"Қазақтелеком" АҚ-тың қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсынуға арналған айрықша құқығының мерзiмiнен бұрын күшiн жою жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 925 Қаулысы

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi  Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының қалааралық, халықаралық байланыс қызметтер көрсетуiн ұсынуға және телекоммуникациялар саласына экономикалық талдау жүргізуге айрықша құқығының мерзiмiнен бұрын күшiн жоюға байланысты мәселелердi реттеу бойынша ұсыныстарды әзiрлеу жөніндегi ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы N 184-ө  өкiмiмен құрылған Қоғамның қалааралық, халықаралық байланыс қызметтерiн ұсынуға және телекоммуникациялар саласына экономикалық талдау жүргiзуге айрықша құқығының мерзiмiнен бұрын күшiн жоюға байланысты мәселелерді реттеу бойынша ұсыныстарды әзiрлеу жөніндегi ведомствоаралық жұмыс тобы Қоғамның қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтер көрсетуiн ұсынуға айырықша құқығының жойылатынын ескере отырып, "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының акцияларын сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 922  қаулысымен мақұлданған 1997 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "DAEWOO" корпорациясы арасындағы Акцияларды сатып aлу-сату туралы келiсім бойынша (бұдан әрі - Келiсiм) тараптардың мiндеттемелерiн белгiлейтiн мәселелердi әзiрлесiн.

      2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi Қоғамның қалааралық және халықаралық телефон байланысы саласындағы айрықша құқығының жойылуына қатысты Қоғамның 2004 жылғы 28 мамырдағы АБА N 000001 лицензиясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсынуға айрықша құқығының күшiн жоюды көздейтiн Келiсімнің қолданысын тоқтату жөнiнде шаралар қабылдасын.

      4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1091  қаулысы ;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1091 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 3 ақпандағы N 73 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 ақпандағы N 120  қаулысы ;
      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 ақпандағы N 120 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1104  қаулысы .

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады