Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерiн инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 877 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 1081 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы  N 1081  Қаулысымен.

      "Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттiк әлеуметтік сақтандыру қорының активтерiн инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 20 тамыздағы
N 877 қаулысымен   
бекiтiлген      

  Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары - 50%-дан кем емес.

      2. Агенттiк бағалы қағаздары 25%-дан асырмай.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi салымдар (депозиттер) 30%-дан кем емес.

      4. Орналастыру күнiне бағалы қағаздары сауда ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне "A" санаты бойынша енгізiлген екiншi деңгейдегi банктердегi немесе резидент емес банкiнiң "А" санатынан ("Standard&Poor's және "Fitch" рейтинг агенттiктерiнiң жiктемесi бойынша) немесе "А2" санатынан ("Мооdу's Investors Service" рейтинг агенттіктерiнiң жiктемесi бойынша) төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтингi бар еншілес резидент-банктегi салымдар (депозиттер) - 10%-дан кем емес.

      5. Мемлекеттік бағалы қағаздармен керi РЕПО операциялары 50%-дан кем емес.

      6. Агенттiк бағалы қағаздарымен керi РЕПО операциялары 25%-дан кем емес.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады