными специалистами; обеспечение завершения полного курса обучения слушателей всех форм обучения и распределения их в комплектующие подразделения органов внутренних дел Республики Казахстан.
     5. Задачи бюджетной программы: содержание высшего учебного заведения Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан для выполнения возложенных на него функций по проведению фундаментальных и прикладных исследований актуальных проблем деятельности органов уголовно-исполнительной системы и подготовки для них специалистов с целью внедрения полученных результатов в учебный процесс и практику органов уголовно-исполнительной системы; подготовка и издание учебной, научной, учебно-методической и информационно-справочной литературы; разработка и внедрение системы стимулирования активного участия в учебно-воспитательном процессе постоянного и переменного составов; обеспечение завершения полного курса обучения слушателей всех форм обучения и распределения их в комплектующие подразделения органов внутренних дел Республики Казахстан.
     6. План мероприятий по реализации бюджетной программы.
____________________________________________________________________
N|Код  | Код   |Наименование|Мероприятия по |Сроки |Ответственные
|про- |подпро-| программы  | реализации    |реали-| исполнители
|грам-|граммы | (подпро-   | программы     |зации |
| мы  |       |  граммы)   |(подпрограммы) |      |
_|_____|_______|____________|_______________|______|________________
1|  2  |   3   |     4      |      5        |  6   |      7
_|_____|_______|____________|_______________|______|________________
1 015           Подготовка   Содержание        В    Министерство
               специалистов юридического    тече-  юстиции,
               с высшим     института       ние    Комитет
               профес-      в пределах      года   уголовно-исполни-
               сиональным   штатной                тельной системы
               образованием численности-300        Министерства
                            единиц.                юстиции,
                             Обеспечение           Костанайский
                            продоволь-             юридический
                            ствием, медика-        институт
                            ментами, веще-         Комитета
                            вым имуществом,        уголовно-исполни-
                            мягким инвен-          тельной системы
                            тарем, горюче-         Министерства
                            смазочными             юстиции
                            материалами,           Республики
                            кухонным               Казахстан
                            оборудованием,
                            мебелью
                            стоимостью
                            менее 40-крат-
                            ного месячного
                            расчетного
                            показателя,
                            стипендией и
                            другими товаро-
                            материальными
                            ценностями.
                            Количество
                            обучающихся
                            очно - 743 еди-
                            ницы, заочно -
                            720 единиц.
____________________________________________________________________
     7. Ожидаемые результаты выполнения бюджетной программы: обеспечение высококвалифицированными специалистами органов уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан с планируемым выпуском: Костанайский юридический институт Министерства юстиции Республики Казахстан - очно 164 единицы, заочно 201 единица.".

     4. (Пункт 4 утратил силу - постановлением Правительства РК от 24 января 2005 г. N 47 (вступает в силу с 1 января 2005 г.)