Байланыс формасы

Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.14. N 512 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.08. N 1284 қаулысымен.

         "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

      2. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      қолданыстағы тұрғын үй көмегін көрсету тәртiбiне, қалалық телекоммуникациялар желiлерiне қосылған телефон үшiн абоненттiк ақының ұлғаю сомасын тұрғын үй ұстауға, коммуналдық қызметтердi және байланыс қызметтерiн тұтыну ақысы жөнiндегі шығыстардың құрылымына енгiзу бөлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізсiн және жергiлiктi өкiлдi органдарға бекiтуге ұсынсын;
      Ережеге сәйкес тұрғын үй көмегiнiң уақытылы төленуiн қамтамасыз етсiн.

      2-1. (алынып тасталды)
 

        2-2. (алынып тасталды)
 

      2-3. (алынып тасталды)
      Ескерту. 2-1 - 2-3-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.25. N 386 қаулысымен.

       3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 9 қыркүйектегі
N 949 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттерi
болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға
телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнiң
арттырылуына өтемақы төлеу ережесi

      Ескерту. Мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.25. N 386 қаулысымен.

1. Негiзгі ережелер

      Осы Қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесi (одан әрi - Ереже) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуы бөлiгiнде байланыс қызметтерiн өтеу тәртiбiн белгiлейдi.
      1. Осы Ережеде мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) қалалық телекоммуникация желiсiнiң абонентi (бұдан әрi - абонент) - қалалық телекоммуникация желілерiнiң байланыс қызметтерiн, осы мақсаттар үшiн абоненттiк нөмiр немесе сәйкестендiру коды бөлiнген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт негiзiнде пайдаланушы жеке тұлға;
      2) әкiмшi - "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеуге ағымдағы мақсатты трансферттер" республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi;
      3) тұрғын үй көмегiн ағымдағы мақсатты және төлеу жөнiндегi қалалық (аудандық) уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - қалалық (аудандық) уәкілетті органдар) - халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi қалалық (аудандық) атқарушы органдар;
      4) қалалық телекоммуникациялар желiсiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрi - телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) - тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөнiндегi тұрғын үй көмегiнiң құрамына кiретiн, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретiнде белгіленетін ақшалай өтемақы; <*>
      5) тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу жөнiндегi облыстық уәкілеттi орган (Астана және Алматы қалаларындағы қалалық) (бұдан әрi - облыстық уәкілеттi орган) - халықты әлеуметтік қорғау жөнiндегi (облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган (Астана және Алматы қалаларындағы қалалық).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.08. N 1284 қаулысымен, 2005.04.25. N 386 қаулысымен.

2. Телефон үшiн абоненттiк ақы
тарифтерiнiң арттырылу өтемақысы

      2. Абоненттерге телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылу өтемақысы қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетiн телефон үшiн абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шығыстардың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.08. N 1284 қаулысымен.
      3. Телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерi арттырылуының өтемақысы үшiн абонент тұрғын үй көмегiн тағайындау үшін қажеттi құжаттармен тұрғылықты тұратын жерi бойынша қалалық (аудандық) уәкiлеттi органға өтiнiшпен барады.
      Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтетiн құжаттардың негiзгі пакетiне қалалық (аудандық) телекоммуникациялар желiсiнiң абонентi болып табылу фактiсiн растайтын (шарт не түбiртек - телекоммуникация көрсеткен қызметтерi үшiн есеп) құжатты қоса бередi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.25. N 386 қаулысымен.
      4. Тұрғын үй көмегiнiң абоненттiк ақы тарифiнiң арттырылу бөлiгіндегi мөлшерi телефон үшiн абоненттiк ақының көбеюi айырмасынан асырылмайды.
      5. Қалалық (аудандық) уәкілеттi органдар eceпті айдан кейiнгi айдың 5-не дейiнгі мерзiмде телефон үшiн абоненттік ақы тарифiнiң арттырылуына өтемақы төлеуге ақшалай қаражат қажеттілігін жасайды және облыстық уәкiлетті органға жiбередi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.25. N 386 қаулысымен.
      6. Облыстық уәкілетті орган үш күндiк мерзiмде ақшалай қаражатқа жиынтық қажеттiлiктi әкiмшiге жiбередi.
      6-1. Телефон үшін абоненттiк ақы тарифінің арттырылуына өтемақы төлеу бюджет және тұрғын үй заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.08. N 1284 қаулысымен.
      7. Телефон үшiн абоненттік ақы тарифінің арттырылуына өтемақы төлеуге қаражатты аумақтық қазынашылық органдарына аудару кезiнде уәкiлетті орган төлеуге арналған шотты төлемдердiң кезеңi мен сомалары көрсетiлген абоненттердiң тiзiмiмен қоса ұсынады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.08. N 1284 қаулысымен.
      8. Қалалық (аудандық) уәкілеттi органдар тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне облыстық уәкілеттi органдарға телефон үшін абоненттік ақы тарифiнің арттырылуына төленген өтемақы сомалары бойынша ақпарат ұсынады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.08. N 1284 қаулысымен, өзгеріс енгізілді - 2005.04.25. N 386 қаулысымен.
      9. Облыстық уәкілетті органдар есептi тоқсаннан кейiнгі айдың 10-күнiнен кешіктірмей әкімшіге ағымдағы мақсатты трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсынады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.08. N 1284 қаулысымен.
      10. Әкімшi қажеттілiкті алғаннан кейiнгi 3 күн iшiнде ақы төлеуге арналған шоттың негізiнде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі берген деректемелер бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдарына қалалық телекоммуникация желiлерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге арналған ағымдағы мақсатты трансферттердiң сомасын аударады. Аудару белгiленген тәртіппен бекiтiлген "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берілетін ағымдағы мақсатты трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспарына және қаулының 2-2-тармағына сәйкес тарифтiң арттырылуына өтемақы төлеуге арналған ағымдағы мақсатты трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлуге сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.08. N 1284 қаулысымен.
      11. Облыс бюджетін атқару жөнiндегi уәкілеттi орган трансферттердi төмен деңгейде тұрған бюджетке тарифтiң арттырылуына өтемақы төлеуге арналған қаражат қажеттілігiне сәйкес және белгіленген тәртiппен бекiтiлген облыстық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспары шегiнде аударады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.12.08. N 1284 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады