Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі N 985 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметші емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзілiмiнде:
      F санатының тобы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады