Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының кейбiр мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 921 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн.

      2. Орталықтың мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) Орталықтың жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;
      2) Орталықты әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 31 тамыздағы 
N 921 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 11 наурыздағы N 198  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 51-құжат):
      тақырыбы мен мәтінінде "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстардың, "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар", деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды", "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "жабық тақырып" деген сөздер "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiнде:
      тақырыбы мен мәтінiнде: "жабық ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды", "жабық ҒЗТКЖ" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды"; "құпиялы ҒЗТКжЖТЖ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "FЗТКЖ" деген аббревиатура "ҒЗТКжЖТЖ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы:
      "ғылыми мекемеге" деген сөздер "қазыналық кәсiпорынға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Салааралық" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақтағы "жабық тақырыптар" деген сөздер "мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар тақырыптар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .

      4. <*>
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N  1237 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады