Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қазандағы N 1016 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 860 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 860 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 тамыздағы N 932 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 23, 311-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесi;";

      көрсетiлген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөніндегi кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесiмен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 қазандағы
N 1016 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 21 шілдедегі
N 932 қаулысымен
бекітілген

Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс
саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгілеу ережесi

      1. Радиожиілiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн бiр жолғы төлем (бұдан әрi - бiр жолғы төлем) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс саласындағы уәкілеттi орган өткiзетiн конкурс (аукцион) қорытындылары бойынша анықталады.

      2. Радиожиілiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиілiк спектрiнiң номиналдары) үшін бастапқы бағаны конкурс (аукцион) өткiзу жөнiндегi комиссия анықтайды, бiрақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн радиобайланыстың тиiстi түрiнiң радиожиілiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетін төлемнiң жылдық ставкасынан кем болмауы керек.

      3. Конкурс өткiзiлетiн жағдайда бiр жолғы төлем бастапқы бағаны құрайды.

      4. Аукцион өткiзiлген кезде бiр жолғы төлемнiң мөлшерi байланыс саласындағы уәкілеттi орган бөлген, радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарына қатысушы ұсынған неғұрлым жоғары баға негiзiнде анықталады.

      5. Бiр жолғы төлемдi конкурс (аукцион) жеңiмпазы қорытынды шешiм шығарылғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушiнiң тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттік бюджетке төлейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады