Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 825 Қаулысы

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алматы қаласындағы органдарына шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi басқарма" мемлекеттiк мекемесi және "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны оларды жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қызмет-Сервис А" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.03.02. N 196  қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
      1) қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қызметтiк ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау деп анықтай отырып, Қоғамның Жарғысын бекiтсiн;
      2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн құрылатын Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берсiн;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 3 тамыздағы  
N 825 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1119 қаулысымен.

      3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-56-жолмен толықтырылсын:

      "21-56  "Қызмет" АҚ".

      4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :

      көрсетiлген қаулыға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-6-жолмен толықтырылсын:

      "217-6  "Қызмет" АҚ".

      5. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      1-тармақ алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады