Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы "Ауылдық аумақтарды өңiрлiк дамыту" жобасын дайындау үшiн техникалық көмек беру туралы келiсiм-хатқа қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 1001 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы "Ауылдық аумақтарды өңiрлiк дамыту" жобасын дайындау үшiн 677000 (алты жүз жетпiс жетi мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомаға техникалық көмек беру туралы келiсiм-хаттың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Серiк Әбiкенұлы Үмбетовке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы "Ауылдық аумақтарды өңiрлiк дамыту" жобасын дайындау үшiн техникалық көмек беру туралы келiсім-хатқа қол қоюға өкілеттiк берілсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заттай түрде берiлетiн техникалық көмектi бiрлесіп қаржыландыруы 319000 (үш жүз он тоғыз мың) АҚШ доллары баламасынан аспайды деп белгiленсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Бейресми аударма   

Азия Даму Банкі

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрi
      А.Дунаев мырзаға

      Құрметті Дунаев мырза,

"Ауылдық аумақтарды өңiрлік дамыту"
(ТК N 4175-ҚАЗ) жобасын дайындауға техникалық көмек

      Біз 2003 жылғы 17 қыркүйекте Азия Даму Банкi (АДБ) Қазақстан Республикасының Үкiметiне (Үкiмет) "Ауылдық аумақтарды өңірлік дамыту" жобасын дайындауға, 677,000 АҚШ доллары баламасынан аспайтын сомаға техникалық көмек (Техникалық көмек) берудi қолдағаны туралы Сiзге хабарлауға қуаныштымыз.
      Техникалық көмек (І) 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен АДБ арасындағы Техникалық көмек туралы Негiздемелiк Келiсiмге (Негiздемелiк Келiсiм); және (ІІ) хатқа қоса беріліп отырған Техникалық Көмек туралы Есептiң (ТКЕ) 19-21 параграфтарында сипатталған тетікке сәйкес қаржыландырылады және жүзеге асырылады. ТКЕ-ге сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) осы Техникалық Көмек бойынша Атқарушы Агенттiктiң функцияларын орындайды.
      Осы Техникалық Көмек грант негізiнде АДБ техникалық көмегін қаржыландыру бағдарламасының қаражатынан бөлiнеді.
      Егер осы шарттар Сізге қолайлы болса, осы Келiсiм-Хаттың екі данасына, екiншi бетте көрсетілген жерге Үкiмет атынан қол қоюыңызды өтiнемiз. Бір көшiрмесiн өзiңiзде қалдырып, ал екiншi түпнұсқасын АДБ-ге жолдауыңызды өтiнемiз.
      Шығыс және Орта Азия департаментінің Ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және табиғи ресурстар басқармасы директоры (Кацуджи Мацунами мырза) осы Техникалық Көмекті iске асыруға байланысты мәселелер үшiн жауапты болады. Сондықтан осы Техникалық Көмек бойынша барлық хат-хабарды соның атына жолдауыңызды сұраймын.

Құрметпен,                    

Кацуджи Мацунами              
Шығыс және Орта Азия Департаментінің   
Ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және   
табиғи ресурстар басқармасы директоры  

      Қосымша: "Ауылдық аумақтарды өңiрлiк дамыту" жобасын дайындауға Техникалық Көмек Есебi.

      Расталған:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан
      __________________________

      Аты-жөнi: _________________
      Лауазымы: _________________
      Күнi      _________________

      Көшiрмесi:   ҚР Экономика және бюджеттiк
                   жоспарлау министрi
                   Қ. Келiмбетов мырзаға
                   Факс: (3172) 71 77 12

                   ҚР Ауыл шаруашылығы министрi
                   С. Yмбетов мырзаға
                   Факс (3172) 32 45 41

                   Қазақстандағы АДБ Өкілдiгінің директоры
                   К. Хигучи мырзаға
                   Факс: (3172) 32 83 84

Азия Даму Банкі                                 TAR: KAZ 36527

"Ауылдық аумақтарды өңiрлiк дамыту"
жобасын дайындау үшiн
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
техникалық көмек
 
  2003 жылғы тамыз

Валютаның бағамы
(2003 жылғы 23 маусымдағы жағдай бойынша)

      Валюта - Теңге (Т)
      T 1,00 = $ 0,0067
      $ 1,00 = T 148,505

Қысқарған сөздер

      АДБ - Азия даму банкi
      ЖIӨ - Жалпы iшкi өнiм
      АШМ - Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ААДМБ - Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
      TК - Техникалық көмек

Сөздік

      Ауыл - Елдi мекен
      Облыс - Iрi әкiмшiлiк аумақтық бiрлiк
      Аудан - Облыс құрамындағы әкiмшiлiк бiрлiк

Ескерту

      Осы құжаттағы $ белгісi АҚШ долларын бiлдiредi
 

  _________________________________
Бұл құжатты Джон Уиттл даярлады
_________________________________

  I. Кіріспе

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi (Үкiмет) Азия даму банкіне (АДБ) Ауылдық аумақтарды өңiрлiк дамыту жобасын (Жоба) дайындау үшін Техникалық Көмек (ТК) беруге өтiнiм жасады. Үкiмет бағдарламасы мен Елдер стратегиясы және АДБ-нің 2003 жылға арналған бағдарламасы құрамына кіретін бұл ТК Үкiметке Үкiмет жариялаған 2003-2005 Ауылды өркендету жылдары шеңберiнде жекелеген ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған инвестициялық жобаны дайындауға жәрдемдеседi. АДБ өзiнiң алғашқы көмегiн қысқа мерзiмдi техникалық көмек шеңберiнде (ҚТК) 1 Ауыл шаруашылығы министрлiгiне көрсеттi. 2002 жылғы желтоқсанда AШM-нiң жасаған ТК жөнiндегi ұсынысы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның (ӨТМ) жобасы үшiн негiз болды. 2003  жылғы сәуiрде АДБ ӨTM жобасы жөнiнде AШM-нен ескерту алды. 2003 жылғы мамырдың 12-сінен 23-не дейiн Қазақстанға АДБ-ның фактілердi нақтылау жөнiндегі миссиясы келдi, оның барысында одан әрi талқылау өткiзілдi және бiрлесе әрекет ету жөнiнде келiсiмге қол жеткiзiлдi. Осы есеп сол миссияның тұжырымдамаларына және Үкімет қол жеткiзген осы ТК-тiң мақсаттары, мiндеттерi, көлемдерi, iске асыру тетiктерi, шығын сметалары мен техникалық тапсырмаларына қатысты түсіністіктерге негiзделiп жасалынды. 2 ТК-iң алдын ала сипаты 1-қосымшада берілген.
_____________________________
1 АДБ, Қазақстанға техникалық көмек  "Ауылды дамытудың бiрлескен жоспары" Манила. 2002 жыл.
2 Осы ТК-тің сипаттамасы алғаш рет 2002 жылғы 5 қыркүйекте АДБ-нiң  "Business Opportunities" интернет-жарияланымда шықты.

  II. Проблемалық мәселелер

      2. 1991 жылдан бастап Қазақстан рынокты экономикаға өтуге бағытталған реформалаудың қатаң бағдарламасын жүзеге асыруда. Реформалар ұжымшарлар мен кеңшарларды жекешелендiрудi, ауылдық кәсiпорындарды қайта құрылымдауды, бастапқы материалдар мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiне бағаны ырықтандыруды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатуға қойылған шектеулердi кемiтудi қоса, бастаманың кең спекторын көздеп отыр. Соңғы жылдары Қазақстан басқаларымен қатар қаржылық кiрiстерiн де өсiре отырып, өзiнiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн едәуiр нығайтып алды. Бұл экономиканың бiршама өсуiне алып келдi. Мұнай саласынан түсетiн қаржылық кiрiстердiң өсуiне қарамастан, шығыс бөлiгiнiң едәуiр көтерілуi байқалған жоқ. 2001 мен 2002 жылдары байқалған бюджеттiң профицитi 2003 жылы да сақталады деп күтілуде. Келешекте мұнайдан түсетiн кiрiстің өсуi көпшілiк халықтың, әсiресе ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтередi деп күтілуде. Егер 1999-2001 жылдары ауыл шаруашылығындағы инвестицияның деңгейi жалпы iшкi өнiмнің (ЖIӨ) 1,4 пайызындай ғана төмен болса, ал 2004 жылдың бюджетiнде ауыл аумақтарын дамытуға бөлiнетiн қаржының өсуi күтіліп отыр.
      3. Ауыл шаруашылығы аз түсiм әкелетiн қауiп-қатерi жоғары сала болып қалып отыр. Оның ЖIӨ-дегi үлесi шамамен 8,5 %-ды құрайды және де бұл көрсеткiштiң таяу арада өзгеретiнi байқалмайды, бiрiншi кезекте мынадай себептер бойынша: мұнай мен газдан түсетiн кiрiстiң өсуi, iшкi өткiзу рыногының шектеулілігі, сыртқы рыноктардың тұрақсыздығы және жоғары көлiк шығыстары мен ескiрген технологияларға байланысты ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бәсеке қабілетiнiң әлсiздiгi. Ауылда жұмыссыздық пен жұмыспен толық қамтылмау кең тараған, ауыл тұрғындарының кедейлiк деңгейi 38 %-ды құрайды (2001 жылғы нәтиже бойынша), соның салдарынан отбасылар ауылдық елдi мекендердi тастап, қалаға қоныс аударуда.
      4. 2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму  стратегиясы ауыл халқының тұрмыс деңгейiн жақсартуға және қала мен ауылдың арасындағы айырмашылықты төмендетуге бағытталған ұзақ мерзiмдi мақсатты көздейдi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi  стратегиялық даму жоспары Қазақстанның ЖIӨ-сiн екi есе арттыруға және ауыл шаруашылығы саласының бәсекелестік қабілетiнiң дамуына ықпал ету арқылы ауылдағы тұрмыс деңгейiнiң тұрақты түрде ұзақ мерзiмдi өсуiне бағытталған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк  бағдарламасы бәсекеге қабілетті өнiмдер шығаратын тиiмдi агроөнеркәсiптiк кешен қалыптастыру арқылы тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған.
      5. 2002 жылғы сәуiрде Қазақстан Республикасының Президентi 2003-2005 жылдар  Ауылды өркендету жылдары деп жариялады.  Жолдауда Қазақстан Республикасының Үкiметiне қаржылық-экономикалық, оның iшiнде нарықтық экономика жағдайында кiрiстi және жұмыспен қамтуды ұзақ мерзiмдi өсiру перспективасы бар ауылдарды дамытудың әлеуметтiк және ауыл шаруашылық саясатын жасау жөнiнде тапсырмалар бар. Мұндай аумақтарды дамыту, сондай-ақ экономикалық дамудың перспективасы шектеулi немесе экологиялық жағынан қолайсыз өңiрлерден көші-қон ағындарын тарту үшiн де көзделiп отыр. 2002 жылдың маусымында AШM ауылдық елдi мекендердiң даму стратегиясын әзiрлеуге жауапты болып белгiлендi.
      6. АДБ АШМ-ге 14 облыстың құрамындағы өсу әлеуетi әртүрлi және әлеуеттi iске асыруға кедергі болатын факторлары да әртүрлi 160 аудандарды топтастыру әдiснамасын дамытуды қолдау ретiнде ҚТК (1-сiлтеме) бердi. ҚTК-нi iске асыру табысты өтті және де АШМ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шілдедегi N 1149 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған  мемлекеттiк бағдарламасын (ААДМБ) дайындау кезiнде аудандар мен елді мекендерді одан әpі топтастыру үшін осы әдіснаманы қолданды.
      7. AШM 2002 жылғы желтоқсанда 81 демографиялық, экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық көрсеткiш бойынша деректер жинау мақсатында барлық 7 660 ауылдық елдi мекендердi паспорттауды жүргiздi. Әдiснама және елдi мекендердi даму әлеуетi жоғары, орташа, нашар және даму әлеуеті жоқ елдi мекендерге алғашқы жiктеу облыс және ауылдық елдi мекендер өкілдерiмен 2003 жылғы 27 ақпанда өткен кеңесте талқыланды. Ауылдық елді мекендердiң әлеуметтiк-экономикалық, инфрақұрылымдық және экологиялық проблемаларын шешу жөнiндегі шараларды анықтауда АШМ төменнен жоғары тәсiлін пайдаланды. Ұсынылатын iс-шаралар бағдарламалары аудандық және облыстық деңгейлерде жасалды әрi қаралды. АЕМ-дi жiктеу және ұсынылатын iс-шаралар бағдарламасы енген ААДМБ министрлiктер мен ведомстволардың қарауына 2003 жылғы 7 сәуiрде берілдi. ААДМБ-ны Қазақстан Республикасының Үкiметі 2003 жылғы маусымда 2004-2006 жылдарға арналған бюджетте 67,5 миллиард теңге (шамамен 450 миллион $) мөлшерiнде мақұлдады.
      8. ААДМБ-нан басқа Президенттiң 2003 жылғы 4 сәуiрдегi Қазақстан халқына  Жолдауында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгі мақсаты болып табылатын ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды өркендету мен дамытуға бағытталған басқа да бағдарламалары бар. Мұндай бағдарламалар қатарына Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389 қаулысымен бекiтілген Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған  бағдарламасы , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған  стратегиясы (ауыл шаруашылығы өнiмдерін қайта өңдеу бөлiгi); Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 наурыздағы N 296 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған  бағдарламасы ; Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 4 ақпандағы N 128 қаулысымен бекiтiлген "Ауыл мектебi" 2003-2005 жылдарға арналған  бағдарламасы ; Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен бекiтілген 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су"  салалық бағдарламасы және ұсынылып отырылған Жергiлiктi маңызы бар жолдарды дамыту бағдарламасы жатады. Оның үстіне бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру арқылы мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi деңгейiнде аумақтық даму мен тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету мәселелерiн шешудегi басқарудың жергілiктi органдарының өкілеттiгiн кеңейтумен мемлекеттiк басқарудың жүйесін жетілдiру жоспарлануда. Бюджеттiк саладағы билiктің әртүрлi деңгейлерi арасында өкілеттiктер мен жауапкершілiкті нақты ажырату, сондай-ақ демократияландыру мен орталықсыздандыру процесi шеңберiнде жергілiкті басқару органын одан әрi институционалдандыру және нығайту көзделуде.
      9. ААДМБ-ны, басқа да бағдарламаларды даярлау, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру Қазақстан Республикасының Yкiметiне ауылдық аумақтардың қажеттіктерін қарауға неғұрлым тұтастай келуiне мүмкiндiк бередi. Қолданыстағы бағдарламалардың тiгiнен интеграциясы және билiктің әртүрлi деңгейлерiндегi жаңа функциялармен, өкiлеттiктермен және жауапкершілікпен барлық бағдарламаларды бiрiктiретiн одан арғы деңгейлес интеграциясы тиiмдi интеграцияланған өңiрдiң дамуы үшiн перспективалар ашады. Жоспарлау жүйесiндегi және ведомствоаралық және бюджетаралық қатынастардағы өзгерiстер мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қызметiнде күрделiлене түсудiң неғұрлым жоғары деңгейiн тудырады, алайда ол сонымен қатар тиiмдi түрде iске асуы ұйымдық қайта құруларды қажет ететін өңiрлік және ауылдық жоспарлау үшін негіздi құрайды.
      10. Қазақстан Республикасының Үкiметi проблемалы ауылдық аумақтарға рыноктiк экономикаға енуге мүмкiндiк беретiн стратегиялар мен iс-шараларды ойдағыдай әзiрлеуге және оларды iске асыруға бағытталған маңызды бейiмделу бағдарламасын дайындауға кiрiсті. Мұндай бейiмделу процесi мыналарды көздейдi: халықтың кедей емес және кедей жіктерiнiң экономикалық өсуiн ынталандыру және тұрақты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету жөнiндегi экономикалық шаралар; перспективасы жоқ өңiрлерден басы артық еңбек ресурстарын тартатын жаңа жұмыс орындарын жасау арқылы аумақтардың даму әлеуетiне сәйкес ауыл халқын орналастыруға жәрдемдесу; және аумақтық даму қарқынына сәйкес перспективасы жоқ елдi мекендерде қалатын халықтың қажеттiктерiн қанағаттандыру мүмкiндiктерін қоса iздестiре отырып, соларға барабар және инновациялық-әлеуметтiк қызмет көрсетудi (денсаулық сақтау мен бiлiм бepу) ұсыну. Атап айтқанда iшкі көші-қон ағыны объектiсi болатын аумақтар үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi сандық және кеңiстiктi ауылдық орналасулар бойынша (ауылдық орналасудың ең тиiмдi үлгісi 3 ) ұсыныс әзiрлеудi жоспарлап отыр. Бұл жердi пайдаланудың тиiстi жоспарын жacaу, жеке және әлеуметтiк инфрақұрылымдағы тұрғындардың қажеттіктерiн анықтау, сондай-ақ өтпелi кезеңдегi әлеуметтік дамудың шаралары үшiн жасалады.
_____________________________
3 Бұл ұғым ААДМБ-да бар, алайда анық анықтауышы жоқ. Бiздiңше ол кең ұғымда ауылдық елдi мекендер мен тұрғындарды ұтымды немесе тиiмдi орналастыруды, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтiк құрылымдар мен тиісті сападағы қызмет көрсетудi қамтамасыз етудi бiлдiредi.

      11. Ауылдық аумақтарды өңiрлiк дамыту жүйесi осындай бейiмделу бағдарламасына қолдау көрсетедi және рыноктық жүйелердiң, қызмет көрсету жүйелерінiң және экологиялық жүйелердiң жеткiлiктi дәрежедегі кең өңiрлiк контекстегі бағдарламасы мен жобасын жасауға көмектеседi. Қазақстан Республикасының Үкiметі алға қойып отырған ауылдың экономикалық өркендеуi жөніндегі мақсаттарды түгелдей iске асыру үшін мынадай бастамаларды жедел жүзеге асыру қажет: (i) өңiрлiк жоспарлауда және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiруде әлеуеттер мен қажеттiктерге бағалау жүргiзу; (іі) аудандық және облыстық деңгейде өңiрлер мен ауылдық аумақтардың тиiстi даму жоспарларын жасау және (ііі) басымдықты мемлекеттiк инвестициялар мен әлеуетті жеке инвестицияларды анықтау. Инвестициядан барынша пайда түсiруге мүмкiндiк беретiн және ауылдық аумақтың әлеуетінің барынша өсуiне алып келетін жоспарлау әдiстерiн зерделеу үшiн бiр немесе бiрнеше облыста пилоттық негізде жұмыс жүргiзу қажет. Осы TК аясында болашақ инвестициялық жобаның нақты техникалық-экономикалық негiздемесi әзiрленетiн болады.

  III. Техникалық көмек

       А. Мақсат пен күтiлетiн нәтижелер

      12. Осы ТК-iң мақсаты облыстар мен аудандарға олардың өкілеттіктерi мен жауапкершілiктерiне сәйкес бiрiктірiлген шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн өңiрлiк даму мен инвестициялық пилоттық бағдарламасының техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындау болып табылады. Болжамды ТК 2004 жылы басталады деп күтілуде.
      13. Осы TК екi фазаға бөлiнедi, соның нәтижесiнде мынадай негiзгi құжаттар дайындалатын болады: I Фаза (3 ай) бағалау жүргізудi, өңiрлiк жоспарлау бойынша, бiрiншi кезекте облыстық және аудандық деңгейлерде ұсыныстар мен нұсқаулықтар дайындауды көздейдi. I Фазаға мыналар енедi: (i) интеграция және өңiрлiк дамудың республикалық жоспарларын нақтылау және өңiрлiк дамудың облыстық/аудандық жоспарларын дайындау кезiнде өңiрлiк даму жөнiндегi нұсқаулық; (іі) өңiрлiк және ауылдық жоспарлау саласында ұйымдық мүмкiндiктердi бағалау, оның iшiнде, мемлекеттiк саясат пен заңдарды, адам ресурстарын дамытудың ұйымдық аспектілерi мен қажеттілiктерін қоса мүмкiндiктерін күшейтуге қажеттілiктердi бағалау (бағалау мен негiзгi ұсыныстар құжат түрiнде берілетін болады); (iii) өңiрлiк жоспарлаудың оң халықаралық әдiстерi мен құралдарын бейімдеу, атап айтқанда, iшкi көшi-қон ағындарын болжамдау мен басқару және ауылдық елдi мекендердi үлгілеу және (iv) I фаза нәтижелерi бойынша республикалық семинардың есебi мен ұсыныстары және II фазадағы жоспарланған iс-шаралар мен жұмыс нәтижелерi бойынша шолу мен ұсыныстар.
      14. I фазаны ойдағыдай iске асырған жағдайда II фазадағы жұмыстар 5 ай ұзақтықпен АДБ-ның қаржыландыруы мүмкіндігі үшін өңiрлiк даму жоспарын дайындау және келiсiлген инвестициялық жобаны әзiрлеу кезiнде рәсiмдер мен жоспарлау әдiстерiн қолдануға шоғырланатын болады. II фазадағы жұмыс көлемiне мыналар кiретiн болады: (i) өңiрлiк жоспарлау әдiстерiн нақтылау арқылы оларды пилоттық облыстар мен аудандарда қолдану; (іі) негiзгi әлеуметтiк-экономикалық проблемалар мен әлеуеттi есепке ала отырып пилоттық облыстар мен аудандардың өңiрлiк даму жоспарын дайындау және мониторинг (индикаторлар мен мониторингтің механизмi) үшiн база жасау; (ііi) ауылдық аумақтарды дамытуға бөгет жасайтын негiзгі проблемаларды ұсынылып отырған инвестицияның қаржылық, институционалдық экологиялық және әлеуметтiк ықпалын есепке ала отырып еңсеру мақсатымен АДБ қаржыландыру мүмкiндігі үшiн инвестициялық жоба жасау және (iv) республикалық және жергiлiктi деңгейдегі барлық мүдделi тараптарға ұсынылып отырған Жобаның мақсатының, көлемiнiң және iске асыру тетiгiнiң бiртұтас түсінігін әзiрлеу.

       В. Iс-әрекеттердiң әдiснамасы мен негізгі бағыттары

      15. Осы TК iске асыру Үкiметтiң ААДМБ-ны әзiрлеу кезiнде пайдаланған төменнен жоғары қарай бiрлесе жоспарлау жөнiндегi рәсiмдiк көзқарастар мен бастамашылыққа негiзделетiн болады. Өңiрлiк жоспарлауға неғұрлым ықпалдастырылған көзқарасты қамтамасыз ету үшін тараптардың деңгейлес те, сатылас та қатысуы қарастырылатын болады. Деңгейлес қатысу TК Yйлестiру комитетi, техникалық жұмыс топтары, облыстық/аудандық деңгейлердегi жұмыс топтары, мүдделi тараптар қатысқан семинарлар мен барлық салалық және ауданаралық мүдделердi есепке алу үшiн жұртшылық өкiлдерi арқылы жүзеге асырылатын болады. Облыстық және аудандық мәслихаттарға ерекше рөл берiлетін болады, осыған байланысты олардың жұмысына ауылдық аумақтарды дамыту мүдделерiн қорғайтын және ауыл тұрғындарымен тiкелей жұмыс iстейтiн аралық топтар (үкiметтік емес ұйымдар мен басқа да қоғамдық бiрлестiктер сияқтылар) қатысатын болады. Салалас бiрiктiру АШМ қызметкерлерi мен пилоттық облыстар/аудандар мен жұртшылық өкілдерiнiң тығыз ынтымақтастығы мен үйлесiмдiлiгінің арқасында қамтамасыз етілетін болады. Өңiрлiк даму жоспарларын дайындау барлық тараптардың қатысуымен, жоспарлау мен талдаудың ауыл аумақтарының әлеуетін бiрлесiп бағалау және артықша қажеттілiктер мен iс-шараларды төменнен жоғары - елдi мекендерден республикалық органдарға дейiн қайта-қайта анықтап, белгілеу сияқты әдiстерi арқылы жүзеге асырылатын болады.
      16. I фазаның iс-шараларына мыналар кiредi: (i) ауыл шаруашылығы мен ауыл аумақтарының әртүрлi даму бағдарламаларына, саясаттар мен заңдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi органдарының өкiлеттіктерi мен жауапкершілiктеріне және тиiстi қаржылық өкiлеттiктерге байланысты республикалық зерттеулердi талдау. Бұл зерттеулерге iшкi көшi-қонды басқару мәселелерін реттейтiн заң шығарушы базаларды бағалаулар жатады; (іі) жоспарлаудың қолданыстағы жүйелерi мен рәсiмдерін талдау; (ііі) бiр немесе екi облысты iрiктеу өлшемiн және келiсiлген таңдауды әзiрлеу; (iv) қолда бар ұйымдық мүмкiндiктердi бағалау мен оларды нығайту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында облыстық және аудандық деңгейдегi қызметкерлерiмен кеңес және топтық кездесулер өткiзу; (v) өңiрлiк жоспарлау әдiстерiнiң республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі қызметкерлерi арасында тұсаукесерiн жасау және олардың жергілiкті жағдайда пайдаланылуы мен бейiмделу әдiстерiн талқылау; (vi) ТК Үйлестiру Кеңесi және АДБ-мен талқылау үшін қорытындылар мен ұсыныстар әзiрлеу және (vii) I фаза нәтижелерi және жоспарланған iс-шараларды талдау және II фаза нәтижелерiмен танысу мақсатында барлық мүдделі тараптар үшiн семинар өткiзу.
      17. II фазада жұмыстың мынадай түрлерiн орындау жоспарланған: (i) республикалық және пилоттық облыстар мен аудандардың жергілiкті органдарының тиiсті қызметкерлерiн өңiрлiк жоспарлау рәсiмдерi мен әдiстерiне үйрететін семинарлар арқылы базалық оқыту жүргiзiп, өңiрлiк жоспарларды әзiрлеу әдiстерiн бiртiндеп тәжiрибеде қолдану; (іі) өңiрлiк жоспарлар жасау барысында дайындалған өңiрлiк жоспарлау жөнiндегi нұсқаулықтарға түзетулер енгiзу; (ііі) сыртқы қаржыландыру үшiн басым жобаларды анықтау; (iv) техникалық жоба, қоршаған ортаның жағдайын талдау, қаржылық және экономикалық талдау, институционалды талдау, әлеуметтiк-экономикалық зерттеу енгізiлген, әлеуеттi бенефициарлардың кедейлiк деңгейінің бағасы, қажет болса,- тұрғындарды орналастыру жоспары енгiзiлген инвестициялық жоба жасау және (v) Жоба мен оны iске асыру тетiктерiн тиiстi министрлiктермен және ведомстволармен және TК Үйлестiру кеңесiмен өткен кеңестер, барлық мүдделi тараптар қатысқан семинарлар және республикалық қорытынды семинар барысында барлық мүдделi тараптармен келiсу.

       С. Құн және қаржыландыру

      18. Осы ТК жалпы сметалық құны $996.000 баламасын құрайды, мұның шетелдiк валютадағы шығындары - $506.200 және жергілікті валютадағы шығындары - $489.800 баламасы. АДБ шетелдiк валютадағы барлық шығындарды $677.000 баламасы және жергiлiктi валютадағы шығындарды қосқандағы $170.800 баламасын қаржыландырады. Қаржыландыру АДБ TК қаржыландыру бағдарламасы бөлген грант қаражатынан жүзеге асырылатын болады. Yкiмет жергiлiктi валютадағы шығындарды жабуға офистік үй-жай, деректер жинағы, қызметкерлердi ұйымдық демеу және еңбек үлесi түрiнде $319.000 баламасын бередi. Үкiмет үлесi ақша емес түрiнде берілетiн болады және ол АШМ мен мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының ағымдағы шығыстарына бөлiнген бюджеттік қаржыда өз көрiнiсiн тауып та үлгердi. Шығыстардың толық сметасы 2 қосымшада берiлген. І Фазадағы жұмыстарға сметалық құнның шамамен - 35 %, ал II Фазадағы жұмыстарға 65 % қарастырылған. ТК-тен кейiн Жобаны iске асыруға шамамен $50 миллион сома заем түседi деп күтілуде. Үкiмет осы ТК-ті мақұлдау АДБ тарапынан келесi Жобаны қаржыландыру туралы міндеттену емес екенiн хабардар еттi.

       D. Iске асыру тетiктерi

      19. AШM осы ТК бойынша атқарушы агенттік болып табылады. ТК-тiң iске асырылуын қадағалауды жүзеге асыру үшiн Ауыл шаруашылығы вице-министрiнің басшылығымен Үйлестiру комитетi құрылады, оның құрамына Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Индустрия және сауда министрлігі, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Білім және ғылым министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Статистика жөнiндегi агенттiк, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк, Көші-қон және демография жөнiндегi агенттік, Су ресурстары жөнiндегi агенттiк және, қажет болған жағдайда, - басқа да ведомстволар өкiлдерi кiредi. Үйлестiру комитетiнiң бақылауымен АШМ Ауылдық аумақтар iсi жөнiндегі комитетiнiң төрағасы басқаратын жұмыс тобы құрылатын болады. Бұл жұмыс тобының құрамына Үйлестiру комитетi құрамына кiретін республикалық ведомстволардың техникалық қызметкерлерi, сондай-ақ облыстық және аудандық өкілдер кiредi.
      20. Осы TК сегiз ай iшiнде екi кезеңде iске асырылатын болып жоспарланып отыр, онда да ТК-тiң басталуы 2004 жылғы үшiншi тоқсанға жоспарланып отыр. І фазаның ұзақтығы - үш айды, II фазанiкi - бес айды құрайды. ТК iске асыру үшiн мынадай мамандықтар бойынша халықаралық консультанттардың он екi адам/ай қызмет көрсетуi қажет: өңiрлiк жоспарлау жөнiндегi маман/Жоба жетекшiсi, институционалдық даму жөнiндегi маман, өңiр жөнiндегi экономист, экологиялық баға беру жөнiндегi маман, инженер-құрылысшы, қоныс аудару жөнiндегi ауылдық социолог/маман және қажет болған жағдайда басқа да мамандар. Сондай-ақ жергілiкті консультанттардың 40 адам/ай қызмет көрсетуi де қажет болады: институционалдық даму/жергілiкті мемлекеттік басқару жөнiндегi маман, ауылдық экономист, ауылдық социолог, экологиялық бағалауды жүргiзетiн маман, инженер-құрылысшы, агроном, мал шаруашылығы жөнiндегі маман және қажет болған жағдайда, басқа да мамандар. Техникалық тапсырмалар 3-қосымшада берiлген. Консультанттар Кiрiспе есеп, I фазаның аяқталуы туралы есеп, Аралық есеп, Қорытынды есеп жобасын (II фаза бойынша), Қорытынды есеп және негiзгi жұмыс құжаттарын беруге тиiс. Барлық консультанттар консалтингтiк компаниялар арқылы АДБ консультанттар тарту жөнiндегi нұсқауларына сәйкес жалданады. Фирма-консультанттарды iрiктеу кезiнде ұсыныстың сапасы мен құны (QCBS) негiзiнде iрiктеумен қоса оңайлатылған техникалық ұсыныс жасау рәсiмдерi пайдаланылатын болады. Осы TК шеңберiнде жабдықтарды сатып алу  Сатып алу жөнiндегi АДБ басшылығымен  сәйкес жүзеге асырылатын болады. TК-тiң кедейлiк деңгейiне және әлеуметтік жағдайға әсерiн алдын ала бағалау 4-қосымшада берiлдi.
      21. Қазақстан Республикасының Үкiметі мыналарды қамтамасыз етедi: (i) виза алу, кедендiк тазалау кезiнде және техникалық тапсырмалар қойып отырған мiндеттердi орындауға басқа да рұқсаттарды алу кезiнде консультанттарға әкiмшілiк қолдау көрсету; (іі) мемлекет ұйымдарында бар консультанттар жұмысына көмектесетiн барлық құжаттар мен ақпараттар; (ііі) қажетті жиһаздары бар сиымды офистік кеңсе; (iv) жергiлiктi байланыс құралдарын пайдалана алу және халықаралық жүйеге тiкелей шығу (халықаралық сөйлесу құнын консультант төлейдi) және (v) консультанттармен жұмыс үшін әріптес ұйымның қызметкерi.

  IV. Президенттің шешімі

      22. Президент, өзiне АДБ Директорлар кеңесi берген өкілеттігі шеңберiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметiне грант түрiнде Ауылдық аумақты өңiрлiк дамыту жобасын әзiрлеуге $677.000 баламасынан аспайтын Техникалық Көмек бөлудi мақұлдады, және осымен шешім қабылданғаны туралы АДБ Директорлар Кеңесiн хабардар етедi.

                                                        1-қосымша

                  Жобаның алдын ала құрылымы
___________________________________________________________________
  Қысқаша    | Тиімділік       |  Мониторинг    | Алғышарттар
  cипаттау   | көрсеткiштерi/  |  тетіктері     | және тәуекелдер
             | мақсаттар       |                |
_____________|_________________|________________|___________________
Мақсат         Кедейлiк шегiнде  Мониторинг        Елдегі және Жоба
               тұрып жатқан      деректері және    аймағындағы
Рынокқа        отбасылардың      жобаны бағалау.   тұрақты макро.
бағдарланған   санын азайту,                       экономика және
жаңа           ____%-ден         Жобаны аяқтау     қатынастары мен
экономикаға    ____% дейiн       туралы есеп.      саяси жағдайы.
ауылдық        ЖIӨ-ның өсуi
аумақтарды     орташа %.         Облыстар мен
бейiмдеу.                        аудандардың       Тұрғындардың
                                 мемлекеттік       тұрмыс жағдайы
               Ауыл              басқару органда.  төмендемеу үшін
               тұрғындарының     рының және        қоныс аудару
               негiзгi қызмет    Статистика жөнін. саясаты сақтықпен
               көрсетуге қол     дегі агенттіктің  жүзеге асырылады.
               жетімдiлігінiң    деректері
               жақсаруы.
___________________________________________________________________
Мiндеттер      Өңiрлердің        Жобаны әзiрлеу    Қазақстан
Облыстар мен   материалдық-      барысында         Республикасының
аудандарды     шикізат базасына  әзiрленетiн       Үкіметі өзінің
дамыту         негізделген       көрсеткiштер.     ауылдық аумақтар.
жоспарларын    облыстық және                       ды дамытуға және
олардың        аудандық дең.     Облыстар мен      нығайтуға бағыт.
жауапкершілігі гейдегі жоспар.   аудандардың       талған саясатын
мен өкiлеттiк. лау кезінде       мемлекеттiк       ұстанады және
теріне,        басшылықты        басқару           жергілікті
жоспарлаудың   қамтамасыз ету    органдарының      мемлекеттік
оңтайлы әдіс.  үшін өңірлік      және Статистика   басқару органдары
стерiн қолда.  жоспарлаудың      жөнiндегi         алдында бюджеттік
нуға сәйкес    жақсартылған      агенттiктiң       міндеттерін
әзiрлеу және   жүйесі.           деректерi.        орындайды.
iске acыpу.
               Негізгі тауарлар, Мониторинг
               басқадай          және жобаны
               инвестициялық     бағалау бойын.
               мүмкіндіктердің   ша деректер.
               нарық әлеуетiн    Жобаны іске
               және қызмет       асыру барысы
               көрсетудегi       туралы есеп
               қажеттіліктерді   беру.
               есепке ала
               отырып таңдап     Жобаны аяқтау 
               алынған өңiрлер.  туралы есеп
               дегi өңiрлiк      беру.
               жоспарлардың
               жақсартылған
               сапасы.

               Тараптардың
               қатысуымен
               өңiрлiк
               жоспарлаудың
               жақсартылған
               сапасы.

               Таңдап алынған
               өңiрлерде тұрақты
               инвестициялық
               жобалар
___________________________________________________________________

                                                        2-қосымша

Шығындар сметасы және қаржыландыру жоспары
($'000)

___________________________________________________________________
     Сипаттау                     | Шетелдiк |Жергiлiктi d |Шығындар
                                  | валюта   |валюта     |жиыны
__________________________________|__________|___________|_________
А. Азия даму банкiнiң
қаржыландыруы
1. Консультанттар
а. Еңбекақы және iссапар төлемi
    i. Халықаралық консультанттар     399.0      0,0      399.0
    іі. Жергiлiктi консультанттар     0,0        100,0    100,0
b. Халықаралық сапарлар              52,1       0,0      52,1
с. Жергілікті сапарлар               0,0        10,5     10,5
d. Есеп беру және байланыс           5,0        11,0     16,0
2. Жабдықтар а                         10,0       0,0      10,0
3. Оқыту және семинарлар             0,0        10,6     10,6
4. Зерттеулер b                        0,0        6,0      6,0
5. Әртүрлі әкiмшiлiк және
    ұйымдық шығындар с                  0,0        20,7     20,7
6. Келісiм-шарт туралы келiссөзге
    қатысу                            5,0        0,0      5,0
7. Күтпеген шығыстар                 35,1       12,0     47,1
     (А) бөлiмi бойынша барлығы       506,2     170,8    677,0

В. Үкiметтің қаржыландыруы
1. Офистік үй-жай, коммуналдық
    қызметтер мен жергiлiктi
    телефон байланысы                 0,0        77,0     77,0
2. Серiктес қызметкердің еңбек
    үлесi                             0,0        56,0     56,0
3. Облыстық, аудандық деңгейде
    жүргізiлетiн зерттеулер           0,0        135,0    135,0
4. Деректер мен жарияланымдар        0,0        35,0     35,0
5. Жоба аймағындағы көлiк            0,0        16,0     16,0
6. Күтпеген шығыстар                 0,0        0,0      0,0
     (В) бөлiмi бойынша барлығы       0,0       319,0    319,0
     Жиыны                              506,2     489,8    996,0
___________________________________________________________________

      Ескерту:     а 3 компьютер/принтер, көшіру аппараты, факс
                    және бағдарламалық қамтамасыз ету енеді.
                   b Әлеуметтік-экономикалық зерттеу және деректер
                    жинау.
                   с Офис үшін жиналатын материалдар, ауызша және
                    жазбаша аударма және хатшы қызметтерiнің
                    шығыстары.
                   d Сомалар доллар баламасында көрсетiлген, шығыстар
                    жергілікті валютада жасалынады.

      Көздерi: Азия даму банкiнің есептерi.

3-қосымша  

Техникалық тапсырма

      1. ТК-тi iске асыру үшiн мынадай (i) халықаралық консультанттардың қатысуы қажет болады (жақша ішінде адам/ай саны көрсетiлген): (а) өңiрлiк жоспарлау жөніндегi маман/жобаның жетекшiсi (7,0), (b) институционалдық даму жөнiндегi маман (3,0), (с) өңiр жөнiндегi экономист (2,0), (d) экологиялық бағалау жөнiндегi маман (2,0), (e) қоныс аудару жөнiндегi ауылдық социолог /маман (2,0), (f) бөлiнiп берiлмеген қызмет көрсетулер (3,0) мен (ІІ) жергілiктi консультанттар: (а) институционалдық даму/жергiлiкті мемлекеттiк басқару жөнiндегi маман (7,0), (b) ауылдық экономист (6,0), (с) ауылдық социолог (6,0), (d) экологиялық бағалау жөнiндегi маман (3,0), (e) инженер-құрылысшы (2,0), (f) агроном (1,5), (g) мал шаруашылығы жөнiндегi маман (1,5) және (h) бөлiнiп берiлмеген қызмет көрсетулер (13,0).
      2. Бөлiнiп берiлмеген адам/айлар TК-тi iске асыру сатысында, жобаның алдын ала құрылымын жоспарлау және әзiрлеу процесiне назар аударылғанда бөлiнедi. Қосымша қажеттіліктi керек ететiн мамандардың тiзбесiне мыналар кiредi: заңгер, инженер, қоныс аудару жөнiндегi маман, агробизнес жөнiндегi маман және кәсiпорынды дамыту жөнiндегi маман.

       А. I фазаның міндеттерiнің толық сипаттамасы

       1. Пилоттық жоба үшiн облысты(тарды) таңдап алу

      3. Бiр немесе екi облысты таңдап алу жұмыс тобымен келiсiлген және Yйлестіру комитеті мақұлдаған өлшемдерге негiзделедi. Ең төменгi өлшемге мыналар жатады: (i) ауыл шаруашылығы бағдары мен экономикалық дамудың орташа және жоғары әлеуетi; (іі) ТК шеңберiнде бiрлесе әзiрленген жоспарлау принциптерін ұстануға дайындық; және (ііі) ТК ресурстарын оңтайлы пайдалану мақсатында облыстардың географиялық жақындасуы (егер бір облыстан артық таңдап алынса).

       2. Өңiрлiк дамудың мемлекеттік негiзiн
          ықпалдастыру мен нақтылау

      4. Жоспарлау процесiнде облыстар мен аудандар басшылыққа алатын өңiрлiк жоспарлау негiздерiн неғұрлым сапалы анықтау үшін Үкiметтің саясаты мен стратегиясына және нормативтiк заңнамалық базасына толық шолу даярлау. Шолуға мынадай негiзгi құжаттар енуi керек: Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі  стратегиялық даму жоспары ; 2003-2005 жылдар Ауылды өркендету жылдары деп жарияланған 2002 жылдың сәуiрiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына  Жолдауы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған  мемлекеттiк бағдарламасы ; Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389 қаулысымен бекiтілген Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған  бағдарламасы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 1598 қаулысымен мақұлданған 2002-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы өңiрлiк саясатының  тұжырымдамасы мен АДБ N 3898-KAZ  "Ауылды дамытудың бiрлескен жоспары" 2003 жылдың 27 ақпанындағы ҚТК-нің есебi.
      5. Өңiрлік дамудың бiртұтас негiзiн анықтау және оны таңдап алынған облыста және аудандарда пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Үкiметімен келiсу.
      6. Облыстық және аудандық деңгейлердi қолданылатын өңiрлiк жоспарлау процесiн Үйлестіру комитетiмен, пилоттық облыс(тар) және аудандармен келiсу.

       3. Ауылдық аумақтардың дамуын және өңiрлiк жоспарлау
          жөнiндегі ұйымдық мүмкiндiктердi бағалау

      7. Олардың өкілеттiктерi мен жауапкершілiктерiн, сондай-ақ ауылдық аумақтардың өңiрлiк дамуының саясаты мен бағдарламаларын бiрлесе қалыптастыру тетiгін неғұрлым анықтап түсiну үшiн шешушi ведомстволардың, оның iшінде Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (АШМ), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiнiң (ЭБЖМ), Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң (Қоршағанортаминi), Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттіктiң және Су ресурстары жөнiндегi комитеттің саяси/құқықтық базасына, ұйымдық құрылымы мен қолдағы кадрлар ресурсына бағалау жүргiзу. Сонымен бiрге бұл ведомстволардың облыстық және аудандық деңгейде жоспарлау процесiнiң дербес немесе бiрлесiп, қалай жүргiзілiп жатқанын анықтау қажет. Мұндай бағалау шеңберiнде 2-тапсырмада (4-абзац) келтірiлген құжаттарға талдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы N 147 қаулысымен мақұлданған Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкілеттіктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру  тұжырымдамасына және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі N 357-І  Заңына , Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі  Бюджеттiк кодексiне және осы ведомстволардың құрылуы мен қызметiн реттейтiн басқада заңнамалық және нормативтiк құжаттарға талдау жүргізу қажет.
      8. Пилоттық облыс(тар) мен аудандардың тиiмдi өңiрлiк жоспарлау және басқару жөнiндегі әлеуетін көтерудегі олардың қажеттілiктерiне бағалау жүргiзу. Мұндай бағалауға мыналар енедi: облыстық және аудандық деңгейлердегі жоспарлауды жүзеге асыратын органдар құрылымы; елдi мекендердiң жерлерiн пайдалануда жоспарлаудың рәсiмдерi мен әдiстерi; орта мерзiмдi (3 жылдан 5 жылға дейiн) жоспарлаудың рәсiмдерi мен әдiстерi; кедей тұрғындарға әлеуметтік көмектi жоспарлау және көрсету; қоршаған орта жағдайын бағалау; әлеуметтік салаға ықпал етудi бағалау; тұрақты даму қағидаттарын қолдану; облыста(рда) және аудандарда қолданылатын үйлестiру механизмi; жобаны бағалау; жоспар мен жобаларды бағалау және мониторинг кезiнде қолданылатын көзқарастар; мемлекеттiк және жеке секторлар арасындағы серiктестік; ресурстар мен қаржыларды жұмылдыру; мүдделi органдар мен пайдаланушы топтардың қатысуы; үкіметтiк емес ұйымдар мен өзара қарым-қатынаспен ауылдық инфрақұрылымды пайдалану үшін төлем есебiнен шығынды толтыру. Бұдан басқа, осы бағалау барысында мүмкiншілiгiне қарай қоғамдық тауарлар мен қызмет көрсетулердi ұсынатын облыстар мен аудандардың жұмыстарының өндiрiстiк және ұйымдық тиiмділiгiн есепке алу.
      9. Мемлекеттiк ведомстволарды және пилоттық облысты(тарды) және аудандарды осындай бағалау негiзiнде ұйымдық дамудың 5 жылдық бағдарламасын жасау. Ұйымдық әлеуетті арттыру жөнiндегi алғашқы шаралар семинарлар өткiзу мен жұмыс орнында оқыту арқылы ТК-нi iске асыру барысында жүзеге асырылады.

       4. Өңiрлiк жоспарлау құралдарының бейiмделуi

      10. Республикалық және пилоттық өңiрдегi облыстық және аудандық органдардың ұйымдық құрылымын бағалау негiзінде консультанттар Қазақстанға неғұрлым қолайлы өңiрлiк және ауылдық дамытуды жоспарлаудың танылған әдiстерiн ұсынады. Атап айтқанда консультант:
      (i) жоспарлау процесi мен өңiрлiк жоспарларды дайындау сапасын жақсарта алатын нұсқаулықтарды, өлшемдердi және басқа да құралдарды әзiрлейдi/бейiмдейдi және
      (іі) республикалық, облыстық және аудандық деңгейде жоспарлау жөнiндегі мамандар үшін, яғни оларды осы құралдарды пайдалануға үйретуге және оларды пайдалануға бейiмдеуге үйрету мақсатында оқытулар мен семинарлар ұйымдастырады.
      11. Бұл құралдар көшi-қон ағындарын болжамдау және басқару құралдарын енгiзетiн болады: мысалы, басқа өңiрлерден әлеуметтiк салаларға жұмыс күштерiнiң ағылып келуiне ықпал етудi бағалау құралдары, жұмыс күштерiнiң қоныс аударуын және ауылдық елдi мекендердi дамытуды үлгілеудi көтермелеу тетіктepi.

       5. I фаза бойынша есеп және республикалық семинар

      12. 1-4 тапсырмалар шеңберiнде жасалған қорытындылармен және ұсыныстармен, және II фазада iске асыруға ұсынылған шаралар мен нәтижелердiң бағасымен қоса ағылшын және орыс тiлдерiнде есеп әзiрлеу. Eceпті ауылдық аумақты дамытуды өңiрлiк жоспарлау мәселелерi жөнiндегi республикалық семинарға қатысушылар арасында тарату. Семинарға қатысушылардың арасында ведомстволық ұйымдардың, атқарушы билiктiң жергілікті органдарының, донорлар, үкiметтiк емес ұйымдар мен ғылыми мекемелердiң өкiлдерi болуға тиiс. Талқылау нәтижелерi бойынша материалдарды дайындап, оларды барлық қатысушылар арасында тарату.
      13. II фаза бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiмен және АДБ келiсу үшін толық iс-шаралар жоспарын дайындау.

       С. II фаза тапсырмаларының толық сипаттамасы

       1. Өңiрлiк жоспарлау құралдарының сапасын оларды
          пилоттық облыс(тар) мен аудандарда қолдану
          арқылы көтеру

      14. Облыстық және аудандық өңiрлiк жоспарларды дайындау жөнiндегi оқыту мен құралдарды қолдану барысында алынған пiкiрлер негiзiнде жоспарлау құралдарын түзету және, мүмкiндігіне қарай, оларды қолдану жөнiнде нұсқаулықтар дайындау.

       2. Пилоттық облыс(тар) мен аудандар үшін өңірлік
          жоспарлау жобасы

      15. I фазада келiсiлген өңiрлiк дамудың мемлекеттiк жүйесiнiң, жоспарлау процесiнің және институционалдық бағалаудың, Ауылдық аумақтарды дамытудың  мемлекеттiк бағдарламасында қарастырылған аудандарды топтастырудың және ұсынылып отырған шаралардың негiзiнде ұзақ мерзiмдi даму мен өңiрлiк даму стратегиясының көрiнiсiн қалыптастыру мақсатында облыстық және аудандық деңгейде семинарлар өткiзу. Облыстық/аудандық деңгейдегі мұқият жоспарлау процесi туралы келiсiмдерге қол жеткiзу.
      16. Толық мәлiметтер, күштi, әлсiз тараптардың талдамасын, мүмкіндiктер мен тәуекелшіліктердi жинауды жүргiзiп және өңiрлiк мүмкiндiктер мен қажеттiктердi ұғуға бағытталған жоспарлаудың басқа әдiстерiн пайдалану. Бұл жұмыс ұжымдық сипатта болып және болжамды бенефициарлар мен басқа да мүдделi тараптардың қатысуын қарастырады. Көрiнiске және өңiрлiк даму стратегиясына сәйкес келетiн жобаларды бiрдейлестіру бұл жұмыстың шырқау шегі болмақ. Бұл жобалар ықпалдастыру мен олардың көлемдерiнің нақты өзара байланысын, қай салаға жататындығын және қаржыландыру мерзiмi мен көздерiн көрсете отырып, өңiрлiк даму жоспарының негiзіне жатады. Кейбiр жобалар аудандар мен облыстардың әкiмшілiк шекарасының шегiнен шығып кетуi мүмкiн.
      17. ААДМБ әзiрлеу үшiн ауылдық елдi мекендердi паспорттау кезiнде пайдаланылған өлшемдер жиынтығына негiздей отырып, мемлекеттік басқарудың әртүрлi деңгейлерiнде пайдалануға келетiн мониторинг жүйесiн жасау.

       3. Инвестициялық жобаны әзiрлеу

      18. Өңірлiк жоспарларды әзiрлеумен және жобаларды сәйкестендiрумен қоса толық техникалық-экономикалық негiздеменi дайындау және АДБ қаржыландыруы үшiн инвестициялық жобаны жасау. Бұл көптеген компоненттермен бiр инвестициялық жоба немесе iске асыруы 5 жылдық мерзiмімен көп салалы жоба болуы мүмкiн.
      19. Инвестициялық жобада негiзгi назар жоспарлау процесiнде анықталған шешушi басымдықтарға шоғырлануы керек. Жоба өзiне ауыл шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететiн және әлеуметтiк қызмет көрсетуге қол жеткiзудi көтеретiн ауылдық инфрақұрылымдар компонентiн; ауыл шаруашылық қызметтер көрсету және агробизнес, әсiресе жекеменшiк кәсiпорындар компонентiн; сондай-ақ мемлекеттiк басқарудың республикалық, облыстық және аудандық органдары мен жергiлiктi қоғамдық ұйымдардың институционалдық дамуы мен ұйымдық әлеует компоненттерiн енгiзе алады.
      20. Жобаны әзiрлеу кезiнде консультанттар мынадай талаптарды орындайды:
      21.  Тараптардың қатысуын қарастыратын көзқарас.  Консультант өңiрлiк жоспарлау процесiмен қоса жобаны анықтауға, әзiрлеуге және iске асыруға республикалықтан бастап жергілiкті деңгейге дейінгi барлық мүдделi органдардың қатысуын қамтамасыз етедi. Қатысудың тереңдiгi мен ауқымы бенефициарлардың, республикалық және жергілiктi ведомстволардың консенсусқа қолы жетiп, жобаны әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi мiндеттемелердi өзiне алуы және, қажет болған жағдайда, пайдалану мен қызмет көрсетудi және шығындардың орнын толтыруды өзiне алуы үшiн жеткілiктi болуы қажет.
      22.  Жобаның құрылымы: Жобаның құрылымы II фазадағы Жобаны дайындау барысында бiртiндеп жасалады. Бұл процесс проблемаға талдау жасаудан бастап, мақсаттары, тапсырмалары, нәтижелерi мен iс-шаралары келiсiлген, тиiмділiк көрсеткiштерiмен, мақсатымен, мониторингтің тиесілi тетiктерiмен, негізгi тәуекелділiгі және рұқсат етілуiмен қоса жобаның толық құрылымының жасалуына дейiн кезең-кезеңiмен жүзеге асырылуға тиiс. Жобаның құрылымы Жобаны әзiрлеудiң құралы ретiнде пайдаланылатын болады.
      23.  Әлеуметтік бағалау. Осы жобаның ықпал ету аясында қалатын бенефициарлар мен топтарды анықтау және  Жобадағы әлеуметтiк қырларды есепке алу жөнiндегi АДБ-нiң нұсқаулығына сәйкес алғашқы әлеуметтік бағалау жүргiзу. Жобадағы бенефициарлардың бейнесiн жасау үшiн әлеуметтiк-экономикалық талдауға айрықша назар аудару қажет, оның iшiнде, еркектер мен әйелдердiң демографиялық, экономикалық және де, егер мүмкiн болса, әлеуметтiк мәлiметтердегi, сондай-ақ кедейлiк, тұрғындардың әлсiз топтары, есепке шығындардың орнын толтыруға қабілеттi және дайын тұрғындар және Жобаға кез келген күтілген терiс әсердi төмендету жөнiндегі мәлiметтердегi қарым-қатынастарын анықтау.
      24. Әлеуметтiк бағалау барысында пилоттық облыстар мен аудандардың экологиялық қауiптi немесе даму әлеуетi әлсiз елдi мекендерден ерiктi түрде болатын қоныс аудару жайына талдау жүргiзу. Мұндай қоныс аударулардың орны мен маңызына, олардың жоба таңдап алған аймақпен мүмкiн болатын байланыстарына бағалау жүргiзу және қоныс аудару жоспарын жасаудағы қажеттілiктердi бағалау. Былайша талдау және қоныс аудару жоспарын әзiрлеу, егер оларда қажеттiлiк туындаса,  Қоныс аудару жөнiндегi АДБ нұсқаулығы: Жалпыға бiрдей тәжiрибе жөнiндегi басшылыққа сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
      25.  Қоршаған ортаның жағдайын бағалау: Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу және экологиялық талдау жүргiзу рәсiмдерi жөнiндегi АДБ талаптарына сәйкес, сондай-ақ Үкiметтiң қоршаған ортаны қорғауға қатысты талаптарына сәйкес Жобаның қоршаған ортаға әсерiн алдын ала (ҚОӘАБ) және жинақтап бағалауды (ҚОӘБ) әзiрлеу. ҚОӘАБ мен ҚОӘБ құрамында қоршаған ортаға мүмкiн болатын әсер етудің барлығы (оң және терiс) және терiс әсер етудi төмендету жөнiндегi шаралар, мониторингке қойылатын талаптар, қаржыландырудағы қажеттілiктер мен жүзеге асыру тетiктерi анықталатын болады. Қоршаған ортаға әсер етудiң неғұрлым толық бағалауы қажет болатын болса, консультанттар тиiсті техникалық тапсырмалар әзiрлеп, АБД және Үкiмет талаптарына сәйкес Жобаның қоршаған ортаға әсерiн алдын ала және жинақтап бағалау жүргiзедi.
      26.  Шығындар сметасы және қаржыландыру жоспары. Costab бағдарламасын пайдалану арқылы, инвестицияның тиiсті санатын, ағымдағы шығындарды, алдын ала жарнаманы, мiндеттеме үшiн комиссиялық төлемдер және құрылыс барысындағы пайыздарды қоса егжей-тегжейлi шығындар сметасын дайындау. Шығындарға шетелдiк валюта (тiкелей және жанама) және жергілiктi валюта, сондай-ақ заттай және бағалық мазмұндағы күтпеген шығыстар енедi. Жергілiктi валютадағы шығындарға жеке анықталатын салықтар мен баж салығы енедi. Үкiмет, АДБ, жеке меншiк секторы және бенефициарлардың қатысуымен қаржыландыру жоспарын дайындау.
      27.  Iске асыру тетiгi. Атқарушы агенттіктің және жобаны iске асыруға жауапты агенттiктiң мүмкiндiктерiн зерделеу және атқарушы агенттiктiң және Жобаны iске асыруға және үйлестiрiп отыруға жауапты агенттiктiң нұсқауларымен қоса, Жобаның iске асыру тетiгiн сипаттау. АДБ басшылығына сәйкес жобаны iске асыру және құрылыс жұмыстарына сатып алу пакеттерінің кестесiн, құрал-жабдықтар мен көрсетілетін қызметтердi дайындау.
      28. Жобаны iске асыруға қолдау көрсететiн шетелдiк және жергілiктi консультанттар үшін техникалық тапсырмалар әзiрлеу.
      29. Жобаның құрылымы негiзiнде Жобаны iске асыруға жауапты атқарушы агенттiк және ведомство мүмкiндiктерi шеңберiнде Жоба тиiмділiгiнiң мониторинг жүйесiн дайындау.
      30.  Қаржылық-экономикалық талдау. Жобаны iске асыруға қатысатын ведомстволардағы қаржылық есеп беру мен қаржылық басқару жүйелерiне бағалау жүргiзу. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен АДБ-ден ақша қаражаттарының қозғалысы, бухгалтерлiк есеп және қаржыны басқару, келiсiм-шарттар жөнінде ұсыныс беру.
      31.  АДБ жобалардың экономикалық талдауы жөнiндегi нұсқауына сәйкес жобаға қатысушы ұйымдар үшiн Жоба компоненттерiне және тұтастай алғандағы бүкіл Жобаға қаржылық-экономикалық талдау жасау және жобаның өзгермелi шығыстары мен оны жүзеге асырудың салдарына бағалау жүргiзу. Бұл талдауға сезімталдық/тәуекелшілiктi, алынған пайдаларды бөлудi талдау және кедейшiлiк деңгейiне ықпал етудi бағалау енуге тиiс.

       4. II фаза бойынша есеп беру және республикалық
          семинар өткiзу

      32. 1-3 тапсырмалар шеңберінде дайындалған қорытындылар және
ұсыныстармен ағылшын және орыс тілдерiнде есеп әзiрлеу. Есепті өңiрлiк және ауылдық дамуды жоспарлау жөнiндегi екiншi республикалық семинарға шақырылған мүдделi органдар арасында тарату. Талқылауға қатысушылар арасында ведомстволық органдар, жергілiкті атқарушы органдар, донор ұйымдар, үкiметтік емес ұйымдар мен ғылыми мекемелер өкiлдерi болуға тиiс. Семинар алынған сабақтарды, өңiрлiк жоспарлаудың ұсынылған құралдар жиынтығын және алынған сабақтарды игеру мен құралдарды қолдану тетiктерiн қарауға тиiс. Семинар қорытындылары туралы материалдар әзiрлеп, оларды барлық қатысушылар арасында тарату.

        D. Есеп беруге қойылатын талаптар және үш жақты
           кездесулер

      33. ТК I фаза мен II фаза арасында I фазаны Қазақстан Республикасының Үкiметі мен АДБ зерделеу және II фазада жоспарланған нәтижелер мен шараларды қарау үшін бiр ай үзілiспен 8 ай iшiнде жүзеге асырылады деп күтіледi. Консультант мынадай есептердi әзiрлейдi:
      (i) Төрт апта өткеннен кейiн  Кiрiспе есеп . Кiрiспе есепке келiсiлген өлшемдер мен бiр немесе екi пилоттық облысты таңдап алу, өңiрлiк дамудың мемлекеттік жүйесін алдын ала талдау нәтижелерi бойынша қорытындылар мен I фазаның қалған кезеңiне арналған жұмыс жоспары енуге тиiс. Үшiншi аптада үш жақты кеңес өткiзілетін болады.
      (іі) I фаза аяғында өтетін бiрiншi республикалық семинарға қарай 11 апта өткеннен кейiн  I фаза бойынша есеп . Бұл есеп 12 параграфта қарастырылған талаптарға сәйкес құрастырылуға тиiс. II фазаны iске асырудан бұрын үш жақты кездесу өткiзіледi.
      (ііі) 20 апта өткеннен кейiн  Аралық есеп . Аралық есеп өңiрлiк жоспарлар мен жобаны жасауға әзiрлiк барысы туралы ақпаратты қамтуы тиiс. Есепке өңiрлiк жоспарлардың жалпы сипаты мен жобаның құрылымы, оның iшiнде, жобаның аясы, қоршаған ортаны бағалаумен және қоныс аударумен ерекше байланысты шешiмдердi қажет ететiн шешушi проблемалар енгізілуге тиiс. 22-шi аптада үш жақты кездесу өткiзілетiн болады.
      (iv) 28 апта өткеннен кейiн  Қорытынды есеп жобасы. Есепте өңiрлiк жоспарлардың жобалары мен 19-32 параграфтарда қарастырылған барлық қырларды қамтыған Жобаның толық сипаттамасы берілетін болады. 32 аптада үш жақты кездесу өткізіледі.
      (v)  Қорытынды есеп үш жақты кездесуден және мүдделi органдардан ескертулер алғаннан кейін әзiрленедi.
      34. Барлық есептер ағылшын және орыс тілдерінде әзiрленуге тиiс. Есептiң ағылшын тілiндегi бес көшiрмесi - АДБ-ге және ағылшын тiлiндегi екi және орыс тіліндегi бес көшірмесi Қазақстан Республикасының Үкiметіне жiберіледi. Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Үкiметі мен АДБ-не Жобаның барлық негiзгi жұмысшы құжаттары әзiрленiп, жiберілетін болады.

4-қосымша  

Кедейшілік пен әлеуметтік жағдайдың алғашқы
талдауының жиынтық сипаты

       А. Елдегi кедейшiлiк жағдайын талдаумен байланыс
___________________________________________________________________
Осы саланың дамуы          | Осы саланың дамуы Кедейшіліктi
елімiздегі кедейшiлiк      | төмендету жөніндегi әріптестік туралы
жағдайын талдау кезiнде    |  келiсiм (КТӘК) бойынша мемлекеттік
мемлекеттік басымдықтар    | басымдылық қатарына жатқызылған ба?
қатарына жата ма?          |
                           |
Иә.                        | Иә, 2003 жылдың 24 маусымында қол
                           | қойылған КТӘК-ге сәйкес жатқызылған.
___________________________________________________________________
Саланың Қазақстандағы кедейшiлiктi төмендетуге ықпалы.

Жалпы iшкi өнiмдегi (ЖIӨ) ауыл шаруашылығы үлесiнің 1993 жылғы 16,3 пайыздан 2001 жылы 9 пайыз болып күрт түсіп кеткенiне қарамастан, елдегі тұрғындардың едәуiр пайызы әлі де болса ауылдық жерлерде тұрып жатыр. 1990 жылы 42 пайыз болған ауыл тұрғындарының үлесi 2001 жылы 44 пайызға дейiн өстi. Кедейлiк статистикасы да қалаға қарағанда ауылда жоғары. 2001 жылы ауылдағы кедей тұрғындар 38% болса, қалада 20%, ал республикалық деңгейде 28,4% болды. Сол жылы ресми жұмыссыздық қалаға қарағанда (8%) ауылда (12,6%) едәуір жоғары болды. Кедейлiктiң ең жоғары процентi Маңғыстау, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан және Атырау облыстарында тіркелді. Маңғыстау мен Атырау облыстары - бұлар 2000 жылы мұнай мен газ өндiруге байланысты өңiрдi тұтастай алғанда және тұрғындардың әр адамына шаққанда ең жоғары ЖIӨ тiркелген елiмiздiң екi облысы, соған қарамастан, бұл өңiрлердің тұрғындарының жартысынан астамының кiрiсi әлеуметтiк көмектің төменгi деңгейiнен де төмен болды. Оның үстiне бұл облыстарда 10% ең бай отбасы және 10% ең кедей отбасы арасындағы кiрiстің барынша ала-құла бөлiнуi байқалды, және де кедейлердiң көпшiлiгi ауылдық жерлерде тұрады. Бұл екi облыстардағы барған сайын қиындап бара жатқан ауыз судың тапшылығы сумен тарайтын аурулардың өсуiне алып келдi. Маңғыстау облысында республика бойынша балалар мен әйелдердiң өлiмi және құрт ауруының, сондай-ақ жұқпалы және паразиттік аурулардың ең жоғары деңгейi тiркелген. Маңғыстау және Атырау облыстарындағы жағдай тек оң үрдiстегi өсу ғана емес, оның толыққандылығын қамтамасыз ететiн сипаты мен көздерi де сондай маңызды екендігін көрсетедi. Ең төмен ЖIӨ тiркелген және елдегі кедей тұрғындардың жартысынан астамы тұратын Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да шетiн жағдай қалыптасқан. Бұл 4 облыстың тұрғындары ауыл экономикасына түгелдей дерлiк тәуелдi. Жердің бос қалуы Оңтүстiк Қазақстан мен Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылығы егiстерiне терiс әсер етiп үлгердi. Экологиялық проблемалар мен ауыз судың тапшылығы балалар өлiмi мен құрт аурудың, сондай-ақ жұқпалы және паразиттiк аурулардың жоғары деңгейi тiркелiп отырған Қызылорда облысының кедейлiгiн одан әрi өршiтiп отыр.
___________________________________________________________________

       В. Кедейшіліктi талдау
       Ұсынылған топтау: Басқадай/экономикалық өсу
___________________________________________________________________
Қандай кедейшiлiктi талдау қажет? Қазақстан - аумағы байтақ ел, ол облыстардың экономикалық, топографиялық, әлеуметтiк-мәдени және экономикалық айырмашылықтарынан анық көрiнедi. Ауыл аумағының шоғырланған стратегиясын жасау үшiн облыстар мен аудандардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайларының ерекшелiктерiн зерттеу қажет. Алдында айтып өтілгендей, кедейшiлiк географиямен анықталады және оның көрінiстерi көп, яғни кедейшілiк табыс деңгейiне де, басқадай факторларға да тәуелдi. Кең көлемдi көзқарастарға негізделген және кедей тұрғындардың кiрiстерiнің өсуiне бағытталған араласудың тиiсті әдiстерiн анықтау үшiн кедейшілiктiң кiрiстерi мен басқадай индикаторларын, кедейшілiк пен экология, сондай-ақ, кедейшілiк пен гендерлік мәселелер арасындағы байланыстарды зерттей отырып, берi салғанда облыстар мен аудандар деңгейiндегi кедейшіліктің бөлшектелген талдауын жүргiзу қажет.
___________________________________________________________________

       С. Қатысу процесi
___________________________________________________________________
Негізгі қатысушылардың талдауы: Өңiрлiк жоспарлау процесiнде және инвестициялық жобаны әзiрлеу кезiнде басым қажеттілiктердi сәйкестендiру және оларды қанағаттандыру бойынша қажетті шараларды жасау мақсатында проблемаларды талдау және негiзгi қатысушылар арасында жобаның пайдаларын бөлiсу жүргiзіледi. Мүдделi талаптардың қатысуы мен тұрғындардың, оның iшiнде кедей ауыл тұрғындарының қатысу дәрежесiн барынша арттыратын өңiрлiк жоспарларды әзiрлеу мен жасауға және инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ұжымдық көзқарас жасалады.
___________________________________________________________________

       D. Мүмкiн болатын проблемалық мәселелер
___________________________________________________________________
        | Маңызды/      |  Мәселелердi шешу    |Қажеттi iс-әрекет
        | Маңызсыз/     |  стратегиясы         |
        | Анықталмаған/ |                      |
        | Проблема жоқ  |                      |
________|_______________|______________________|___________________
Қоныс     Анықталмаған   Қажеттi қоныс аудару  Қоныс аудару
аудару                   дәрежесi осы          кезiндегі талаптар,
                         инвестициялық         қажет кезiнде, АДБ-
                         жобадан тiкелей       ның қоныс аудару
                         пайда алатын          жөнiндегi 
                         аудандар мен елдi     нұсқаулығына: оң
                         мекендерге тәуелдi    тәжiрибе бойынша
                         болады.               басшылыққа сәйкес
                         Қазақстанның          қанағаттандырылатын
                         ауылдық аудандарын.   болады.
                         дағы тұрғындардың
                         тығыздылығының
                         жоғары еместiгiне
                         қарағанда қоныс
                         аудару көлемi
                         мардымсыз болуы
                         мүмкiн, ал қоныс
                         аудару қажеттілiгi
                         аз болады. Алайда
                         бұл мәселе II фазада
                         мұқият қаралады.
___________________________________________________________________
Гендерлік  Анықталмаған  I фазада қаралған     Гендерлiк теңсiздiк
теңсiздiк                өтпелi кезеңдегi      мәселелерi Жоба
                         еңбекақыға және       аясында зерттелетін
                         жұмысқа тартылуға     болады.
                         қатысты гендерлiк
                         теңсiздiктің өсуi,    Қажет кезiнде
                         ауыл шаруашылығын     мониторинг бойынша
                         қоса алғанда, ауыл    нақты шаралар өткізі.
                         экономикасының кез    ліп, әйелдерге жоба
                         келген секторында     аясында еркектер
                         байқалуы мүмкiндігін  мен бiрдей жұмыс
                         жекелеген дәлелдер    және еңбекақы алу
                         көрсетiп бердi.       құқығын қамтамасыз
                                               ететiн уағдаластық.
                                               тарға қол
                                               жеткізiледі.
___________________________________________________________________
Қаржыға   Әлеуеттi       Инвестициялық         Шығындарды жабуға
қол       маңызды        жобаның кейбiр        қол жеткiзе алатын
жеткізу                  элементтерi қызмет    тарифтердi енгiзудi
                         көрсету тарифтерінiң  қамтамасыз eту үшін
                         өсуін, инфрақұрылым.  бенефициарлар мен
                         дарды пайдалану мен   мемлекеттік басқару.
                         оларға қызмет көрсету дың жергілікті
                         де бенефициарлардың   органдары мен және
                         шығыстарының жоғар.   Табиғи монополияны
                         лауын қажет eтеді.    реттеу және
                                               бәсекелесті қорғау
                                               жөнiндегi агенттікпен
                                               диалог қажет.
___________________________________________________________________
Жұмыс     Маңызсыз       Едәуiр көлемдегi      Атқарушы билiктiң
күштері                  жұмыс орнын құру      жергілiктi органдары
                         инвестициялық         еңбек ресурстарын
                         шаралар сипатына      басқарудың әдістерін
                         тәуелдi болады.       қолдануды қамтамасыз
                         Атқарушы билiктiң     ету үшін кәсіпорын.
                         жергілiктi органдары  дарды бақылауы қажет.
                         реттеу мен мониторинг
                         қолдануды қамтамасыз
                         ету үшiн, кәсiпорында
                         жұмысшыларды жалдау.
                         дың әдiл тәжiрибесiн
                         және еңбек ресурста.
                         рын басқару әдiстерiн
                         қолдануды қамтамасыз
                         ету үшін кәсiпорын.
                         дарға бақылау
                         орнатуға тиiс.
___________________________________________________________________
Этникалық Проблемалар    Қазақстанның
топтар    жоқ            ауылдық өңiрлерінде
                         тiркелмеген шағын
                         этникалық топтар
                         жоқ
___________________________________________________________________
Басқадай  Проблемалар    Белгіленбедi
тәуекел.  жоқ
дер/
Әлсiздiк.
тер
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады